Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


ҚАПШАҒАИ - Алматы облысындағы шатқал аты. Бұл  сөздің түбірі қап//қып



Pdf көрінісі
бет98/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

    Бұл бет үшін навигация:
  • -қып.
ҚАПШАҒАИ - Алматы облысындағы шатқал аты. Бұл 
сөздің түбірі қап//қып. Одан түркі тілдерінде мынадай сөздер 
жасалған: қырғыз тілінде қапчал (скалистое ущелье), қапчыгай 
(горное ущелье), қазақ тілінде: қапшағай (ущелье). Монғол 
тілінде: хавцал (шатқал), хавцгай (тік қүз, тік жар тас, шың). 
Б. Орузбаева бүл түбірді кап етістігінің өте көне формасы деп 
есептейді. Осы сөзден қырғызша қыпчы+(қы су) сөзі, якутша 
хапчай (қысу, жіңішкерту), хапчаан (теснота, ущелье) және 
монғолша хабчіл (узкое ущелье) жасалған деп қарайды. Оның 
-ғай бөлімі етістіктен есім тудырған түбірге қосылып, қапчыгай 
сөзін жасап түр деген пікірге келеді (Б. О. Орузбаева. Словоо­
бразование в киргизском языке. Фрунзе, 1964, 137 бет). Сөздің 
түбірі қап/қып екендігіне тағы бір дәлел көне түркі сөздері 
қапүғ (есіқ), қапчақ (өзендердің қосылатын сағасы), капға (во­
рота) осыдан жасалған (М. Қашқари. Девону луғотит турк,
139


индекс-лүғат. Тошкент, 1967, 349 беті). Қазак тіліндегі «қыпша 
бел» (жіңішке бел) деген тіркестегі «қыпша» сөзінің де түбірі 
-қып. Одан кейінгі -ша//шы, ча//чы жүрнағы етістікті есімге 
айналдыратын қосымша, ал -гай//ғай есімнен есім тудыратын 
түркі-монғол тілдеріндегі көне жүрнақ (Г.И. Рамстедт. Введе­
ние в алтайское языкознание. М., 1957, стр. 184-185). Осы жол- 
мен жасалған қапшағай термині географиялық жалқы атауға 
айналған.
ҚАРАГЕМ - Шығыс Қазақстан облысы Большенарым 
ауданындағы көл аты. Ж. Болатовтың пікірінше мүндағы 
қара түркі сөзі де, екінші сыңары хәм - шек, шекара деген 
монгол сөзі (Ж. Болатов, Шығыс Қазақстан облысы... қазактар 
тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы. «Қазақ тілі тарихы 
мен диалектологиясының мәселелері», жинақ, 5 шығуы, 1963, 
187 беті). Атаудың екінші компоненті туралы айтылған Ж. 
Болатовтың пікірі, біздіңше, дүрыс емес. Өйткені «шек», «ше­
кара» деген мағынадағы сөз көл атына қойылмайды. Әрбір атау 
көбіне-көп сол географиялық объектінің терминіне сай келуі 
керек.
Біздің ойымызша, «гем» -тува тіліндегі «өзен, су» дегенді 
білдіретін хем (кем) сөзімен түбірлес. Топонимикадағы -кан, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет