чигсугарт
- кіші+су+арт (Сб.: Языки и топонимия Сиби
ри, I, Томск, 1966, 160 беті). Біздіңше
Мүзарт
оронимінің
кұрамындағы
«арт»
шор тіліндегі
«арт»
(асу) сөзімен түбірлес.
Шор; тілі түркі семьясына жататын
туыс тіл екенін ескерсек,5
«арт»
көне түркі тілінде
асу
мағынасында
қолданылып, қазақ
тілінде көрінісін тау атында сактаған деуге болады.
Сонда
бүл оронимнің мағынасы -
Мұзасу (Арт
сөзі
жөнінде Есекарт-
қан атауында толығырақ айтылған).
М ¥ЗТАҒ
- Алматы облысындағы тау аты. Қырғыз Алатауы
бір кезде осылай аталган (Г. Миллер. Известия о песочном зо
лоте в Бухарин. СПб., 1760, стр. 14-15). Бүл
топонимнің негізі
болып түрған таг деген сөз ескі жазу нүсқаларында кездеседі.
Мысалы, осы сөз, тағтүрінде VII ғасырға жататын Күл-Тегіннің
қүрметіне койылған ескерткіште, X ғасырдағы «Алтын Ярукта»,
XI ғасырдағы Махмуд Қашқаридің«Диван-луғат-ат-тюрк» деген
еңбегінде, 1069 жылы жазылған «Қүдатку білікте» кездеседі.
Қазіргі түркі тілдерінде бүл сөз
таг, дағ, тау, тоо, ту, тыа
түрлерінде кездеседі. Бүлардың ең кене формасы
-таг.
Қазақ
тілінде
бұл сөз қазір
тау
түріне көшкен. Сөйтіп,
Мүзтаг
топонимі
Мүзтау
дегеннің көне формасы. Бүл факт топонимдер
тілдің көнелігін бойына сақтайтындығының тағы бір айғағы.
Достарыңызбен бөлісу: