Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты



бет54/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
дарис-2

Өзін-өзі қадағалау басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда, өзін сабырлы ұстай білуге, басқалардың кемшіліктеріне кешірімді, қателіктеріне шыдамды болуға көмектеседі. Мысалы, кейбір адамдар балалардың шулағанын көтермей ашуланады, бірақ оданда қатты күн күркіреуі ол адамды сондай қатты ашуландырмайды. Яғни мәселе адамның сол ызалалықты тудыратын объектіге өзінің қандай қатынаста екеніне байланысты екен. Өзін-өзі қадағалау қиын жағдайларда ашуға жол бермей өзін-өзі ұстай алуға итермелейді. Адам үшін өз сезімдерін басқарып, оны уақытында тежей алу жаттығуды қажет ететін күрделі психикалық процесс екеніне келісу керек. Осы мәселені Абайдың: «Өзіңе-өзің үңіліп, өзіңді тізгіндеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу – осы істегі бастапқы қадам» -деген сөздерімен негіздей кетуге болады. Адамдармен қарым-қатынас барысында өзін-өзі қадағалап тұра алуына мысал ретінде мұғалімдердің ұстамдылығын, шыдамдылығын, төзімділігін, толеранттылығын келтіруге болады.
Өзіне-өзі бұйырық беру адамды жақсы жаққа жетелеп отырады. Бұл әдіс көбінесе адам бір нәрсеге өзін-өзі сендіріп, бір нәрсені істеу қажет екенін түсінгеннен кейін қолданылады. Бұл әдіс адамның өзіне-өзі қатал, табанды түрде талап қоя алуына байланысты кездеседі. Адам өзіне бұйырық беріп оны бір рет орындай алса, келесі жолы сондай бұйырықты орындау жеңілірек болып, көп қайталана бере әдетке айналады. Адам бұйырықты өзіне іштей береді, ол көмектеспесе оны дауысын шығарып қайта-қайта қайталауы керек. Өзіне-өзі бұйырық беру арқылы адам ерік-жігерін тәрбиелейді. Ал ерік-жігері күшті адам әрқашан да жетістіктерге жете алады. Ұлы Отан соғысы кезінде әуе шайқастарында ұшағы өртеніп жау жеріне құлаған әскери ұшқыш Маресьев тұтқынға түсіп қалмауы үшін, ауыр жаралы болып, қайта-қайта есінен танып қалса да жер бауырлап, өзіне «алға, алға», «шыда, шыда» деген бұйырықтар беріп отырып өз партизандарына тірі жеткені белгілі.
Өзін-өзі иландыру адамның өзіне қажетті бір қасиеттерді қалыптастыруда жақсы көмектеседі. Адам қатты ауырғанда көңілін басқа жаққа бұрып, басқа іспен айналысып кетсе ауырғаны уақытша болсын азаяды. Сенека айтқандай «ауыруды ойлай берсең ол үлкейе береді». Островский, Кант, Паскаль т. б. өз ауыруларына көп көңіл бөлмей тек өздері сүйетін шығармашылық істермен айналысып, адамзат тарихында өшпес іздерін қалдырған. Өзін-өзі иландыру арқылы адам көптеген жағымсыз қылықтарынан арылуына болады. Өзін-өзі иландыруға қарағанда өзіне-өзі бұйырық беру өзіне сын тұрғысынан қарауға бөгет жасамайды, керісінше, өзін жан-жақты бағалауға ықпал береді. Өзін-өзі иландыру мен өзіне-өзі бұйырық беру адамның өзін меңгеруіне көмектесуімен қатар, олардың арасын жеке бастың саналы және санасыз әрекетіне жіктейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет