Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


хэр қазақша қыз. Тюркологтардың басым көпшілігі р



Pdf көрінісі
бет68/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

    Бұл бет үшін навигация:
  • БӨГЕН
хэр қазақша қыз. Тюркологтардың басым көпшілігі р дыбысы 
алғашқы дегенді айтады (көрсетілген кітаптың 212 бетіндегі 
4-ші сілтемені қараңыз. Авторы - Н.А. Баскаков). Бірақ Борқат 
атауының курамындағы бор сөзі топонимнің тұтас тұлғасымен 
қазақтіліне енген. Ал оның хад деген компоненті қазақша «шың, 
жартас, серке тас» дегенді білдіреді (С. Хабшай мен Ә. Міністің 
көрсетілген сөздігінің 250-беті). Сонымен Борқат монгол тілінен 
енген «бозтау» деген сөз.
БӨГЕН - Оңтүстік Қазақстан жэне Жамбыл облысындағы 
өзен аты. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша бул монголдың бо- 
гонь (қысқа, шолақ) деген сөзі (Г. Конкашпаев. Географические 
названия монгольского происхождения... Известия АН КазССР. 
Серия филологии и искусствоведения. Вып. Т, 1959, 90-беті). Біз 
Қоңқашпаевтың бул пікіріне қосылмаймыз, өйткені бөген (ай-
96


тылуы бөгөн) түркі негізінде жасалған деп ойлаймыз. Біздіңше, 
Сөздің түбірі бөгө//бөге етістігі, оған етістікті зат есімге айнал- 
даратын көне жүрнақ қосылған. Бүл жүрнақ түркі тілдерінде 
XT ғасырда болған: йамла етістігіне жүрнағы қосылып йам- 
лан деген кемірушілер тобына жататын бір аң аты жасалған. 
Ендеше қосымшасы ертеде зат есім жасайтын өнімді жүрнақ 
болған. Осы өзен бойында ертеде бөгендер (тоған) көп жасалған 
болуы керек. Сөйтіп бүл гидроним бөгө (қазіргі бөгеу етістігі) 
(етістікті зат есімге айналдыратын көне жүрнақ) >бөгөн> 
Бөген жолымен жасалған.
Б ¥ Қ Т АРМ А - Басы Алтайдан бастал ып, Ертіс өзені не қүятын 
өзен аты. Шығыс Қазақстандағы аудан және аудан орталығының 
аты осы өзен атынан алынған. Осы өлкедегі қазақтардың тілін 
зерттеуші Ж. Болатов бүл атау туралы былай деп жазды:
«Бұқтарма өзенін жергілікті халық Бұқтырма деп атайды. 
Бүл атаудың мағынасын олар өздерінше былай түсіндіреді: 
ағысы қатты, асау, тау өзені болғандыктан, түсіп кеткен нәрсені, 
мейлі ол мал болсын, мейлі адам болсын, қайта түруға шама- 
сын келтірмей, бас көтертпей тастан - тасқа соғып, бұқгырып 
экетеді. Бүктырма өзені жағасында суға кетудің салдары- 
нан адам, мал шығыны жиі болады. Сондықган халық оны 
Бүктырма деп атайды. Бүл өзен аудан жерін шығыстан батысқа 
қарай аралап өтеді. Оған жол - жөнекей тау - тастан шыққан 
мыңдаған бүлақ келіп қүяды. Сондықтан ол бірте-бірте молай- 
ып отырады. Осылай болғандықтан да, ел аузында «Бүқтырма 
қайдан шығады, бүлақтан шығады, өзінен-өзі шықпайды» де­
ген нақыл айтылады (Ж. Болатов. Шығыс Қазақстан облысы... 
қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы. «Қазақ тілі мен 
диалектологиясының мәселелері». 5-шығуы, 1963, 181-беті).
Атаудың түбірі -бүқ - етістік, -тыр - етіс жүрнағы, ал -ма 
етістіктен зат есім тудыратын жүрнақ. Сарқырама, Маңыра- 
ма, басқарма т. б. сөздер -ма жүрнағы арқылы жасалған. 
Ж. Болатов бүл мақаласында ел арасындағы сөзді келтіріп,
97


атаудың этимологиясына талдау жасамаған. Қазір бүл өзен аты 
Бұқтырма болып неге аталып жүргенін түсіндірмеген.
Біздіңше атаудың түбірі -бүқ - етістік, -ты р - өзгешелік етіс 
жүрнағы, ал -ма етістіктен зат есім тудыратын жүрнақ. Мәсе- 
лен,Сарқырама,Жармадегентопонимдер,басқар!Уіа,ічаңыраіча, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет