Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет109/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

153


башлағ (босаған, бекер жатқан), қушлаг (қусты) сиякты зат 
есім мен сын есімдер жасалған. 2) Дәл осы туынды сын есім 
жасайтын бір нәрсенің сол жерде бар екенін білдіретін -лақ 
журнағы якут тілінде орасан дамыған. Бул қубылыс туралы 
К.Ф. Гриценко былай деп жазды: «В якутском языке очень рас­
пространен словообразовательный аффикс -лаах, имеющийся 
почти во всех тюркских языках, с помощью которого от имен 
образуются прилагательные, выражающие признак облада­
ния тем, что обозначено основой. Иначе такое прилагатель­
ное называется именем обладания». Осыны айта келіп автор 
- лаах аффиксінің мынадай варианттарын көрсетеді: -лоох, 
-лб б х, -лээх, -таах, -тоох, -тээх, -даах, -дсох, -дббх, -дээх, -наах, 
-ноох, -нббх, -нээх. Міне осы журнақтар арқылы якут тілінде 
саға+лаах (жағалы), туус+таах (тұзды) деген жэне мустах- 
юрах (музды өзен), Берелех - кюэль (Бөрілі - көл), Балықтах 
(Балықты) сияқты жүздеген сөздер мен жер-су аттары жасал- 
ған (К.Ф. Гриценко. Якутские топонимы на -лаах. Сб. «Язы­
ки и топонимия Сибири», I, Томск, 1966, стр. 34-39). 3) Қазақ 
тілінде ж оғары д ағы тастақ, қ у м д а қ , с а з д а қ сөздерінде жэне 
Т а с т а қ топонимінде -тақ /дақ формаларының сақталуы да -лы 
вариантты журнақтың арғы көне түрі осы -тақ//дақ болғанын 
дәлелдейді. Ал -лығ және -лы (варианттарымен) журнақтары 
бір арнадан шыққан ба, жоқ бұлар бөлек-бөлек журнақ па де­
ген мәселенің маңында тюркология ғылымында талас пікірлер 
де болды. Бул мәселенің тарихы Э.В. Севортянның еңбегінде 
толық айтылған (Э.В. Севортян. Аффиксы именного словоо­
бразования в азербайджанском языке. М., 1966, стр. 53 и сл.). 
Автор В.В. Радловтың пікірін қолдап, -лыг формасынан -лы 
шыққандығын қалыптасқан пікір деп есептейді. Орхон-Енисей 
жэне Талас ескерткіштеріндегі сөз тудыру журнақтарын соңғы 
жылдары зерттеген А. Есенгулов -лыг жэне -лы формалары 
бул нусқаларда бірін-бірі толық ауыстыратынын айта келіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет