I-саты: Жалпы орта білім беру 1-4 сыныптар Оқытуды
бастау жасы - 6 жастан Оқытудың ұзақтығы - 4 жыл
Оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылықтарын арттыру, кіші жастағы оқушыларда біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету. Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
II-саты:
Жалпы орта білім беру
5-10 сыныптар
Оқыту ұзақтығы - 6 жыл
Негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру. Негізгі мектеп оқытуды бейінді мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады. Бұл сатының ерекшелігі оқушының мектептегі үшінші сатыдағы бейіндік оқытуға саналы таңдау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі.