Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Педагогикалық қарым-қатынас стильдері



бет49/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Байланысты:
дарис-2

Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерімен танысып өтейік. Педагогикалық қарым-қатынас стилі - педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мұғалімнің балалармен қарым-қатынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктеріне байланысты әр мұғалімнің кабинетке кіруімен бірге оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады.
Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында қарым-қатынастың мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлық, либералдық, демократиялық.

    1. Қарым-қатынастың авторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімнің айтқанын, нұсқасын орындаушылар ретінде қабылданады. Оқушыларға ешқандай еркіндік берілмейді, олар үнемі бағынышты, тәуелді позицияда болып, педагогикалық ықпалдың объектісіне айналады. Мұғалімнің дауыс ырғағында бұйырық беру, қатал тәртіп орнату, өктем сөйлеу, қысым жасау сияқты қасиеттері басым болады. Мұндай қарым-қатынас барысында оқушылардың тұлға ретінде дамуына көп кедергілер кездеседі және ұстаз бен оқушылар арасында көптеген түсініспеушілік, шиеленіс, қарама-қайшылық жағдайлары кездеседі. Мұнда мұғалім: «Менің айтқаным заң», «Мен бұйырамын, сендер орындайсыңдар» деген позицияны ұстанады.

    2. Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім тек оқыту процесімен шектеліп балалардың тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз беттерінше жібереді. Бұндай қарым-қатынас стилі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныбында үлгерім де, тәртіп те қанағаттанарлықсыз болады. Мұғалім балалар ұжымының дамуына, жеке оқушылардың даму мәселелеріне немқұрайлы қарайды, қиын жағдайлардан құтылу үшін қатты талап қоюдан бас тартып ешқандай белсенділік, шығармашылық танытпайды. Оқушылардың тәрбиесі, дамуы қадағаланбайды, қарым-қатынас барысында ынтымақтастық, түсінісушілік болмайды. Мұғалім «Сен тимесең, мен тимеймін», «Қалай болса, солай болсын» деген позицияны ұстанады.

    3. Қарым-қатынастың демократиялық стилінде оқушы мен мұғалім педагогикалық қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымақтастық қарым-қатынаста болады, оқушылардың жеке пікірлері есепке алынып, олардың белсенділіктері, шығармашылықтары жоғары бағаланады. Өзара қарым-қатынастары кеңес беру, ақыл айту, өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске асырылады. Мұндай стиль оқушылардың тұлға ретінде дамып қалыптасуына, олардың субъектілік позицияға ие болуына, гуманистік қатынастардың орнығуына, жағымды психологиялық ахуалдың қалыптасуына әсері көп. Бұл стильді ұстанатын педагогтар оқушылардың көңіл-күйін, психологиялық жағдайын түсінуге, олардың мүмкіншіліктерін, жетістіктерін дұрыс бағалауға, оларға дұрыс құндылықтық бағыт-бағдар беруге тырысады. Осындай мұғалімдердің басқаруымен жұмыс істейтін оқушыларда өз беттерінше жұмыс істеуге дағдылану, жауапкершілік, шығармашылық, өзінің қабілеттерін дамытып іске асыру ерекшеліктері жиі байқалады. Бұл стиль бойынша жұмыс істейтін мұғалім: «Бәріміз бірге жоспарлаймыз, бірігіп орындаймыз, бірігіп жетістікке жетеміз» деген позицияны ұстанады.

Н.Н.Ханның зерттеуінше мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде ынтымақтастық қарым-қатынасты іске асыруға даярлығы мынандай компоненттерді қамтиды:

      1. Педагогикалық іс-әрекетке деген кәсіби ынтаның болуы.

      2. Оқу процесінде оқушы тұлғасын қалыптастыруға қажетті білім көлемінің болуы.

      3. Педагогикалық процестің қызметіне жағымды әсер беру мақсатындағы кәсіби іскерліктер жиынтығы.

В.А.Кан-Калик мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың
мынандай топтамасын анықтаған:

  1. Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке әуестену негізіндегі қарым-қатынас (мұғалім оқушыларды шығармашылыққа ынталандырады, балалар мұғалім соңынан қалмайды).

  2. Достық ықылас негізінде құрылған педагогикалық қарым-қатынас (мұғалім оқушының ересек жолдасы ретінде қарым-қатынаста болады, татулық, достық қатынас орнайды).

  3. Дистанциялық қарым-қатынас (түрлі әлеуметтік роль атқаруларына байланысты оқушы мен мұғалім арасында нақты дистанция сақталады, мұғалімнің жетекші ролі орын алады).

  4. Қорқыту арқылы қарым-қатынас орнату (мұғалімнің өктемдігі басым болады, балалар үнемі мұғалімнің ұрсуынан үрейленіп жүреді).

  5. Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжыңға негізделген қарым-қатынас (балаларға ұнау үшін жас мұғалімдер қалжыңдасып сөйлеуді ұстанады, бірақ бұл дұрыс нәтижеге жеткізбейді).

  6. Мұғалім шәкірттер алдында өзінің артықшылығын көрсетуге бағытталған қарым-қатынас (мұғалім тек өзінің беделімен ғана айналысады, үнемі өзінің балалардан жоғары екенін дәлелдеуге тырысады).

Әр жас мұғалім өзінің дербес ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне байланысты педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік стилін қалыптастырады. Қарым-қатынастың өзіндік стилін қалыптастыру үшін ең алдымен жас маман өзінің психологиялық ерекшеліктерін, құндылық бағдарын, ішкі қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін арнайы зерттеп білуі қажет. Коммуникативтік қабілетті зерттеуге арналған диагностикалық әдістемелердің түрлері қазіргі педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде өте көп. Солардың бір мысалы ретінде адамның қарым-қатынас жасауға бейімділігін анықтауға байланысты мынандай тестті қарастырып өзімізді зерттеп көрейік.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

  1. Қарым-қатынас дегеніміз не?

  2. Педагогикалық қарым-қатынасты қалай түсінесіз?

  3. Педагогикалық қарым-қатынастың қандай кезеңдерін білесіз?

  4. Педагогикалық қарым-қатынастағы авторитарлық стиль дегеніміз не?

  5. Педагогикалық қарым-қатынастағы либералдық стиль дегеніміз не?

  6. Педагогикалық қарым-қатынастағы демократиялық стильдің ерекшелігі неде?

  7. Эмпатия, симпатия, антипатия ұғымдарын қалай түсінесіз?

  8. Педагогикалық қарым-қатынастың қандай түрлерін білесіз?

  1. Рефлексиялық талдау дегеніміз не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет