Тақырып Қазіргі заманғы жағдайдағы франчайзингтің экономикалық мәні


Екіншіден, франчайзинг ірі және шағын бизнестің арасындағы шарттық қатынастардың жүйесі ретінде



бет6/9
Дата19.04.2023
өлшемі144,81 Kb.
#84423
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 1

Екіншіден, франчайзинг ірі және шағын бизнестің арасындағы шарттық қатынастардың жүйесі ретінде. Франчайзинг заңды түрде тәуелсіз тараптардың арасындағы шарттық ынтымақтастықтың бір түрі болып табылады. Бірінші тарап ретінде, әдетте, бизнесте кәсіби табыстарға жету нәтижесінде іскерлік беделге ие болған кәсіпорын, ал екінші тарап – көбіне ірі франчайзер-фирмалармен өндірістік немесе басқа да экономикалық қатынастармен тығыз байланысты дербес кәсіпкерлердің белгілі бір тобын құрайтын шағын кәсіпорындар болады. Сондықтан франчайзинг шағын кәсіпкерліктің бір түрі ретінде қарастырылады, оның ерекшелігі франчайзинг шарты бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар өздерінің дербестігіне қарамастан бірыңғай жүйенің бір бөлігі болып табылатындығында.
Ірі және шағын кәсіпорындардың арасындағы қатынастардың франчайзингтік жүйесінің бірқатар артықшылықтары бар екенін атап өткен жөн:
- олар ірі бизнестің тәжірибесі мен қоладуына арқа сүйейтін болғандықтан франчайзинг негізінде жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың әрі қарай қызмет етіп кету деңгейі артады, ал ірі компаниялар өздерінің алға қойған мақсаттарына тәуекел мен өздерінің шығындарын төмендету арқылы қол жеткізе алады;
- сауда және қызметтер көрсету саласында қызмет ететін шағын кәсіпорындардың желісін жылдам құру мүмкіндігі, бұл жұмыссыздықтың төмендеуі, халықтың тауарлар мен қызметтерге деген қажеттілігін барынша қанағаттандыру, мемлекеттік бюджетті толықтыру секілді жағымды әсерлерге алып еледі.
Ірі және шағын бизнестің келісімшарттық қатынастары мен ынтымақтастығы шағын кәсіпкерліктің тұрақтылығының күрделі факторы болып табылады. Сонымен бірге шағын кәсіпорындарды дамыту экономика үшін ерекше маңызды. Олар айтарлықтай бастапқы инвестицияларды қажет етпейді және ресурстар айналымының жоғары жылдамдығын қамтамасыз етуге қабілетті. Шағын кәсіпорындар нарық жағдаятының өзгеруіне қарай жылдам әрекет етуге қабілетті, бұл онда икемділік аймағының қалыптасуы үшін алғышарттар туғыза отырып, экономикадағы бірқатар ауытқулардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлік ел экономикасындағы жұмыспен қамту деңгейін арттыру мән-мәтінінде біршама резервке ие, бұл оны дамыту міндетіне айқын көрінетін әлеуметтік мән береді. Оның үстіне, франчайзинг ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді бизнеске тартуға бағытталады, бұл жұмыссыздықтың қысқаруына ықпал етіп, экономикалық және әлеуметтік әріптестік мәселелерін шешуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет