Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


БОРҒҮСТАИ - Тарбағатай тауындағы жотаның, басы осы  таудан басталатын өзеннің аты. Ғ. Қоңқашпаевтың зерттеуі бой-  ынша бүл монғолдың бургасан



Pdf көрінісі
бет67/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

БОРҒҮСТАИ - Тарбағатай тауындағы жотаның, басы осы 
таудан басталатын өзеннің аты. Ғ. Қоңқашпаевтың зерттеуі бой- 
ынша бүл монғолдың бургасан (ива) деген сөзінен жасалған. 
Боргустай - ивовая (талды) деген мағынаны білдіреді (Г. Кон- 
кашпаев. Географические названия монгольского происхожде­
ния... Известия АН ҚазССР. Серия филологии и искусствове­
дения. Вып.: I, 1959, 89-беті). Қазіргі монгол тілінде бургас 
қазақша тал деген сөз (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-казақша 
сөздік. Уланбатор, 1954, 46 б.). Ал -тай түркі тілдеріндегі -ты/ 
ті жүрнағы сияқты туынды сын есім тудыратын, ал жер-су атта- 
рында сол заттың барлыгын білдіретін жүрнақ. Белгілі тюрколог 
Г.И. Рамстедт - тай жұрнағы ту+ай элементтерінен жасалган 
деп көрсетеді (Г.И. Рамстедт. Введение в алтайское языкозна­
ние. М , 1957, стр. 205).
БОРҚАТ - Семей мен Аягөздің арасындагы тау аты. 
Г. Қонкашпаевтың пікірі бойынша бүл атау монголдың, убор 
(оңтүстік) + хад (тау, жартас) деген сөздерінен жасалган. Бүған 
тагы бір дэлел осы Боркат тауының солтүстүк жағында Арқат 
тауы бар. Оның аты да монголдың ар (солтүстік)+хад (тау, жар­
тас) деген сөздерінен жасалган. Ар, убор, хад сөздері монгол 
топонимдерінің кұрамында жиі кездеседі (Г. Конкашпаев. Гео­
графические названия монгольского происхождения... Изве­
стия АН КазССР Серия филологии и искусствоведения. Вып. 
I (11), 1959, 88-беті). Mi не осы себептерден Г. Қонқашпаевтың 
пікірі негізінен дүрыс болғанымен, лингвистикалық жагынан 
толықтыруды қажет етеді. Монғолдың Уборхад атауының 
казақша Борқатқа айналуының екі түрлі себебі бар: біріншіден,
95


қазақ тілінде у дыбысына басталатын сөз өте аз және б 
дыбысының алдынан у келген сөз жоқ, екіншіден, қазақ сөзі д 
дыбысына аякталмайды. Монғолдың Уборхад деген сөздерін 
қазактар өз тіліне лайықтап, Борқат деп атап кеткен.
Бұл арада тағы бір айта кететін нәрсе Алтай тауынан Нарым 
жотасы арқылы ететін бір асу және Зайсан көлінің жағасындағы 
бір мүйіс Борқат деп аталады. Бул атаудың этимологиясы 
жоғарғы айтылған Борқаттан басқаша. Ғ. Қоңқашпаев бул атау 
монғолдың «бархат» (сур жартас) деген сөзінен алынған дейді 
(Г. Қонкашпаев. Некоторые малопонятные географические на­
звания в Казахстане. С б.: «Вопросы географии Казахстана». 
Вып. 9, 1962, 243-бет). Бул пікір дурью болғанымен, бірақ 
толықтыруды керек етеді. Бор монгол тілінде боз деген магынада 
қолданылады (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-қазақша сөздік. 
Уланбатор, 1954, 42-беті). Монгол тіліндегі сөз аяғындағы «р» 
дыбысы көптеген түркі тілдерінде «з» дыбысымен алмасаты- 
ны белгілі (М. Рясенен. Материалы по исторической фонети­
ке тюркских языков. М., 1955, 26-27-беттер). Мундай алмасу 
- ротацизм заңы түркі тілдерінің өз ішінде де бар: чувашша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет