тілінде «желке, мойын» деген сөз екен.
Артель сөзі татардың
ортақ ел деген сөздерінен қалыптасқан.
Бауыздау етістігінің
түбірі
боғуз - кейбір түркі
тілдерінде тамақ, алкым деген сөз.
Сонда
бауыздау дегеніміз «тамақтау, тамақтан орып жіберу».
Бір кездегі тайпалық дәуірдегі сөздердің көрінісі қазақтіліндегі
қос сөздерде сақталған. Мәселен,
тоқты-торым дегендегі
то-
рым көне түркі
тілінде түйенің ботасы,
түйе-теге дегендегі
теге де
түйе деген сөз, қыз-қырқын қос сөзінің
қырқын деген
компонентінің түбірі
қыр чуваш тілінде
қыз деген сөз, ал
-қын
деген жүрнақ. Түркі тілдеріндегі
р - з дыбыстарының алмаса-
тынын
ескерсек, бұл этимология көңілге әбден қонымды. Міне
осындай жақсы талдауларды сөздіктен көптеп табасыз.
Жоғарыда көрсетілгендей қазақ тіл білімінде этимологияның
теориялық және практикалық мәселелеріне көңіл бөліне ба-
стауы бізді қуантады жэне бұл игілікті іс
келешекте де токтап
қалмай, пәрменді дамытылар деген сенімдеміз.
Топонимдерді этимологиялық жағынан
зерттеу мәселесі
Белгілі аймақтағы топонимдер (жер-су аттары) белгілі бір
халықгың, немесе бірнеше халықгың тілдік негізінде жасалады.
Ендеше жоғарыд а айтылған сөз этимологиясын зерттеу жөніндегі
теориялық пікірлер мен ұсыныстардың топо-нимдердің эти
мологиясын зерттеуге де қатысы бар.
Алайда тононимдердің
этимологиясын реттеудің жалпы есімдермен ортақ жақтары да
және өзіндік жақтары да бар. Міне
осы мәселелер жайындагы
пікірлерге қысқаша шолу жасап, өз түжырымымызда да ортага
салайық.
Субстратты топонимдердің
этимологиясы туралы алғашқы
теориялық мақала жазған проф. А.П. Дульзон49.
Достарыңызбен бөлісу: