котором возникло слово, и тем самым устанавливающая одну из
осей для определения его кординат»34.
Этимологиялық
зерттеулердің принциптерін
анықгауда
О. Семереньидің мақаласы35 өте қызғылықты. Автор этимо-
логиялық зерттеулерде
осы кезге дейін фонологиялық,
морфологиялық жэне семантикалық принциптер қолданы-
лып
келгендігін, бірақ бұларды қолдану үшін, позитивтік
нұсқау жэне толықтырулар қажет екенін көрсетеді де,
мынадай
ережелерді ұсынады:
а) Этимолог сөз түбірі (этимоны) анық сияқты көрінген сөздің
этимологиясын фонологиялық тұрғыдан тагыда тексеруі қажет.
Мүндай тексеру нәтижесінде дэстүрлі танылған этимонның өзі
де көбіне басқаша болып шығады.
б) Егер сөз түбірі анық сияқты көрінгенімен де, сол тілдің
сөз
тудыру ережелеріне қайшы келсе, онда зерттеуші мүның
ақиқатына жетуі керек.
в) Егер сөз түбірінің семантикасы әдеттегіден тыс дамығаны
байқалса, онда зерттеуші бұл этимологияны фонологиялық
тұрғындан қайта тексеруі керек. Мүндай жагдайда мэселе
көбіне басқаша шешілуі ықгимал.
г) Егер индоевропа түрғысынан
осы сөз көптеген тілдерде,
эсіресе шеттеу жатқан тілдерде бар болса, оның сол семьяға жа-
татын белгілі бір тілде болмауы мүқият зерттеуді қажет етеді.
д) Егер бүл сөз басқа бір тілден енген деп танылмаса, осыған
үқсас немесе теңбе-тең сөз географиялық жагынан жақын
жатқан тілдерде сақталуы ықтимал.
Автор
осы
келтірген
ережелерді
көптеген
конкретті
этимологиялық мысалдармен дэлелдейді.
Мақаланың калган
бөлегінде кірме сөздер жэне оларды этимологиялық жагынан
талдау сөз етіледі.
34 Там же. стр. 225.
35
О. Семереньи.
Достарыңызбен бөлісу: