Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты



бет38/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
Байланысты:
дарис-2



Достарыңызбен бөлісу:
Жалпы орта білім беру


11-12 сыныптар

Оқыту ұзақтығы – 2 жыл



Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.
Бейіндік (профильдік) оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бейіндеу нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс. Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.

Орта білім беру деңгейіндегі енгізілген өзгерістер білім беру саласының басқа деңгейлерінің өзгеріп отыруына әкеліп соғады. Мысалы, 12-жылдық білім беру мектебінің моделіне сай жоғарғы оқу орындарында білім алатын болашақ ұстаздардың осындай мектепте жұмыс істеуге даярлығын қалыптастыру мәселесі туындайды. Ал оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру жағын қарастыратын болсақ мектептің жаңа моделі үшін жаңа буынды оқулықтар, оқу құралдарын қайта дайындау қажет.
Кестеде көрсетіліп отырған 12-жылдық білім берудің әр сатысындағы негізгі міндеттерді шешу үшін болашақ мұғалімдер арнайы психологиялық-педагогикалық білімдермен қаруланулары қажет. Жоғарғы кәсіби білім беру саласының мазмұнын толығымен қайта қарастыру, жаңа оқыту жүйесінде белсенділік пен шығармашылық танытатын жас мамандар қашан да қажет.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

      1. Мұғалім мамандығының әлеуметтік маңызы неде?

      2. Мұғалім мамандығының гуманистік сипаты неде?

      3. Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипаты неде?

      4. Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады?

      5. Мұғалім профессиограммасы дегеніміз не?

      6. 12-жылдық орта білім беруге көшудің негізгі себептері қандай?

      7. 12-жылдық орта білім беру неше сатыдан тұрады?

«Бейіндік оқыту» деген ұғымды қалай түсінесіз?

2

№ 11
дәріс

1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет