корей тілінде «өзен, су» деген сөз (Э. и В. Мурзаевы. Словарь
местных географических терминов. М., 1959, стр. 98-100).
В.А. Никонов бүл элементті тунгус
- маньчжур тілдеріндегі
кан (өзен, су) сөзімен байланыстырады (В. А. Никонов. Крат
кий топонимический словарь. М., 1966, стр. 172).
А. П. Дульзон
«кан, -хем, -кем элементтерінің Алтайдан
Амурға дейін таралғанын
айта келіп,
-кан формантының шығу
тегі екі түрлі болуы ықтимал - деп көрсетеді. Біріншісі, кіші-
рейту жүрнағы,
екіншісі, тунгус-маньчжур тілдеріне жақын
корей тілінде
канг - «өзен» деген сөз А.П. Дульзон
-хем (кем)
элементі өзен мағынасында бүкіл Тувада, Таулы-Алтай елкесінің
оңтүстік-шығысында, Краснояр өлкесінде
кең тарағанын айта-
ды. Автор бүл сөз түркі, кет, самодий тілдеріне жатпайды дейді
де, бірақ оның қай тілдікі екенін көрсетпейді (А.П. Дульзон. То
понимы Средней Сибири. «Изв. Сиб. Отд. АН СССР». Серия
общ. наук, № 5. Вып. 2, 1965, стр. 112-114).
Бүл фактілерге қарағанда
-кан, -кам, -хем элементтерінің
екі үлкен арнасы болуы керек.
Бірі индоевропа тілдерінен
тараган да, екіншісі Қазақстанның шығыс аймақтарынан
Амурға дейінгі созылып жатқан кең өлкеден орын алған, соның
ішінде Сібірдегі түркі тілдерін кең тараған. Біздің ойымызша,
бүл сөз тунгус-маньчжу корей семья тілдеріндегі қан//канг (өзен,
су) сөзімен тығыз байланысты. Бүл элемент осы кен өлкеге тун
гу эсіресе монгол тілдері арқылытарауы мүмкін. Монгол тілінде
ганга: 1) яр, обрыв,
высокий берег, 2) балка, овраг; 3) рытвины,
ухабы (К. М. Черемисов. Бурят-могольско-русский словарь. М.,
1951, стр. 158).
Қорыта келгенде Қарагем түркі тілдеріндегі «қара су»
деген мағынаны білдіреді. Бүл тува тіліндегі «өзен су»
мағынасындағы
-хем (кем) сөзінің Таулы Алтай өлкесі арқылы
Шыгыс Қазақстанга келіп жету көрінісі. Ал «а» және «е» дауы-
сты дыбыстарының арасындаг «х», «к» дыбыстарының «г» ды-
бысына айналуы заңды екенін айтып жатпасақ та түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: