«-Ыл, -іл, -л зат есім жасайтын енімі мол, кұнарлы жұрнақтың
бірі. Бұл жұрнақ та, -лас (-лес), -лық (-лік) қосымшалары
сияқты, есімдер мен етістіктерге ортақ, омонимдес жұрнақтар-
дың бірі. Сол ерекшелігіне сәйкес, бұл жұрнақ жалғанатын
сөздердің лексикалық мағынасына қарай, мағыналары да
161
басқа-басқа алуан түрлі жаңа сөздер жасайды. Мысалы, шикіл,
қатал дегенде, сын есімге тән формалар туып тұрса, тарыл,
тіріл сөздері тар, тірі деген сын есімдерден -ыл, -іл жұрнағы
арқылы жасалған туынды етістіктер. Сол сияқты, жалпы
етістікке тән -ыл, -іл, -л формасының өзі де қызметі жағынан
бірдей емес. Мысалы, жөтел, оцал, жоғал, суал деген туын
ды етістіктер мен тартыл, сарқыл, ашыл, бүрал, бурал,
бүгіл сияқты ырықсыз етіс формаларын бір жағынан өзара
салыстырып, екінші жағынан, оларды зат есім, сын есім туды-
ратын ыл (жарқыл, жалтыл; батыл, қатал) жұрнағының
кызметімен салыстырып қарасақ -ыл (-іл, -л) жүрнағы белгілі
бір сөз табына ғана емес, бірнеше грамматикалық категорияға
ортақ нағыз омоним форма екендігі айқын көрінеді» (А. Ысқақов.
Қазіргі қазақ тілі, морфология. Алматы, 1964, 215 беті).
Проф. А. Ысқақовтың бұл зерттеулерінде -ыл, -іл, -л
жұрнағының универсал, эртарап қасиеті синхрондық қимада
айқын ашылған. Бұл жұрнақ арқылы зат есім қалай жасалатыны
жөнінде ол кісі былай дейді:
«Ал -ыл (-іл, -л) жұрнағының туынды зат есім жасайты-
нын сөз еткенде, айрықша ескеретін жағдай мынау біріншіден,
бұл жұрнақ тек еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерге
қосылғанда тана туынды зат есім жасайды, екіншіден, ол
журнақ арқылы жасалған туынды зат есімдердің мағыналары
оларға негіз болатын түбірле мен негіздердің ұғымдарына каты-
сты да, олармен төркіндес те болады, демек, солардан жасалған
туынды зат есім ұғымын білдіреді. Мысалы: қаңқыл, ырсыл,
пысыл сыңқыл, қыңқыл, еңкіл, ауыл, мыңқыл. шаңқыл. т. 6.»
(Сонда, 216 беті).
Проф. А. Ысқақовтың мұндағы еліктеуіш жэне бейнелеуіш
сөздерден -ыл (-іл, -л) жұрнағы арқылы жасалған зат есімдер
түпкі мағынадан ажырамайды деген пікірі эбден дұрыс. Алай-
да, -ыл (-іл, -л) жұрнағы арқылы зат есім тек еліктеуіш жэне
бейнелеуіш сөзден жасалады деген пікірі, біздіңше, талас
162
тудырады. Егер бұл жұрнақ арқылы зат есімнің жасалуын
синхрондық қимада алсақ, онда жекелеген сөздер жэне жер-
су аттары етістікке осы жұрнақ қосылу арқылы жасалғанын
байқаймыз. Мысалы Ойыл (ой+ыл), Қиыл (қи+ыл), Орал.
(Ора+л) т. б. жер-су аттары, қ а м а л (қама+л), к ұ р а л (құра+л),
б о л ж а л (болжа+л) сияқты сөздер.
Келтірілген фактілер -ыл (-іл, -л) журнағы ертеде етістіктен
зат есім жасайтын, бірақ қазір өнімсізге айналған жұрнақ екенін
дэлелдейді.
Қорыта келгенде, О й ы л гидронимінің аты ой (етістік) +ыл
(зат есім жасайтын жұрнақ) арқылы жасалған демекпіз.
ОР - Ақтөбе, Орынбор облыстарындағы өзен аты. Ең алғаш
рет Геродотта кездеседі. Дарий шабуьшмен келгенде кезде-
скен төрт өзеннің бірі (Геродот, IV, 120- 123). Геродотта бұл
өзен аты Оар деп жазылған (Бұл туралы толық мағлұматты
осы сөздіктегі Ырғыз гидрониміне берілген түсініктемеден
қараңыз). Ор өзенінің этимологиясы туралы атақгы зерттеуші
П.И. Рычков былай деп жазған болатын: «Ор деген түркі
сөзі, оньщ екі мағынасы бар. Бірінші мағынасы «перекоп,
линия», екінші мағынасы «устье, отверстие, ворота» дейді
(П.И. Рычков. Топография Оренбургской губернии. Орен
бург, 1887, 2 бет). Ор өзенінің аты П. И. Рычков келтірген
сөздің бірінші мағынасынан қойылған болуы керек. Көне түркі
тілдерінде бұл ор - «өзен, сай» деген мағьшада қолданылуы
ықтимал. Мәселен чуваш тілінде вар - «долина», «ложе реки»,
«овраг» (Г. Е. Қорнилов. Гидронимический ареал *іа° хан в
Евразии. Сб.: «Топонимика Востока», новые исследования.
М., 1964, стр. 191). Орынбор, Орск қалаларының аты XVIII
ғасырдың орта шамасында осы Ор өзенінің атынан қойылған.
Орынбор қаласының этимологиясы жайында П.И. Рычков бы
лай дейді: «Оренбург имеет имя, сложенное из турецкого (т. е.
тюркского - А.А.) слова Ор и немецкого Бург» (сонда. 3-4 бет-
163
тер). Неміс тіліндегі бург сәзі қала екенін ескерсек, О р ы н б о р
(Оренбург) «Ор қаласы» деген сэз.
ОРАЛ - Облыс жэне облыс орталығының (қала) аты. Орал
тауы мен өзенінің атынан қойылған. Өзеннің қазақша аты
Жайық. Бұл елке XVIII ғасырдағы Е. Пугачев көтерілісінің
орталығы болтан. Кейін шаруалар көтерілісін басқан соң,
II Екатерина патша Е. Пугачев есімін халық санасынан ұмыт-
тыру үшін Жайық (Яик) өзенін Урал деп атау жөнінде 1785
жылы арнайы указ шығарған.
Орал тауы - Европа мен Азияны бөліп жатқан, ұзындығы
2000 км. биіктік. Бүл таудың ең ұзын жотасы 400 км. - Оңтүс-
тік Орал - Оралтау деп аталған да, XVIII ғасырда 2000 км-ге
созылған бүкіл жота Орал (Урал) деп аталған.
Орал
тауының этимологиясы туралы
В.Н.
Татищев,
П.И. Рычков, М. Қовалевский, А.Ф. Гумбольдт, Б. Кальман,
А. Соважо, Дж. Киікбаев, А.К. Матвеев, Ғ.Қ. Қоңқашпаев т. б.
авторлар жазды. Олардың пікірі Ғ.Қ. Қоңқашпаев мақаласында
толық айтылған (Г,К. Конкашпаев. По поводу названия
Урал. Сб. «Вопросы топономастики» № 5. Свердловск, 1971,
стр. 73-75).
Б. Кальман атау финнугор семьясына жататын мансий
тіліндегі үр-ала (гребень, вершина горы) деген соден алынган
дейді. Бұл пікірді угор тілдерінің маман белгілі топонимаст
А.К. Матвеев дәлелді түрде жоққа шытарды (А.К. Матвеев.
О происхождении названия Урал. Уч. записки Ур. Госунта.
Свердловск, 1961, стр 25-30).
В.Н. Татищев, П.И. Рычков, А.Ф. Гумбольдт сияқты XVIII-
XIX ғасырларда пікір айтқан ғалымдар Урал аты түркіше
у ра л м а к етістігімен байланысып, «пояс» (белдік) дегенді
білдіреді депті.
Д.Г. Киікбаев, А.К. Матвеев және В.А. Никонов сияқты топо-
нимастер Урал//Орал атауы түркі-монғолдың «арал» (остров)
деген сөзінен өзгерген деп қарайды (Д.Г. Киекбаев. Вопросы
164
башкирской топонимики. Ученые зап. Башгоспединститута.
Вып. Ш. Серия филологическая, № 2, 1956, стр. 241; А.К. Мат
веев. Указ, работа; В.А. Никонов. Краткий топонимический сло
варь. М. 1966, стр. 437-438).
Бул пікірлерді Ғ. Қоңқашпаев дәлелді түрде сынға ала-
ды, арал сөзінің Орал, Урал болып өзгеруі мағыналық және
географиялық жағынан қабыспайтынын орынды ескертеді.
Сонда F. Қоңқашпаевтың пікірі қандай? Ол былай, дейді:
«С нашей точки зрения слово Урал (Орал) является формой
повелительного наклонения единственного числа) от тюркско
го глагола уралмак (оралмак), уралу (оралу), который в свою
очередь представляет собой форму, возвратного (или страда
тельного) залога основного глагола уралмак (или урау). Слово
урамак (урау) имеет различные значения, в том числе «опоясы
вать, окружать (окружить), охватывать (охватить). Слово Урал в
составе топонима Уралтау воспринимается как причастие, яв
ляющееся определением существительного тау (гора), т.е. Урал
тау - «опоясывающая гора» (точнее «опоясывающаяся гора»)
(Г.К. Конкашпаев. Указ, работа, стр. 75).
F. Қоңқашпаевтың атау етістіктен жасалган деген пікірі
дурыс. Мундай пікірді В. Татищев, П.И. Рычков жэне
А.Ф. Гумбольдтта айтқанын жоғарыда көрсеттік. Орал тауы-
ның аты оралу деген етістікпен түбірлес екенін біз де айтқан-
быз (А. Әбдірахманов. Қазақстанның жер-су аттары. Алматы,
1959, 131-бел).
Алайда атаудың жасалып қалыптасуында біраз ерекшелік
бар. Орал оронимі жоғарыдаҒ. Қоңқашпаев айтқандай етістіктің
буйрық райы, етістің өзіндік (немесе өзгелік) формадары
арқылы жасалмаған. Біздіңше атау ора (етістік) +л (етістіктен
зат есім тудыратын өлі көне журнақ) арқылы жасалған.
Мундай журнақ арқылы Қиыл (қи+ыл), Ойыл (ой+ыл) атау-
лары (қараңыз) жэне қура+л, қама+л, болжа -л сияқты зат
есімдер жасалган. Сонда Орал сөзінің мағынасы F. Қоңқашпаев
165
айтқандай «опоясывающий, огораживающий» емес, орыс-
ша айтқанда «огибающий, изгибающий» ягни «огиби», «из
гибы» деген сөз. Мүның өзі таудың оралып жатқан көрінісін
дэл береді. Орал тауындағы Жайық (Урал) өзенінің орала ағып
жатқан бір жері XIX ғасырда Огиби деп аталыпты. Бүл атау
туралы 1870 жылы халық аузынан былай деп жазылып алын-
ган екен: «Огиби» - оттого, что крутые берега полукругом оги
бают Урал» (Труды Оренбургской ученой архивной комиссии.
Вып. XXV 1911, Оренбург, приложение № 4, стр. 216).
Сөйтіп түркі сөзі орал, орыс сөзі огиби оралып жатқан тау
мен өзеннің көрінісін дәл бергендіктен осылай аталган.
Достарыңызбен бөлісу: |