Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Кәсіптік педагогикалық қарым-қатыныс түрлері



бет45/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Байланысты:
дарис-2

Кәсіптік педагогикалық қарым-қатыныс түрлері. Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан-алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастар мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады:

  1. Вербальды қарым-қатынас.

  2. Вербальсыз қарым-қатынас.

  3. Интерактивті қарым-қатынас.

  4. Перцептивті қарым-қатынас.


Сурет 1. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері.
Вербальды қарым-қатынас – бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы. Сөздің қадірін халық даналығында сақталған мынандай мақалдармен атап көрсетуге болады:
«Өнер алды қызыл тіл»,
«Жақсы сөз –жан азығы»,
«Жақсы сөз – жарым ырыс»,
«Жанды жаралайтында сөз, емдейтін де сөз»,
«Айтылған сөз, атылған оқ»,
«Білетініңді айта берме, бірақ не айтатыныңды біл» т.б.
Адамның сөйлеу шеберлігі арқылы оның дүниетанымының кеңдігін, ақылдылығын, мәдениеттілігін, тәрбиелілігін, тіпті мінезін де байқауға болады. Сондықтан көптеген адамдардың сөйлеу шеберліктерінің жетіспеушілігі олардың осал жерлері болып табылады. Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты. Адамның әрбір сөзі бір нәрсені білдіреді, яғни оның мазмұны бар. Қарым-қатынасқа қатысушы адамдар айтылған сөзді жақсы түсініп қабылдаулары үшін олар бір тілде (қазақ, ағылшын, орыс т.с.с.) сөйлеусулері керек. Сонымен қатар әрбір айтылған сөз ұғынықты, анық, әсерлі болуы маңызды. Сөздің қысқа да нұсқа болғаны дұрыс себебі әр адамның үлкен көлемді ақпаратты қабылдауында, оны меңгеріп санасына сіңіруінде өзіндік ерекшеліктері болады.
Сөйлеу барысында, әсіресе мұғалімнің сабақты түсіндіруі кезінде, тілінің мәдениеттілігі үлкен рөль атқарады. Мұғалімнің сөйлеу интонациясының, дауыс ырғағы мен оның қойылымының өзін дұрыс ойластыру қажет, себебі сөздің қандай көңіл-күймен айтылып тұрғандығы да маңызды. Мысалы А.С.Макаренко балаларға «Кел мында» деген сөзді оншақты түрде дауыс ырғағын өзгерте отырып, әр-түрлі көңіл күй жағдайына сәйкестендіріп айта алған. Өте қатты дауыс – адамның жүйкесіне әсер етеді, өте ақырын дауыс – жалықтырып, қалғытып, тез шаршатады.
Адам өз сөйлеу жылдамдығын да қадағалап отыруы қажет. Ең жоғарғы сөйлеу жылдамдығы минутына – 120 сөз. Сөйлемдер арасында пауза – үзілістер жасау арқылы адам тынысын түзейді. Сонымен қатар, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі тілдің байлығы мен тазалығы, оны басқа тілдермен араластырмай, алаламай сөйлеуі құлаққа жағымды естіледі, және педагогтың абыройы мен беделін жоғарлатады. Кейбір адамдарда сөйлеу барысында қисынсыз бір сөздерді қыстырып сөйлеу әдетке айналып кеткен. Мысалы, «яғни», «әрине», «демек», «ана барғой», «жалпы», т.б. сөздердің орынсыз қайталана беруі тыңдаушыларға жақсы әсер береді деп айту қиын. Керісінше бұндай сөздердің көп қайталануы адамның сөз қорының аздығын немесе сөйлеу мәдениетінің төмендігін аңғартады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін адам арнайы жаттығуы қажет. Адамның өз сөз қорын байытуына, сөйлеу шеберлігін дамытуына байланысты мынандай мысалды келтіруге болады. Бір адам «Р» әрпіне тілі келмеген болса да оның тіл кемістігін жұмысындағы әріптестері ұзақ уақыт бойы байқамаған, себебі ол «Р» әрпі бар сөздерді айту қажет болғанда, оның орнына сол сөздердің синонимдерін ғана қолданып отырған екен.
Сөздік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды бала санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын тақырыпқа шегелей түседі. Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.

Сурет 2. Вербальды қарым-қатынас түрлері.


Аксиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процессі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас).
Қарым-қатынастың нәтижелері оны ұйымдастыру орнына (сынып іші, аудитория, дала, табиғат, мейрамхана т.б.), өткізілу уақытына (таңертең, түсте, кешке, түнде) адамның жас ерекшеліктеріне, мінездеріне байланысты әр-түрлі болады. Осыған орай қарым-қатынас жасауда оның орны мен уақытының алатын рөліне байланысты мынандай мысалдарды қарастырайық. Мысалы АҚШ-та көптеген ірі компанияларда кабинеттердің есіктері бәрі шыныдан жасалған. Олар бәріне ашық, міне біз жұмыс үстіндеміз дегендей. Ал немістер ондай жерде жұмыс істей алмайды. Олар ашық есікті де ретсіздік деп санайды.
Сонымен қатар қарым-қатынасты ұйымдастыруда әңгімеге қатысушылардың үстел басында орналасулары да, тыңдаушылар мен баяндаушы арасындағы ара қашықтық та дұрыс ескерілуі керек. Тым алыс отырған тыңдаушының зейінінің шоғырлануы төмендеп сейіле бастайды. Ал егер баяндаушы да, тыңдаушылар да өзара жақын, салыстырмалы түрде бірдей қашықтықта орналасса олардың тығыз қарым-қатынастары тиімді нәтижеге жеткізетіні анық. Бір үстел басында отырған адамдардың қарым-қатынысы күштірек болатынына байланысты кейбір маңызды семинар, мәжілістердің «дөңгелек үстел» басында өткізілу себебі де осы идеяға негізделген.
Мұғалімдер тәжірибесінде әр жастағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Өзімен бірге істейтін әр жастағы әріптестері, оқушылар, олардың ата-аналары, ата-әжелері педагогтың коммуникативтік қабілеттеріне деген талапты күрделендіре түседі. Жас мұғалімдер үшін аталып отырған адамдар категориясында әсіресе оқушылармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық-педагогикалық негіздері мен сан-алуан тәсілдерін жан-жақты меңгеру қажет.
Аксиалды қарым-қатынас ретиалды қарым-қатынасқа қарағанда анағұрлым қарапайымырақ, себебі бір адаммен сөйлесу бір топ адаммен сөйлесумен салыстырғанда әлде қайда жеңіл.
Бір адаммен сөйлескенде оған не қызықты, ол неге еліктейді соны анықтап алған жөн. Бұндай қарым-қатынасты өзіңді мазалайтын нәрседен емес, тыңдаушыңды қызықтыратын мәселеден бастаған жөн. Аксиалды қарым-қатынас барысында тек өзінің пікірін ғана дұрыс деп санайтын адамдар да жеткілікті. Ондай адамдармен дауласудың қажеті жоқ. Тек нақты фактілер, нақты аргументтер арқылы логика заңдарына негізделіп өз пікіріңіздің дұрыстығын сабырлықпен, достық қарым-қатынасты бұзып алмайтындай дәлелдеген абзал. Ал керісінше, кейбір жағдайларда сіздің барлық пікіріңізбен келісіп мақұлдай беретін адамдармен әңгімелесудің өзі қызықсыз болып қалады. Ондай адамдардың жеке пікірін білу үшін оларға тікелей сұрақтар қойып отыруға тура келеді.
Егер сізге айтылып отырған ақпаратты сіз бұрыннан білетін болсаңыз, «Мен оны білемін» - деп кесіп айтудың қажеті жоқ. Керісінше ол адамның сол мәселе жайлы білімдерін өз білімдеріңізбен салыстырып көріңіз, бәлкім сізге қызықты жаңалықтар айтылатын шығар. Аксиалды және ретиалды қарым-қатынастар барысында сөйлеп тұрған адамды тыңдай алудың өзі өнер. Аксиалды қарым-қатынастағы диалогтың нәтижесі адам көңілін барлық алаңдатқыштардан (уақыттың тығыздығы, ұялы телефонның үнемі шырылдай беруі т.с.с.) алшақтатуына байланысты өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет