Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


маңғыш+лақ деп беруі ойға қонымды. Бірақ оны қыстау



Pdf көрінісі
бет108/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

маңғыш+лақ деп беруі ойға қонымды. Бірақ оны қыстау, 
жайлау сөздерімен бірдей жасалған деп қарауға болмайды, 
өйткені бүлар қыс+та+у, жай+ла+у жолымен жасалған. Ал 
Маңғыстау атауындағы -лақ//тақ - бүтін бір жұрнак. Сөздің 
түбірі маңғыш//маңғыс//мангус болып келетін ертедегі ми- 
фологиялық айдаһар аты және жылан біткенге оқтай тиіп 
қырып жіберетін мангуста жыртқыш аңы осы күнге шейін 
көптеген елдерде бар екені белгі лі. Д. Ушаков сөздігінде мангуста 
сөзіне бұл үндінің сөзі, мағынасы «небольшее хищное длинно­
телое животное тропических стран» деген түсінік берілген 
(Толковый словарь русского языка. Под редакцией проф. Д.Н. 
Ушакова, М., 1938, том II, стр. 137). В. Даль сөздігінде мангут 
сөзі сібір тілдеріндегі «жанат» (енот) деп түсіндіріледі (Толко­
вый словарь. Том II, М., 1955, стр. 296). Қазіргі монгол тілінде 
мангас - жалмауыз деген сөз (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монголша- 
қазақша сөздік. Уланбатор, 1954, 111 беті). Сөздің түбірі осы 
«айдаһар, жыртқыш аң» мағынасындағы жануар атымен тыгыз 
байланысты. Ал атаудың -лақ бөлімі көне түркі тілдерінде туын- 
ды сын есім жасайтын жүрнақ болған. Бүл жүрнақ қазіргі қазақ 
тілінде тастақ, қүмдақ, саздак деген сөздерде сақталған. Осы 
сөздер тасты, қүмды, сазды деген формаларда да кездеседі. 
Ендеше -ты//ті, -лы// //лі, -ды//ді жүрнақтарының ең көне фор- 
масы -лақ. Бүдан -лақ//лек, -тақ//тек, -дық//дік фонетикалық 
варианттары, бүдан мекенді білдіретін -лық//лік, -дық//дік, 
-тық// //тік жұрнақтары варианттарға бөлінген.
Бүл формалардың түбірі -лақ екендігіне екі - үш дәлел 
келтіруге болады: 1) М.Қашқари еңбегінде -лақ//лағ форма- 
сы арқылы түрлақ (арық, түралаган), ағлақ (аулақ, бос жер),


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет