Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Тест «Ерік-жігерді шыңдау жолдары»



бет56/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
дарис-2

Тест «Ерік-жігерді шыңдау жолдары»
«Болды! Ертеңнен бастап өзімді-өзім қолға аламын, кемшіліктерімді қайталамаймын» деп бір рет те болса өзіне іштей уәде бермеген адам жоқ шығар. Бірақ, олардың көпшілігінің мұндай талабы ұзаққа созылмайды, «Менде ерік күші жоқ» деп өзіне-өзі қатал үкім шығарып, қолын сілтей салады. Мұндай «Жолы болмағандардың» сәтсіздігі олардың ерік-жігерді тәрбиелеудің шын мәнін түсіне алмауынан деп есептейді психологтар. Жалпы, ерік-жігер дегеніміз - артықшылық немесе кемшілік емес, адамның басқа да қасиеттері тәрізді мақсатқа жету қүралы.
Ерік-жігерді тәрбиелеудің мәнін өзіңіз қаншалықты дүрыс ұғынатыныңызды білгіңіз келе ме? Ол үшін теменде ұсынылған әрекет түрлеріне бес баллдық жүйе бойынша баға қойып шығыңыз. Ерік-жігерді шыңдауға қай-қайсысын қолайлы көресіз, қайсысынан бастар едіңіз?

  1. Нақты күн режимін белгілеу.

  2. Ұлы адамдардың өмірбаянын оқу.

  3. Өз өміріңіздегі ең басты нәрсені айқындау.

  4. Темекіні тастауға бел байлау.

  5. Өз бойыңыздағы артықшылықтарды жақсы қасиеттерді анықтау.

  6. Арылуға тиісті кемшіліктеріңізді анықтау.

  7. Белгіленген жоспардан, істен, режимнен бір рет те ауытқымауға серт ету.

  8. Өзіңізді жетілдірудің ұзақ мерзімдік бағдарламасын жасау.

  9. Қажырлы көршіңіздің, досыңыздың тәжірибесін зерттеу

  10. Қазір қолыңыздан келмей жүрген істе (топта, сыныпта, жүмыс бабында) үздік шығуға уәде беру.

  11. Дәрігердің, психологтың кеңесін тыңдау.

  12. Өз бөлмеңізді, жұмыс орныңызды тәртіпке келтіру.

  13. Қаламайтын істеріңіздің де бәрін атқаруға қатаң шешім қабылдау.

  14. Әрбір қиындықты жеңген сайын өзіңізді ынталандыру жүйесін құру.

  15. Өзін-өзі тәрбиелеу, аутотренинг туралы әдебиеттерді оқу.

Енді 3, 5, 8, 11, 14, 15 нұсқауларға қойған ұпайларыңызды бір-біріне қосыңыз, 1, 6, 7, 10, 12, 13 нұсқауларға қойған ұпайларыңызды да өз алдына жеке қосып шығыңыз. Бірінші шыққан қосындыдан екінші қосындыны алыңыз. Қорытындысы: осы сандардан қалған айырма қаншалықты үлкен болса, сіз де шындықтан соншалықты алыс тұрсыз.
Ерік-жігерді тәрбиелеуде табысқа жеткіңіз келсе, төмендегі нұсқауларға да назар аударыңыз.

        1. Бұл істі бөлмеңізді тәртіпке келтіруден емес, ойыңызды тәртіпке

келтіруден бастау керек. Ерік-жігер сізге қандай мақсатқа жету үшін қажет екенін анықтап алыңыз. Мақсатыңыз үлкен, биік, ұзағынан болса, соған лайық ерік-жігер талап етіледі. Бір сәттік, ұсақ мақсатқа ерекше даярланбай-ақ, табандылық танытсаңыз жетіп жатыр.

        1. Ойлағаныңызға жетуге, көбінесе, кедергі болатын нәрсе бар, ол

өзіңіздің тілек-қалауыңызға қарсы тұру және үнемі өз-өзіңізді қамшылап, күштеу арқылы ғана ерік-жігер қалыптасады дегенге сену. Адамның бүкіл қасиеттері көңіл-күйдің көтеріңкі жағдайында ғана берік орнығып, тәрбиеленетіні дәлелденген. Өзіңе-өзің зорлық жасау – күштеудің ең бір бүлдіргіш әрі пайдасыз түрі. Ұлы адамдар өзіне пайдасы тиетін, ең қажет санаған істерді ғана табандылықпен атқару арқылы жетістіктерге жеткен. «Ерік» деген сөздің өзі «еркіндік», «бостандық» дегенге жақын емес пе? Демек, ерік – сөзсіз мойындалған қажеттіліктің іс-әрекеттен көрініс табуы.

        1. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерінің ішінен өзіңізге ең

қолайлысын таңдап алған дұрыс. Көпшілігіміз табысқа жеткендердің іс-әрекетіне еліктейміз де, өз мінез-құлқымыздағы ерекшеліктерді ескермейміз. Педагогтар баланың жеке ерекшеліктерін білу және соған лайық тәсілдер қолдану – тәрбиенің маңызды шарты екенін баса айтады. Өзін тәрбие объектісіне айналдырушы адамға да керегі осы: өзінің табиғи ерекшелігін білу. Көздеген сапаға жету үшін ең әуелі өз мінезіңіздің жақсы жақтарын іске қосу керек. Кемшіліктеріңізді бейтарап қалдырып, назар салмаған дұрыс.
Жоғарыда 2, 4, 9 сандарымен берілген тұстардың есепке алынбау себебіне келсек, көршінің кеңесі мен ұлылардың өмірбаяны біреуге пайдалы болғанымен, біреуге пайдасыз. Ол туралы айтып та өттік. Ал темекіні ерік-жігерді тәрбиелеуді ойламаған жағдайда да сөзсіз тастау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет