Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері



бет53/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
дарис-2

Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері. Психологиялық педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі тәрбиелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны мектеп қабырғасынан шыққан әр-бір оқушыға таныс.
Педагогика ғылымында Б.Б.Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері. 1- суретте көрсетілгендей әр топқа жататын бірнеше әдістерді атап көрсетеді.

Сурет 1. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері.
Ал өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдеріне адамның өз тұлғасын жетілдіру мақсатында өз алдына нақты міндеттер қоюын, ол міндеттердің орындалуы бойынша өткенді ой таразысына тартып өзіне есеп беруін, олардың орындалмауының себептерін анықтауын, өзін арнайы қадағалау негізінде айқындалған өз бойындағы өзгерістерді жүйелі түрде тіркеп жазып жүруді жатқызады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің аса көп қолданылатын әдістеріне тоқталып өтейік. Өзін-өзі тәрбиелеудегі бастапқы әдістердің бірі адамның өзін-өзі бағалауы. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыруынан басталады. Өзіне дұрыс берілген баға өзін тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс қоюға көмектеседі. Егер де адам өзін басқалармен салыстыра келе өзін төмен бағаласа, ол көптеген қиындықтарға кездеседі, өзіне деген сенімін жоғалтады, басқалар мен қарым қатынас жасау қиынға соғады.
Гете айтқандай «Өзіңді өз қабілеттеріңнен жоғары бағалаудың керегі жоқ және өзіңді кемсітудің де керегі жоқ». Мысалы жас мұғалім өзіне төмен баға берген болса ол балалар алдында қобалжып, немесе балаларды басына шығарып аламын ба деген оймен оларға айқайлап, басқарудың авторитарлық әдісіне жүгінеді. Тым жоғары берілген баға да адамды басқалардан алыстатып жібереді, ұжым ішінде жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бөгет жасайды. Ондай адам мақтаншақ, кеудемсоқтық, т.с.с. жағымсыз қасиеттерімен көпшіліктің көңіліне жақпай қалады.
Ал өзін-өзі бағалау нақтыдан сәл ғана жоғарырақ болса ол адамның жаңа деңгейге көтеріліп отыруына көмектеседі. Өзін-өзі бағалау сол сәттегі жағдайларға тікелей байланысты болады. Мысалы аудиторияға өте жақсы киініп келген адам кірсе, студенттер өздерінің киім киюдегі эстетикалық талғамдарын төмен бағалаған, ал керісінше киімдері үтіктелмеген, қарапайым киінген кісі кіргенде, студенттер өздерінің сыртқы пішіндерін жоғары бағалаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет