атаудың бірінші компоненті «бар» сөзі жөніндегі ойлары-мызды
айтайық.
М. Қашқаридың еңбегінен
бар сөзінің екі мағынасы бар
екені байқалады: 1) бір нәрсенің барлығын білдіретін сөз;
2) үлкен (ПТ, 161-162). Сөздің екінші мағынасына М. Қаш-
қари мынадай түсінік берген: «бар: бар j іг-да - үлкен жиде»
(ІП, 162-беті). Міне осы тіркесте; бар - «үлкен» деген сөз.
Бүл сөздің үлкен мағынасы түркі тілдерінде сақталмаған.
Оның қазақ тіліндегі сақталуы мүмкін-ау деген тіркесті
С. Омарбеков еске салды. «Қыз Жібек» жырында Төлеген көш
соңынан Жібекті қуып жетіп, екеуі айтысады. СондаҚыз Жібек
Төлегенге былай дейді:
Келсең кел шыдап қасыма,
Шай мамығым басыңа
Ап жатпас па едім қасыма.
Алуа шекер беремін
Ішетұғын асыңа.
Келсең келгін Төлеген
Қүрметім мүндай, мінеки.
Келмесең арман кете бер
Достарыңызбен бөлісу: