Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


-жылдық жалпы орта білім беру мектебінің моделі және ондағы мұғалім еңбегінің ерекшеліктері



бет36/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Байланысты:
дарис-2

12-жылдық жалпы орта білім беру мектебінің моделі және ондағы мұғалім еңбегінің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының білім беру саласында дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену және әлемдік білім беру стандарттарына отандық білім беруді сәйкестендіру мақсатында барлық (мектепке дейінгі, мектептік, жоғары мектептік) деңгейлерде өзгерістер енгізіліп отыр. Солардың бірі - жалпы білім беретін 12-жылдық орта білім беруге ауысуы. Дүниежүзілік тәжірибеде 12-жылдық орта білім беру Европа кеңесінің (1992 ж) Декларациясына сәйкес 136 елде жүзеге асырылуда. Олардың қатарында Жапония, АҚШ, Франция, және ТМД елдерінен Украина, Беларусь, Өзбекстан, Балтық елдері осы білім беру жүйесін тиімді деп таңдаған.
Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер көбінесе мемлекет тарапынан жүргізілетін тұжырымдамалар арқылы іске асырылатыны анық. Қазақстан Республикасының 12-жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, негізгі сатылары қарастырылған. Аталған тұжырымдамада 12-жылдық орта білім беруге көшудің себептері ретінде:

  • Орта білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы;

  • Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы;

  • Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы;

  • Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі аталып көрсетілген.

Әрине, осылайша орта білім беру ұзақтығының өзгеруі кездейсоқ үрдіс емес екені белгілі. Бұның өзі педагогикалық теория мен практиканың орынды да шынайы талабы деп түсінуге болады. Педагогика ғылымының тарихында орта білім берудің ұзақтығына байланысты мұндай мәселелер көп кездеседі. Мысалы Қазақстандағы ең алғашқы мектептер екі жылдық қана болған болса, кейіннен бұл мерзімдер білім беру мазмұнының толықтырылуына, күрделенуіне, және басқа да заман талаптарына сай 3 жылдық, 4-жылдық, 7 жылдық, 8 жылдық, 10 жылдық, 11 жылдық болып ауысып отырған.
Қоғамның дамуында мектептің маңыздылығын жоғары бағалай отырып қазақ даласында ең алғашқы мектептер ашқызған педагог Ы.Алтынсарин айтып кеткендей «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты тұтқасы... Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты». Сондықтан қазіргі таңда орта білім беру ұзақтығын өзгерту мәселесі оның алдына қойылған мақсаттар мен одан күтілетін нәтижелер арасындағы сәйкессіздіктен туындап отыр деуге болады. Осы орайда білім берудің тұлғалық-бағдарлық, гуманистік, аксиалогиялық бағыттарының барлық бағдарламалары мен оқу пәндерінің мазмұндары, оқыту-тәрбиелеу әдіс-тәсілдері, технологиялық жобалар арқылы іске асырылуы өте өзекті. Сонымен қатар мектеп негізгі әлеуметтік институт ретінде өзінің әлеуметтендірушілік міндетін дұрыс атқара алуы талап етіледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде 12-жылдық жалпы орта білім беру арқылы жас буын тәрбиесі қоғамның одан әрі алға дамуына мүмкіндік жасайтын жағдай болып табылады. Сондықтан, бұл күндері тәрбие барған сайын қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатқа иеленіп, тұтастай қалыптасып жатқан үздіксіз білім беру жүйесінің бір маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл салада мектеп пен жоғарғы оқу орындарындағы сабақтастық, мектеп бітірушілердің болашақ мамандықтарын бейіндік оқыту арқылы дұрыс таңдай алулары, сол таңдаған кәсіптері арқылы әр тұлғаның толық өздерін іске асыра алулары көзделген.
Бейіндік оқытудың бір артықшылығы оқушылар тек білім алумен ғана шектелмей, өздерінің қызығушылықтарына, бейімдеріне, қабілеттеріне, икемділіктеріне, таңдайтын мамандықтарына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуы қамтамасыз етілмек. Бұл әрине ұтымды қадам, себебі неғұрлым адам өзіне қажетті кәсіпті саналы түрде дұрыс таңдай білсе сол кәсіптің қыр-сырын дұрыс түсініп, тез меңгеріп, қажетті дағдыларды қалыптастырады.
Сонымен, бүгінгі таңда толғағы жеткен көптеген педагогикалық
әлеуметтік мәселелер казіргі мұғалімдердің ой-санасының жаңаруымен, жаңа міндеттерді айқын түсінуімен, педаготардың белсенділігімен, шығармашылық қатынастарымен шешілмек.
12-жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық моделін төмендегі кестеден көруге болады.
Кесте 1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық моделі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет