Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет66/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

2) бран. «несчастный, окаянный» (Таджикско-русский словарь. 
М., 1954, стр. 40).
Сөйтіп иран тілдеріндегі «бэдбахт» сөзінің екі мағынасының 
бірі - «бахытсыз» Бетпақдала атауын жасаған да, екіншісі 
-«оңбаған, бетсіз, арсыз» деген мағынада жэне ұрысу ретінде 
«бетпақ» түрінде эдеби тілге енген. Сонымен сөздің эти- 
мологиясы мынадай: бад+бахт (иранша - «бақытсыз»)+дала 
(түрікше жазық жер) = Бетпакдала.
Қазақстанда осы жөнмен жасалған Бетпақтау деген тау аты 
да бар.
БОРАБ¥РГЫСЫН - Шығыс Қазақстанмен көршілес Тау- 
лы-Алтайдағы жер аты. Осы жерде экспедицияда болған 
Ж. Болатовтың пікірі бойынша бұл монғолдың бор - сұр, бур- 
гас - тал деген сөздерінен жасалған (Ж. Болатов. Қошағаш 
қазақтарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Қазақ тілі 
тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 4 шығуы, Ал­
маты, 1962, 69-беті). Бірак Ж. Болатов сөз арасындағы а 
дыбысының қайдан келгенін айтпайды. Сондықтан бүл пікір 
жетілдіре түсуді қажет етеді. Біздіңше бурят тіліндегі боро 
сөзі дэл осы топонимнің сырын ашуға көбірек жақын сияқты
Бүл сөзге бурят-монғол-орыс сөздігінде мынадай түсінік 
берілген: боро 1) серый, сивый (о масти); 2) смуглый (о цве­
те лица). Осының бірінші сүр, боз деген мағыналары жақын. 
Екіншіден, Борабұрғысын атауындағы; бора сөзі де бурят- 
монғолдың боро сөзіне жақын. Бургааһа(н) сөзіне бурят- 
монғол-орыс сөздігінде: 1) прут, хворостина; 2) кустарник деген
94


түсінік берілген (Бурят-монгольско-русский словарь. М , 1951, 
стр. 125). Бурят-монгол тілінде басқа түркі-монғол тілдеріндегі 
с дыбысы һ дыбысына ауысатынын (башқүрт тілі тәрізді) ескер- 
сек, онда бургааһан сөзінің қазақша және алтайша бүрғысын 
түрінде келуі әбден заңды қүбылыс. Сонымен бүл атаудың 
өзгеру схемасы былай: Боробургааһан > Борабұргысын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет