Тақырып Қазіргі заманғы жағдайдағы франчайзингтің экономикалық мәні


Біздің ойымызша, франчайзингті оны түсінудің келесі аспектілерінен тұратын күрделі, көп қырлы экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажет



бет5/9
Дата19.04.2023
өлшемі144,81 Kb.
#84423
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 1

Біздің ойымызша, франчайзингті оны түсінудің келесі аспектілерінен тұратын күрделі, көп қырлы экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажет:
1) франчайзинг бизнесті жүргізудің тұжырымдамасы ретінде;
2) франчайзинг ірі және шағын бизнестің арасындағы шарттық қатынастардың жүйесі ретінде;
3) франчайзинг – бұл брендке негізделген маркетингтік тарату жүйесі;
4) франчайзинг – бұл бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ететін желілік өзара іс-қимыл жүйесі.
Осыларға сәйкес франчайзингтің «төрт параллель кеңістікте» бірдей мағынасы бар төрт тең деңгейдегі мәнге ие анықтамалары бар. Сонымен бірге, факторлар ретінде олар кәсіпкерлік қызметтің өзара байланысты алға жылжытушы күштері немесе негізгі шарттары болып табылады.
Біріншіден, франчайзинг – бұл бизнесті жүргізу тұжырымдамасы. Бизнестің тұжырымдамасы ретінде франчайзинг компанияның мақсаттарына қол жеткізу – кірістер алу және түпкілікті тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылатын кәсіпкерліктің негізгі көзқарастарының, ережелері мен құралдарының (қызметінің) жүйесі болып табылады. Франчайзинг бизнестің ерекше тұжырымдамасы ретінде белгілі бір қағидаларға негізделеді. Бизнестің франчайзингтік нысанының қағидалары – бұл алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін әріптестер басшылыққа алуы тиіс жалпы ережелер. Біз келесі қағидаларды бөліп алдық.
Ақылы болу қағидасы. Шарт бойынша франчайзер өзіне тиесілі айрықша құқықтардың кешенін, оның ішінде өзінің фирмалық атауына және/немесе коммерциялық ақпаратты қорғайтын коммерциялық белгісіне (бұдан әрі ноу-хау), тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне және т.б. құқықтарды сыйлықақы үшін кәсіпкерлік қызметте пайдалану үшін франчайзиге мерзімге (немесе мерзімін көрсетпей) беруге міндеттенеді. Сыйлықақы франчайзерге бекітілген бір жолғы немесе жүйелі түрдегі төлемдер, түскен кірістен, құқық иеленуші қайта сату үшін беретін тауарлардың көтерме сауда бағасынан аударымдар түрінде немесе шартпен көзделген басқа да түрде төленеді. Франчайзи тарапынан франчайзерге төленетін сыйлықақының жүйелі түрдегі құрамдас бөлігінің оңтайлы түрі франчайзидің пайдасының мөлшеріне немесе сатылымының көлеміне қарамастан жүйелі түрде бекітілген төлемдер түріндегі сыйлықақы болып табылады.
Біздің ойымызша, экономикалық тұрғыдан франчайзинг ақылы негізде әріптестердің біреуінде шамадан тыс болатын, ал екінші әріптесте оның жетіспеушілігі байқалатын ресурсқа қолжетімділікті беру әдісі болып табылады. Франчайзи жағдайында франчайзердің зияткерлік меншігіне қол жеткізуі туралы айтылады, ал франчайзер болса франчайзидің капиталын пайдалануға мүмкіндік алады. Негізінен пайдаланғаны үшін төлемақы франчайзиден ғана алынады деп айтылса да (бастапқы салым және роялти түрінде) іс жүзінде капиталды пайдаланғаны үшін айқын емес, реттелмеген түрде франчайзер де ақы төлейді, себебі ол өзінің маркасымен өткізу қызметін жүргізуден түскен кірісті (роялтиді қоспағанда) франчайзиге қалдырады. Осылайша, аталған қағиданы іске асыру бизнестің франчайзингтік жүйесінің табыстылығы мен тиімділігіне негізделген.
Консультациялық көмек көрсету қағидасы. Франчайзер қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыруға көмек көрсетуді қоса алғанда франчайзиге тұрақты техникалық және консультативтік көмек көрсетеді. Бұл қағида франчайзингті бірыңғай тауар белгісін немесе қызмет көрсету белгісін пайдалана отырып, тауарларды таратудың немесе қызметтерді көрсетудің басқа әдістерінен ажыратуға мүмкіндік беретін басты шарты болып табылады. Сол себепті, франчайзердің ноу-хауға салынатын инвестициялары мен франчайзиді оқытуға жұмсалатын шығындарының экспроприациясынан қорғану франчайзингтік желінің тиімді қызмет етуінің маңызды шарты болып табылады.
Сапаға сәйкес келу қағидасы. Шартпен көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде франчайзи өзі өндіретін тауарлар мен көрсететін қызметтердің тікелей франчайзер өндіретін немесе көрсететін баламалы тауарлар мен қызметтерге сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) тікелей құқық иеленушіден тауарды (қызметті) сатып алған (тапсырыс берген) кезде олар ала алатын барлық қосымша қызметтерді көрсетуге міндетті.
Құпиялылық қағидасы. Франчайзи франчайзердің өндіріс құпияларын және шарт шеңберінде одан алған басқа да құпия коммерциялық ақпаратты жария етуге құқығы жоқ. Франчайзинг жүйесінің жекелеген элементтеріне қатысты құпиялылықты сақтау міндеттемесі тараптар үшін қажетті шарт болып табылады. Берілетін ақпараттың біршама бөлігі қорғалуға қабілетсіз, яғни зияткерлік меншікті қорғау туралы заңнамасының жетілдірілмеуіне байланысты қорғалмайды. Оны қорғау үшін франчайзидің құпиялылықты сақтау жөніндегі міндеттемелерін көрсету жеткіліксіз. Сондықтан франчайзер шартта қандай ақпарат құпия, оны қорғау үшін франчайзи қандай шаралар қабылдау керек екендігі және міндеттемелер сақталмаған жағдайда туындайтын жауапкершілікті нақты белгілейді.
Әріптестердің тәуелділігі және тәуелсіздігі қағидасы. Франчайзинг идеясы әріптестердің тәуелділігі және сонымен бірге бір-бірінен тәуелсіздігінің қарама-қарсы тұтастығына негізделеді. Тәуелділік нақты франчайзер жүйесінің тұтастығына байланысты, ол франчайзер мен оның франчайзиінің арасындағы келісімшартта жан-жақты көрсетіледі. Тәуелсіздік болса франчайзидің «тәуелсіз» кәсіпкер: әдетте, франчайзерге әкімшілік жағынан ешқандай бағынбайтын заңды тұлға болуына байланысты. Франчайзидің тәуелсіздігін сақтап қалуы өндіру қызметіне ынтаны да сақтауға мүмкіндік береді. Бұл дербестік дисконтталған ағыны франшизделген бизнестің нарықтық құнын анықтайтын қалған кірістің бір бөлігіне құқықтың болуымен түйісуіне байланысты. Бұл ретте, күтілетін нәтижелерді бөлу көбіне қызметкерлердің табыстарға қатысу жүйесіне ұқсайды. Екінші жағынан, сатылымнан пайыз ретінде роялти төлеумен қатар пайдаланушы құқық иеленушіге кесімді белгілі бір соманы төлейді. Франчайзердің міндеттеріне қызметтерді көрсету кезінде сапа стандарттарының сақталуына бақылау жасау кіреді. Кірістерге деген үлесі оның техникалық және консультациялық қолдау керсету желісінде де сапаны бақылауын ынталандырады.
Шарттық жауапкершілік қағидасы. Франчайзинг шартында қарастырылған қызметтің қатаң реттелуі, франчайзер тарапынан бақылау жасалуы бизнесті жүргізудің жалпы мәдениетін, оның құқықтық жағынан қорғалу деңгейін арттыратыны сөзсіз. Шартта франчайзидің кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір саласына қолдануға болатын келісілген көлемде франчайзердің іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесін пайдалану қарастырылады. Франчайзи франчайзердің фирмалық атауын пайдалану, сонымен бірге оның негізінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын қамтамасыз етуде де берілген франчайзинг тұжырымдамасын пайдалануға қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
Әріптестердің ынтымақтастыққа келу мүмкіндігі олардың өзара мүдделерімен анықталады, ал мүдделер экономикалық және маркетингтік әлеуетпен айқындалады. Демек, өздерінің мүдделерін келісе және оларды шарт түрінде ресімдей отырып (әрине, қолданыстағы заңнамалық нормалар мен ережелерді ескеру арқылы), тараптар франчайзингті нақты іске асыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл ретте түрлі жүйелер бойынша шарттардың талаптары алуан түрлі себептерге және белгілерге байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Айтылғандарды ескере отырып, жалпы белгілері болған жағдайда франчайзингтің бірдей тұжырымдамалары болуы мүмкін емес екендігін есте сақтау қажет, себебі өнімдер, маркалар, бизнес жүйелер, экономика, маркетинг, сыртқы жағдайлар және т.б. әр түрлі болады. Сондықтан «франшизаны сатуға/сатып алуға» дайындалу – бұл күтілетін артықшылықтарды және әрине, өзінің қалаулары мен мүмкіндіктерін бағалауды қажет ететін күрделі іс. Франчайзинг – бұл жоғарыда аталған қағидаларға негізделген ұзақ мерзімді іскерлік ынтымақтастықтың бір нысаны болғандықтан, осы нысанды таңдауды келісімнің қатысушылары толығымен түсініп, ой елегінен өткізуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет