Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


ретіндегі ең; көне түрі қүбаң/Уқүбан



Pdf көрінісі
бет105/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

148


ретіндегі ең; көне түрі қүбаң/Уқүбан болса керек. Сондықтан 
да кыпшақтардың ескі грек нұсқаларындағы түрі кубан-куман. 
Бұндағы ң/н жұрнағы қараң-қараң етті, қараңғы дегендегі қара 
сөзінен кейінгі -ң жүрнағымен бір типтес болса керек.
Ал қыпшақ сөзі осы күнгі түріне былай өзгерген: қүбашақ> 
қүб /а/ шақ>қүбшақ>қыбшақ>қыпшақ.
Бүл этноним қүб аш ақ аталып жүрген кезінде екпін-шақ 
бөліміне түсетіндіктен, а дыбысы элсіз естілетін; болған, 
бара-бара бүл дыбыс мүлде жоғалып қүбш ақ түріне көшкен, 
онан кейін қатаң ш дыбысының алдындағы; б дыбысы кейінгі 
ықпал (регрессивная ассимиляция); нәтижесінде қатаң п ды- 
бысына айналған да (ноғайлар осы күнге дейін құп ш ак дейді: 
Жданко. Очерки истор. этнографии каракалпаков, стр. 124), 
ү дыбысы қысан ы дыбысына өзгерген. Сөйтіп, осы өзгерістер 
нәтижесінде бүл этноним қ ы п ш а қ (кейбір түркі тілдерінде 
құпшак, қыпчақ, қыпсақ) түрінде қалыптасқан сияқты.
ЛЕНГЕР - Шымкент қаласынан онша қашық емес жерде 
орналасқан елді пункттің аты. Тәжікстан мен Өзбекстанда кең 
тарағанатау. Зерттеуші А. 3. Розенфельдтің пікірі бойыншаякорь 
мағынасындағы лянгар сөзі барлық индоевропа тілдерінде 
кездеседі: апсога (лат.), апкег (нем. және голл.), anchor (ағыл.), 
апсге (фр ), якорь (орыс), Iangar (хинди және түркі тілдерінде) 
(А.В. Розенфельд. Название «лянгар» в топонимике Таджики­
стана. «Изв. всесоюзн. географ, об-ва». Том 72, вып. 6, 1940, 861 
бет). Бірақ А .З. Розенфельд бүл сөздің якорь деген магынасынан 
белек мэні аялдама, тоқтайтын жер деп түсіндіреді.
Белгілі топонимист Э.М. Мурзаев Ленгер «қонақ үй», «жол 
үстіндегі қонақ үй» деген иран сөзі деп қарайды. Бірақ бүл топо­
ним Орта Азияда, Синьцзянда, Афганстанда, Иранда «халыққа 
ас беретін жер», «монастырь», «зират» т. б. магыналарда 
қолданылады. Ленгер аты көбіне ескі керуен жолдары басып 
өтетін жерлерде кездесетінін Э.М. Мурзаев атап көрсетеді 
(Э.М. Мурзаев. Природа Синьцзяна и формирование пустынь
149


центральной Азии. М., 1966, 346-347 беттер, его же: Средняя 
Азия. М., 1957, 248-249 беттер).
Иран семьясына жататын тәжік тілі сөздігінде «лангархона» 
сөзіне мынадай түсінік берілген: yew. 1) богадельня; странно­
приимный дом; 2) дом, где совершается обряд присвоения уче­
нику права мастера в каком-л. ремесле (Таджикско-русский сло­
варь. М., 1954, стр. 203). Сөйтіп, Ленгер (Лангар) - «қонак үй» 
мағынасындағы иран сөзі.
ЛЕПСІ - Жоңғар Алатауынан басталып, Балқаш өзеніне 
қиятын Талдықорган облысындағы өзен аты. Лепсі деп атала- 
тын темір жол станциясы осы өзен атынан қойылған.
Өткен ғасырдың аяқ кезінде бүл өзен Лап-су аталғаны 
жөнінде Н. Аристовтың еңбегінде ап-анық айтылған (Н. А. Ари­
стов. Заметки об этническом составе тюркских племен и народ­
ностей и сведения об их численности. СПб., 1897, стр. 85). Сол 
себептен бүл «лапылдап қатты ағатын өзен» деген магынаны 
білдіреді. Ал атау соңындағы су (өзен) сөзінің сі формасы- 
на айналуы Е. Қойшыбаевтың мақаласында дәлелді айтылған 
(Е.Қ. Койчубаев. Қазахские географические названия с форманта­
ми ты и сы, Сб. «ТопонимикаВостока», М., 1969, стр. 146). Бірақ 
атаудың бірінші компонентінің түбірі Е. Қойшыбаев айтқандай 
«леп» емес, жоғарғы нүсқада көрсетілгендей «лап». Сонымен 
бүл атау мынадай өзгеріске түскен: Лапсу>Лепсу>Лепсі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет