Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


Қалғүты гидронимінің көне түбірі қалғү



Pdf көрінісі
бет97/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

Қалғүты гидронимінің көне түбірі қалғү болып, қалқу (жүзу) 
сөзімен де түбірлес болуы ықтимал. Ал -ты барлықты білдіріп, 
туынды сын есім жасайтын көне жүрнақ. Галуу сөзінің түбірі 
қалгу//галгу болуы да ықтимал.
ҚАНДАҒАТАЙ - Қалба тауының бір бөлегі. Ғ. Қоңқаш- 
паевтың пікірі бойынша бүл монголдың кандагай (бұгы) де­
ген сөзінен алынған. Бүл жерлерде ертеректе бүгы болган 
(Г. Қонкашпаев. Географические названия монгольского проис­
хождения. .. Известия АНҚазССР. Серия филологии и искусство­
ведения. Вып. I (11), 1959, 92 беті). Монғолша-қазақша сөздікте 
хандгай сөзіне бұлан (бұгының бір түрі) деп аударылған. Ал 
-тай -осы жануардың барлығын білдіретін монгол тіліндегі 
көне жүрнақ. Г. И. Раместедт бүл жүрнақ ту+ай>(тай) екі эле- 
менттен жасалған дейді (Г. И. Рамствдт. Введение в алтайское 
языкознание. М., 1957, стр. 205). -Тай жүрнагы қазақ тіліндегі 
туынды сын есім жасайтын -ты//ті жүрнағымен мәндес.
ҚАПАЛ 
-
Талдықорган 
облысындағы 
аудан, 
аудан 
орталығының аты. Осыдан жүз жыл бүрын Н. А. Абрамов бүл 
атау калмақтың ханы Қапалдың атына байланысты қойылған деп 
жазды. F. Қоңқашпаевтың зерттеуі бойынша, бүл пікір дүрыс
138


емес. Қапал сөзі сол жердегі Қопалы деп аталатын кішкене 
өзеннің атынан шыкқан. Өзеннің басы шынында да қопалы
батпақты жерден басталады (Г. Қонкашпаев. Некоторые мало­
понятные географические названия в Қазахстане, Сб.: «Вопро­
сы географии Қазахстана», 1962, вып. 9, 241 беті). Мүнда Ғ. 
Қоңқашпаев қопалы Жапал өзгерісін лингвистикалық түрғыдан 
дәлелдей алмаған. Біздіңше қопалы сөзінің Қапал формасына 
айналуына орыс тілі эсер еткен.
Бүл жерде 1847 жылы Копалинское укрепление деп ата­
латын бекініс - қала орнаған. Сол кезде «Копалинское укре­
пление» деудің орнына «Копальское» деп орыс тілінде қате 
транскрипциялаған. Бунда «о» дыбысының алғашында жа- 
зылуы атаудың «Копалы» сөзінен алынғандығын дәлелдейді. 
Бірақ орыс тілінде сөз басындағы «о» дыбысы «а» болып ай- 
тылатын болғандықган, ол бірте-бірте Қапал түріне көшкен 
де, қазақ тілінде Қапал болып айтылуына эсер еткен. Сүйтіп 
бұл топоним мынадай өзгеріске түскен: Қопалы>Қопальское 
укрепление>Капальский район>Қапал ауданы, селосы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет