С. Омарбековтың «Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті
ерекшеліктер» (Алматы, 1965) деген ең бегінде бар. Бұл
атаудың этимологиясы туралы 1865 - жылы атақты венгер (ма
дьяр) ғалымы А. Вамбери пікір айтты, ал
қазақ ғалымдарынан
F Мүсабаев пен Қ. Өмірәлиевтің де арнайы мақалалары бар.
С. Омарбековтың аталған еңбегінде Маңқыстау өлкесінің та-
рихы туралы мынадай деректер айтылады. Бүл аймақтың арғы
тарихы жайындағы мәліметтер ерте орта ғасырдағы араб және
парсы нұсқаларында кездеседі. X ғасырда өмір сүрген Әл Ис-
тахри, Ибн Русте бұл жерді Сиякух (Қаратау) деп аталған. Шы-
нында да Маңқыстаудың орталығынан Үстірт
жазығына дейін
созылып жатқан таулы алқапты жергілікті тұргындар қазірде
де Қаратау деп атайтын көрінеді. Сиякух атауының Қаратау
мағынасындағы сөз екені ХП ғасырда Хорезмде болған араб та-
рихшысы Якуттың еңбегінде айтылған. Бүл еңбекте Маңғышлақ
атауы да жазылған. Ал бүдан бұрын Маңқишлағ атауы екі рет XI
ғасырдағы М. Қашқаридің еңбегінде кездеседі (Девону луғатит
түрк,
Ташкент басылымы, I том, 432-бет, III том, 171-бет). Екі
жерде де М. Қашқари бұл атауға «өгүз өлкелеріндегі бір жердің
аты» деген түсінік берген. Қейінгі ХІП-XIV ғасырлардағы
Ибн Нәджиб,
Ибн Әл Әсир, Рашид-ад-дин Ибн Фадлаллах Әл
Омари еңбектерінде де Маңғышлақ топонимі кездеседі (С.
Омарбековтың аталған еңбегінің 18-19 беттері).
Достарыңызбен бөлісу: