Тақырып Қазіргі заманғы жағдайдағы франчайзингтің экономикалық мәні


- сауда маркасының меншік иесінің капиталды тарту



бет2/9
Дата19.04.2023
өлшемі144,81 Kb.
#84423
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 1

- сауда маркасының меншік иесінің капиталды тарту;
- гибридті кәсіпорындарды құру;
- брендтің трансфері;
- шарттық маркетингтік жүйені қалыптастыру;
- ірі және шағын кәсіпорындардың арасында өзара тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру;
- өткізу қызметінің аутсорсингі (франчайзер үшін) және брендті басқару (франчайзи үшін), бұл ретте өткізу қызметінің аутсорсингі қатынастары реттелмеген және франчайзер тарапынан нақты түрде төлем жасауды көздемейді;
- франчайзидің тәуекелдерін барынша төмендету үшін қолданылатын құрал ретінде қарастырады.
Осы себептен көптеген авторлар өз зерттеулерінің мақсатына қарай франчайзингтің белгілі бір аспектісіне ғана көңіл бөледі және тек осы бағытқа негізделген анықтаманы ұсынады. Мұндай анықтамалардың жеке сипатта болатыны айқын және франчайзинг шартына қатысушылардың арасында туындайтын қатынастардың барлық тұстарын суреттеуге мүмкіндік бермейді. Франчайзингтің қазіргі заманғы анықтамаларына жасалған салыстырмалы талдау 2-ші кестеде берілген.

Кесте 2 - Франчайзингті анықтау тәсілдеріне жасалған салыстырмалы


талдау



Анықтама

Артықшылықтары

Кемшіліктері

«Франчайзинг – бұл іскерлік қызметтерді, көбіне – айналым капиталы бар, бірақ бизнесті жүргізудің тәжірибесін меңгермеген немесе аз ғана мөлшерде меңгерген тәуелсіз инвесторларға сатудың нарықтық-бағдарлық әдісі»

анық емес түрде болса да франчайзи үшін франчайзер іскерлік қызметтердің жеткізушісі болып табылатындығына сілтеме бар

шамадан тыс айқын емес анықтама

«…франчайзингтік келісім көбіне заңды түрдегі тәуелсіз фирманың арасындағы шарт ретінде екі түсіндіріледі, ол бойынша бір фирма (франчайзи) екінші фирмаға (франчайзерге) франчайзердің өнімдерін сату құқығы үшін және/немесе оның сауда маркасын және бизнесті жүргізу форматын белгілі бір аумақта белгіленген уақыт кезеңінде пайдалану құқығы үшін ақы төлейді»

франчайзиге қойылатын шектеулердің сипаттамасы

франчайзинг пен уәкілетті делдалдардың аражігін ажыратуға мүмкіндік бермейтін шамадан тыс айқын емес анықтама

«…франчайзинг – бұл «бизнес-ортаны» ұйымдастырудың ерекше нысаны, ол көшбасшы-фирмаға тауарлар мен қызметтер нарығында өзінің үстемдік ету позицияларын орнатуға және сақтауға мүмкіндік береді»

анықтамада франчайзингтің маңызды сипаттарының бірі франчайзердің мүддесі үшін бизнес ортаны ұйымдастыру болып табылатындығы туралы түсінік бар

франчайзингтің тәуелсіз кәсіпорындардың өзара іс-қимыл жасауының басқа нысандарынан ешқандай айырмашылық-тары аталмаған

«Франчайзинг (ағылшын сөзі Franchise – артықшылық) – 1) сауда маркасын, тауар белгісін және фирмалық атауды және олармен байланысты технологиялар мен ноу-хауды пайдалану үшін құқықтарды (белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен) беру; 2) сауда маркасы мен технологиялардың меншік иесі-компанияның тәуелсіз кәсіпорындарға сауда маркасын, тауар белгісін және фирмалық атауды және олармен байланысты технологиялар мен ноу-хауды пайдалану үшін құқықтарды беру арқылы өкілдіктерінің желісін құру»

франчайзинг зияткерлік меншікті берудің құралы ғана емес, сонымен бірге франчайзердің сауда маркасымен өткізу желісін қалыптастыру әдісі болып табылатынды-
ғын көрсетуге талпыныс жасалған

шын мәнісінде франчайзингтің екі түрлі құрамдас бөлігі үшін екі жеке анықтама беру жайында сөз болып отыр

«Франчайзинг – бұл оған сәйкес кәсіпкерлердің біреуі (франчайзер) бизнес-үдерістің моделін дайындайды және осы модельге сәйкес бизнесті жүргізу құқығын басқа кәсіпкерге (франчайзи) беретін бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің түрі»



франчайзердің франчайзиге бизнесті жүргізудің дайын моделін беретіндігін көрсетеді

Осы модельді пайдалану құқықтарын берудің схемасы жоқ (жалпы жағдайда бизнесті жүргізу моделі тегін негізде берілуі және франчайзердің сауда маркасымен ғана жұмыс істеуге талап қоюмен қатар жүрмеуі мүмкін)

«…франчайзинг бір тарап (құқық иеленуші) екінші тарапқа (пайдаланушы) белгілі бір мерзімге немесе мерзімін көрсетпей құқық иеленушінің сауда белгісіне, қызмет көрсету белгісіне құқықты, сондай-ақ шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектілеріне, атап айтқанда коммерциялық белгілерге, өндіріс құпиясына (ноу-хау) құқықтарды қамтитын айрықша құқықтарының кешенін пайдалану құқығын сыйлықақы үшін беретін бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің нысаны ретінде қарастырылады»

пайдалану құқығы франчайзерден франчайзиге берілетін материалдық емес активтердің кешені толық көрсетілген

франчайзидің франчайзерге қатысты міндеттемелері туралы (ең алдымен, оның тек қана франчайзердің сауда маркасымен және технологиялары бойынша жұмыс істеу міндеті туралы) ештеңе айтылмайды

«Франчайзинг зияткерлік меншіктің (сауда маркасы және онымен байланысты өндірістік және коммерциялық технологиялар; бұл ЗМ кешені франшиза деп, ал иесі – франчайзер деп аталады) иесі оны пайдалану құқығын екінші кәсіпкерге (франчайзи) беретін, ал ол өзіне берілген ЗМ негізінде ғана коммерциялық қызметті жүргізуге міндеттенетін фирмалардың арасындағы кооперацияның нысаны болып табылады»

франчайзидің өзінің қызметін франчайзердің сауда маркасымен ғана жүргізу міндеттемесі көрсетілген, бұл франчайзингтің айрықша маңызды белгісі болып есептеледі

Зияткерлік меншіктің франчайзерден франчайзиге берілудің ақылы сипаты, сондай-ақ франчайзиге салынатын шектеулер (аумағы мен мерзімі бойынша) көрсетілмеген

«Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік ынтымақтастық жасау түрі, оның барысында ірі компания жеке кәсіпкерге немесе кәсіпкерлердің тобына шектеулі аумақта, шартта белгіленген мерзімде және талаптармен аталған компанияның сауда маркасымен өнімдерді өндіруге, тауарларды сатуға немесе қызметтерді көрсетуге лицензия (франшиза) береді».

франчайзи франчайзингтің келісілген талаптарымен тауарлар өндіру мен қызметтер көрсету саласындағы өз қызметін франчайзердің сауда маркасымен жүргізуге міндетті екені көрсетілген

Франчайзерден франчайзиге франшизаны берудің ақылы сипаты көрсетілмеген

«Франчайзинг … ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас түрі, онда ірі корпорациялар, «аналық» компаниялар (франчайзерлер) шағын фирмалармен, «еншілес» компаниялармен, ... (франчайзилер) франчайзердің атынан қызмет ету артықшылығына құқық беруге шарт жасасады».

ірі және шағын бизнестің өзара іс-қимыл жасауы көрсетілген

Франчайзингтік келісімдердің қатысушылары тәуелсіз кәсіпкерлер болып табылады

«Франчайзинг – бұл қызметті ұйымдастыру мен басқарудың жеке жүйесі; таратудың маркетингтік жүйесі; әріптестік қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін шарттар жүйесі».

Франчайзингтің шарттық қатынастардың жүйесі ретіндегі мәнін көрсетеді

Шамадан тыс айқын емес анықтама және франчайзингтің өткізушілік құрамдас бөлігіне ғана көңіл бөлінеді

«Франчайзинг – бұл маркетингтік ұйымның және бизнестің институционалдық саласының интерференциясы, онда бизнесті жүргізу сапасына бақылау жасауға құқығы бар және бір жолғы бастапқы төлемдер мен роялти төлегені үшін франчайзиге қажетті маркетингтік стратегияны беруге, персоналды оқытуға, сауда менеджментін беруге міндетті компания (франчайзер) тәуелсіз тұлғаға немесе басқа компанияға (франчайзи) өзінің өнімдерін, қызметтерін сатуға айрықша құқық береді».

франчайзер мен франчайзидің арасындағы қатынастар кешені жеткілікті толық көрсетілген

Автордың маркетингтік ұйым дегені нені білдіретіні түсініксіз.



Біздің ойымызша, келтірілген анықтамалар фрначайзингтің мән-мағынасын түсінудің жан-жақтылығын көрсетеді. Біріншіден, ол тәуелсіз кәсіпорындардың иелері арқылы франшизалық жүйені құру, ұстау мен дамыту үдерісін білдіреді. Екіншіден, франчайзинг өнімдерді немесе қызметтерді тұтынушыға жеткізу әдісі ретінде анықталады. Үшіншіден, бизнесті дамыту, материалдық және қаржы құралдарының және түрлі кәсіпорындар күш-жігерінің кооперациясы негізінде нарықты жаулап алу әдісі ретінде. Төртіншіден, экономистердің көпшілігі франчайзинг сауда маркасымен қорғалған өнімдерді немесе қызметтерді өндіруші немесе дара таратушы аталған аумақта өзінің өнімдерін немесе қызметтерін таратуға арналған айрықша құқықтарын өндірістік және қызмет көрсету операцияларының технологияларын сақтау шартымен олардан төлемдер (яғни, роялти) алғаны үшін орнына тәуелсіз кәсіпкерлерге беретін келісім немесе ұзақ мерзімді іскердік ынтымақтастық жасаудың бір түрі деген пікірге тоқтайды.


Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келе, франчайзинг - бұл өзінің ісін табысты әрі сенімді түрде жүргізетін франчайзер үшін ол өзінің бизнесін дамытудың тиімді әдісі болып табылатын әріптестік бизнес деп айтуға болады. Бұл әдіс аумақтық дамудың дайын тхнологиясы бойынша франчайзилердің көптеген желісін құру идеяларына негізделген. Кәсіпкер үшін франчайзинг - бұл франчайзер өзінің сауда маркасымен бірге беретін және жан-жақты көмек көрсететін нарықтың дайын «бос орнында» өзінің бизнесін ашу мүмкіндігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет