Тақырып: Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері Жоспар



бет4/8
Дата06.01.2022
өлшемі92,93 Kb.
#16746
1   2   3   4   5   6   7   8
Педагогикалық құбылыс немесе үдерісті тұтастай игеру принципі. Тұлғаның кез-келген сапасын оқу-тәрбие үдерісінде және жеке тұлғаны қалыптастыруда бірлікте тұтастықтықпен жүргізу керек, бірақ ғылым заңы бойынша тұтасты бөлікке бөлмей бүтіндей игеруге болмайды. Бұл принцип төмендегіні ұсынады:

- Зерттеуде жүйелі қатынасты-максималды қалыптастыру

- Игеретін құбылыс механизмін ашу

- Тұтас тәрбие барысында игерілетін педагогикалық үдеріс немесе құбылыстың нақты орнын анықтау.



Педагогикалық мәселені игерудегі зерттеу әдістерін комплексті түрде қолдану принципі. Көбінесе дәстүрлі бақылау мен сұхбат тәжірибелік пен эксперименттік жұмыс бірлігінде қолданылады. Зерттеуде 1-2 әдіс қолданған кезде зерттеу жұмыстарының дәл еместігі байқалады. Педагогикалық зерттеу әдістерін комплексті түрде қолдану қағидаларын талап етеді:

- Педагогикалық құбылысты игеруде көп мақсаттылығы

- Зерттеу жұмысын жүргізуде барлық игеру әдісі

- Әр түрлі зерттеу әдістері арқылы педогогикалық деректер зерттелінеді

- Зерттеу нәтижесінде шынайы «философиялық, логикалық және психологиялық, педагогикалық талдауды талап етеді».

Обьективті принцип- жалпы ғылыми принцип. Бұл педагогикада ең негізгі орынды алады. Субъективизмді жеңудегі ең алдымен өзінің ғылыми нәтижесінде негізделген талап қайта – қайта тексеру болу тиіс. Әсіресе өзінің идеясымен тиянақты қорытындыланады. Оның негізгіьталапьары:

- Баланы зерттеуде бірнеше әдістермен әр дерктерді тексеру

- Алынған дерек материалдарды тексеру, нақтылау

- Өзін-өзі тексеру, өзінің эмоциясын тексеру, бақылау

- Баланы тәрбиелеу мен оқытудың бірлігі

Ұжым мен тұлғаны бір мезгілде игеруді зерттеу принципі. Даму өзгерістеріндегі игеруді зерттеу принципі. Кез- келген ғылымда тарихи принцип маңызды. Зерттелгелі отырған мәселе терең қарастыру принципі

- Ғылымға сенімді қару мен өте сақ көзбен қараудың үйлесімділігі



Педагогикалық-тиімділік (эфективті) принципі

Культурологиялық принцип мәдениет пен білім беруде оның мазмұнын құрайтын, табиғат, қоғам, әрекет жолдары, эмоциональды-еріктік және адамды қоршаған қоғамға, еңбекке және қарым-қатынасы ретінде көрінеді.

Культурологиялық принцип танымның нақты ғылыми әдіснамасы ретінде өзара байланысқан үш аспектіден тұрады: аксиологиялық, технологиялық, тұлғалық-шығармашылық.

Аксиологиялық (құндылықты) аспект жеке тұлғаның құндылықты бағдарын зерттеп, қалыптастыруды қамтамасыз ететін педагогикалық үдерісті ұйымдастыруды көздейді.

Технологиялық аспект мәдениетті адамның іс-әрекетінің арнайы тәсілі деп түсінумен байланысты.

Тұлғалық-шығармашылық аспект индивид пен мәдениеттің обьективті байланысымен түсіндіріледі. Ол мәдениет құндылықтары мен жеке тұлға мен шығармашылық іс-әрекетінің байланысын талап етеді.

Полисубьектік принцип адамның мазмұны оның іс-әрекетіне қарағанда жан-жақты, бай және күрделілігінен келіп шығады. Осы принцип тұлғалық және іс-әрекеттік принциптермен бірігіп гуманистикалық педагогиканың әдіснамасын құрайды.

Этнопедагогикалық принцип культурологиялық принциптен өзгеріп келіп, сол трансформацияда жалпы адамды, ұлттық және жалқы бірлікте көрінеді. Ұлттық мәдени білім беру мекемелерінің басты ерекшелігі осы ортаны зерттеп, қалыптастыру және оның тәрбиелеу мүмкіндіктерін қолдану педагогтың басты міндеті болып саналады.

Антропологиялық принцип адам туралы барлық ғылымдардың деректерін жүйелі пайдалану; адамның тұтас табиғатын, оның мүмкіндіктері мен қажеттілігін ескере педагогикалық үдерісті құру және жүзеге асыру.


Қолдынылған әдебиеттер тізімі:

1 Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.

2 Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. - Изд. Калининградского государственного университета, 2010.

3 Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2011.

4 Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2012.

5 Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2010.

6 Организация психолого-педагогических научных исследований: учеб. пособие /Г.М. Кертаева, О.Б. Боталова. – Алматы, 2010.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет