Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


М ¥Қ Ы Р  - Қазакстанда өте жиі кездесетін көбіне шолақ  өзендер аты. Ғ. Қоңкашпаевтың пікірі бойынша бүл - мукур



Pdf көрінісі
бет113/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

М ¥Қ Ы Р 
- Қазакстанда өте жиі кездесетін көбіне шолақ 
өзендер аты. Ғ. Қоңкашпаевтың пікірі бойынша бүл -
мукур, 
мухар 
деген монгол сөзі. Мағынасы «шолақ», «түйық». Мүндай 
тау Монголия мен Қытайда да жиі кездеседі (Г. Конкашпаев. Ге­
ографические названия монгольского происхождения. Известия 
АН ҚазССР Серия филологии и искусствоведения. Вып. I (11), 
1959, 93 беті). Монғолша-қазақша сөздікте мухар сөзінің екінші 
мағынасын «тоқыл», «мүқыр», «мүқыл» деп аударған (С. Хаб- 
шай, Ә. Мініс. Монғолша-қазакша сөздік. Уланбатор. 1954, 114 
беті). Мүндагы монгол тіліндегі мухар, казақ тіліндегі 
мүқыр, 
мүқыл 
сөздері бір түбірден. Өйткені, монгол тіліндегі 
р 
дыбы- 
сы мен түркі тілдеріндегі л дыбысы ауысатыны белгілі. Қазақ
158


тіліндегі «мықыр кісі» дегендегі мықыр (қысқа, тапал) сөзі де 
осы сөздермен түбірлес. Ендеше бұны монгол тілінен енген де- 
геннен көрі түркі-мінғол тілдеріне ортақ сөз деген мақүл.
НАРЫН - Қазақстанның батыс өлкесіндегі қүмды даланың 
аты. Бұл монғолдың нарын (күнді, күнгей) деген сөзінен 
жасалган (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-казақшасөздік. Улан- 
батор, 1954, 118 беті; Э. М. Мурзаев. Средняя Азия. М., 1957, 
250 беті). Монғолдың наран деген сөзі мен нарийн (жіңішке) 
деген сөзінен жасалған атауларды ажыратып карау керек 
(Нарынқол гидронимін қараңыз). Наран сөзінің қазақ тілінде 
нарын түріне айналуы, оның нарын қүмы деген тіркестегі, 
күм сөзіндегі ү дыбысының әсерінен болуы керек.
НАРЫНҚОЛ - Алматы облысындагы өзен, аудан және ау- 
дан орталыгының аты. Бұл монғолдың нарийн (жіңішке) деген 
сөзі мен гол (өзен) деген географиялық терминінің қосы-луы 
арқылы жасалган (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-қазақша 
сөздік. Уланбатор, 1954, 118 беті; Э.М. Мурзаев. Природа 
Синьцзяна, М , 1966, 339 беті). Осы ауданда Байынқол деген 
өзен бар. Бүл да монгол сөздерінен жасалган (Осы сөздіктегі 
Байынқол сөзін қараңыз). Бірақ монғолдың наран (күнді, кун- 
ген) деген сөзі мен нарийн (жіңішке) деген сөзінен жасалган 
атауларды шатастырмау керек (Нарын сөзін қараңыз).
Зерттеуші Ж. Болатовтың пікірі бойынша Шығыс Қазақстан 
облысындагы Большенарым селосы, Нарым тауы мен өзеннің 
аты да монголдың нарийн (жіңішке деген сөзінен алынған, 
өйткені Нарым тауы (жотасы) Алтайдың басқа тауларымен 
салыстырғанда жіңішке (Ж Болатов. Шығыс Қазақстан облысы. 
қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы. «Қазақ тілі 
мен диалектологиясының мәселелері», жинақ, 5 шығуы, 1963, 
183-184-беттері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет