Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


ОТАР - Алматы облысындағы темір жол станциясының аты.  Жер атынан алынған. Бұл сөздің этимологиясын В.В. Радлов  от+ар



Pdf көрінісі
бет117/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

ОТАР - Алматы облысындағы темір жол станциясының аты. 
Жер атынан алынған. Бұл сөздің этимологиясын В.В. Радлов 
от+ар деп көрсетіп, қазақ, ноғай, қырым татарларының тілінде 
кездесетінін айтқан: қырым татарларының тілінде бүл сөз 
«жайылым», қазақ тілінде «ауылдан алыс жердегі жайылым», 
ногай тілінде «әртүрлі жайылымга айдайтын қой табыны». 
Қырым татарлары мен ногай тілінде бүл сөздің «орыстың кіші 
деревнясы» деген мағынасы да бар. Осымен қатар В.В. Рад­
лов көптеген түркі тілдерінде от сөзінің бір магынасы «шеп, 
өсімдік» екенін көрсеткен (В.В. Радлов. Опыт словаря..., том I, 
часть 2, 1100-1106 беттері). «Шөп, өсімдік» мағынасындағы бүл 
сөз қазақ, қырғыз, түрік, азербайжан, алтай, үйғыр тілдерінде 
от түрінде, өзбек тілінде ут формасында кездеседі. Отар 
атауының түбірі от екендігін азербайжан тіліндегі отлаг -
пастбище, выгон (Азербайджанско-русский словарь. Баку, 
1951, 159 беті), түрік тіліндегі отлақ - пастбище, выгон 
(Д.А. Магазаник. Турецко-русский словарь. М., 1945 466 беті) 
сөздері дәлелдейді. Өйткені, бүл сөздер түбірге - лаг//лақ 
аффикстерін қосу арқылы жасалган.
Ал сөздің этимологиясына келсек
бұл В.В. Радлов 
айтқандай от+ар жолымен емес, біздіңше, от+а+р жолымен 
жасалган тәрізді. Өйткені, от деген зат есімнен кейін етістікті
166


есімге айналдыратын -ар жұрнагы жалғанбайды. Мәселен, 
осы 
жүрнақ 
арқылы 
жасалған 
Қазақстандағы 
басқа 
топонимдерді салыстырыңыз: Қ айнар/қайна+ р/, Қ о й б а ғ а р
/кой+бақ+ар/, А тбасар/ат+бас+ар/ т.б.
Сол себептен, от сөзіне өте ертедегі a/о жұрнагы қосылып, 
оны етістікке айналдырған. Қазақ тіліндегі о та (шөбін жүл), 
кырғыз тілінде ото (шөбін жүл), өзбекше утамақ (арам 
шөбін жүлу), алтай тілінде ото (жайылымда бағу) от сөзінің 
етістікке айналған түрлері. Міне, осы етістікке айналған ота 
сөзіне етістікті зат есімге айналдыратын жүрнағы қосылып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет