Зерттеу барысында біз франчайзинг саласында шешімдер қабылдау кезінде негізгі факторлар мыналар екенін анықтадық: 1) тауарлар немесе қызметтер (франчайзинг объектісі), яғни ең алдымен, аталған нарықта ол қаншалықты бекігенін анықтау үшін тауардың немесе қызметтің беделі мен жаңашылдығы қарастырылады;
2) маусымдылық, ол жалпы жағдайды анықтайды және қаржы жағдайы мен қолма-қол ақша ағымын талдауға мүмкіндік береді;
3) белгілі бір аумақтағы эксклюзивтілік франшизаның аса маңызды сипаттамасы болып табылады;
4) меншіктің құрылымы – бизнес үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайлар;
5) франчайзер мен франчайзидің арасындағы қатынастар жиынтығы болып табылатын франшиза пакеті;
6) кәсіпкерлер мен франчайзингтік кәсіпорын қызметкерлерінің оқытылуы.
Аталған факторлардың өзара іс-әрекеті бизнесті жүргізудің тиімділігі жоғары тұжырымдамасын қалыптастыруға ықпал етеді, жүйе элементтерінің арасындағы өзара байланыс күшейген сайын өзінің позициясын нығайта түседі. 1-суретте франчайзингтік өзара қарым-қатынастардың авторлық моделі берілген.