Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#5533
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Назарбаев Н.Ҽ. Ғасырлар тоғысында. – Алматы:Ҿнер, 1996.-272 б. 
2.
 
Тҽуелсіздік идеясы жҽне кҿркем мҽдениет. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.-
304 б.  
3.
 
Момышұлы Б.. Айналған аты аңызға Момышұлы. – Тараз: Сенім, 2000.- 323 б.  
4.
 
Момышұлы Б. Ұшқан ұя. – Алматы: Атамұра, 2003.- 238 б. 
5.
 
Ғ. Мүсірепов. Таңдамалы шығармалар, ІІІ-том,  Алматы: Жазушы. 1980 ж. 582-бет. 
6.
 
Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. 2-3 том. Алматы,1996. - 512бет. 
 
Аннотация. Развитие духовного и культурного наследия основе исторической памяти 
народа, без него не может быть истинный патриотизм.   
Annotation.  Development  of  spiritual  and  cultural  heritage  without  him  there  can  not  be 
veritable patriotism basis of historical memory of people. 
 
 
ӘОЖ 81,42:81,367: 
811.572.122 
 
НЕГІЗГІ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТІЛ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ 
ҚАТЫСЫ 
 
Байтелиев А.Ә. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Тіл  белгілі  бір  құрылымы  жҽне  қызметі  бар  біртұтас  жүйелі  құбылыс  ретінде  ҿмір 
сүреді.  Тілдің  құрылымы  тілдік  қатынастардың  үлгісі  дегенді  білдіреді  де,  тілдік  жүйенің 
қаңқасын  жасайды.  Тілдік  құрылымның  элементтері  бір-бірімен  қарым-құатынасқа  түсіп, 
ҽрқайсысы жүйелі түрде ҿмір сүреді. 
Тілдік  жүйе–құрылымдық  бірліктердің  рет-ретімен  орналасып  ұйымдасқан  түрі, 
біртұтас  құбылыс.  Ал  тілдік  құрылым  біртұтас  тілдің  құрамындағы  ҽр  тектес  тілдік 
элементтердің  арақатынасынан  жҽне  бірлігінен  тұрады.  Жүйе  ҿзара  шарттас,  ҿзара 
байланысты  біртектес  элементтердің  бірлігі  болса,  ол  ҿзіне  тҽн  айырықша  құрылымы  бар 
кіші жүйелердің жиынтығы түрінде ұғынылады. 
Жалпы  теория  бойынша  жеке  тілдік  деңгейдің  элементтері  біркелкі  болуы  тиіс. 
Тҿменгі деңгей элементі ҿзінен жоғарғы деңгейдің құрамына енуі қажет, кез келген деңгей 
элементі  ірі  элементтердің  бҿлшектенуі  нҽтижесінде  анықталады  жҽне  кез  келген  деңгей 
элементі  тілдік  таңба  болуы  тиіс.  Демек,  ҽр  тектес  (біркелкі  емес)  элементтер  бүтін  тілдік 
жүйені  құрайды.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  тілдің  ҽрбір  элементі,  немесе  ҽрбір  тұлғасы, 
ҿзіндік  қасиетіне  орай  үш  түрлі:  парадигматикалық,  синтагматикалық  жҽне  иерархиялық 
қатынасқа түсе алады. 
Тілдік  бірліктердің  (единицалардың)  тілдік  табиғатын,  аумағын  жҽне  шегін  анықтау 
тілдік элемент, тілдік деңгей, тілдік жүйе жҽне тілдік құрылым мҽселелерімен байланысты 
шешіледі,  ҿйткені  оларды  анықтау  осы  аталған  тілдік  құбылыстардың  мҽнімен  тығыз 
байланысты. Осы катеогиялардың негізінде анықталатын тілдік тұлғалардың (бірліктердің)  
негізгі  белгілері  олардың  бҽрінің  бойынан  табылады.  Олардың  (тілдік  бірліктердің)  

53 
 
қасиеттері  мыналар:а)  белгілі-бір  мҽн-мағынаны  білдіреді  немесе  оны  білдіруге  жҽне 
анықтауға қатысады;ҽ) белгілі бір объект ретінде жеке бірлік бола алады жҽне бҿлшектерге 
бҿлінеді;б)  дайын  күйінде  қолданылады;в)  синтагмалық жҽне  парадигмалық  қасиеттерімен 
қатынастарға  түседі;г)  ҿз  деңгейі  арқылы  тілдік  жүйеге  енеді;д)  басқа  тілдік  деңгей 
бірліктеріне немесе сҿйлеу бірліктеріне қатысты олармен иерархиялық қатынаста болады;е) 
ҿзін  құррастырушы  элементтерімен  салыстырғанда,  ҽрбір  күрделі  тілдік  бірлік  жаңа 
сападағы  жүйе  элементі  болып  табылады.  Ҽрине  фонеманың,  морфеманың,сҿздің  жҽне 
сҿйлемнің  тілдің негізгі бірліктері екендігіне ешқандай дау жоқ, ҿйткені тілдік жүйе жалпы 
түрде  осы  бірліктердің  кҿмегімен  сипатталады  жҽне  анықталады.  Сондықтан  бірліктердің 
негізгі  қасиеттерін  басқа  тілдік  бірліктердің  бҽріне  де  тҽн  деп  есептеуге  болады.  Осы 
белгілерге  жауап  бере  алатындықтан,  кҿпшілік  ғалымдар  фразеологизмдерді  де  тілдік 
бірліктердің қатарына жатқызады. 
Сҿз  -  тілдік  негізгі  тұлға,  сҿз  болмаса  фонема  да,  морфема  да,  сҿз  тіркестері  де, 
сҿйлемдер  де  жасалмайды.  Сҿздердің  құрамы  фонемаларға,  морфемаларға  бҿлшектенсе, 
күрделі сҿздердер, сҿз тіркестері, сҿйлемдер сҿздерден жасалады. Егер күрделі сҿз кемінде 
екі  сҿздің  тіркесі  түрінде  болса,  олардың  біртұтас  сҿзге  айналуы  қандай  процестермен 
байланысты  болуы  мүмкін.  В.М.Жирмунский  сҿз  тіркесінің  дамуы  екі  бағытта  іске  асады 
дейді.«Біріншіден,  сҿз  тіркесі  грамматикалану  (морфологиялану)  бағытында  дамып,  сҿздің 
аналитикалық  формасына  айналады;  екіншіден,  сҿз  тіркесі  лексикалану  бағытында  дамып, 
фразеологиялық  бірлікке  айналады  да,  мағыналық  жақтан  сҿздің  фразеологиялық 
эквиваленті жасалады, бірінші жағдайда да, соңғы жағдайда да, міндетті түрде болмаса да, 
сҿз тіркесі бір бүтін сҿзге (күрделі сҿзге) айналады»[1, 24], - дейді. Тілдің даму барысында, 
бір жағынан,  лексикалық  единицалардың (сҿздердің)  грамматикалану  (грамматикализация) 
процесі  жүріп  жатса,  екінші  жағынан,  сҿздердің  тіркестерінің  бір  бүтін  лексикалық 
единицаға (сҿзге) айналып, лексикалану процесі жүріп жатады да, лексикалық құбылыстар 
мен грамматикалық құбылстар араласып, ҿзара қарым-қатынаста болып отырады[2, 127]. 
Егер  тіл  білімі  теориясы бойынша  қарастырсақ,  онда  фразеологизмдер,  соның  ішінде 
олардың  бір  түрі  коммуникативтік  фразеологизмдер,  тілдік  бірліктердің  қатарына 
жатқызыла ма? деген сұрақ туындайды. Теорияға сҽйкес олар да тілдік бірлікке қойылатын 
талаптарға сай жасалған сияқты: біріншіден,  тілдік тұлға ҽйтеуір бір мҽнді білдіруі немесе 
мағынаны  білдіруге  жҽне  анықтауға  қатысуы  тиіс  -  аталған  фразеологизмдердің 
ҽрқайсысының ҿз мағынасы бар, мағынаны білдіруге тұтас құрамымен қатысады; екіншіден, 
тілдік  бірлік  сапасы  жағынан  бір  объект  ретінде  кҿрінуі  жҽне  бҿлектенуі  тиіс  -
коммуникативтік  фразеологизмдер  сапасы  жағынан  жеке  үлгі,  яғни  сҿйлем  түрінде 
құрылған бірліктер, фразеологиялық деңгейдің бірліктері; үшіншіден, тілдік тұлғалар дайын 
күйінде  қайталанып  қолданылады  -  фразеологизмдердің  аталған  тобы  да  дайын  күйінде 
қайталанып  қолданылады,  олардың  құрамында  болатын  қалыптан  ауытқымайтын  ҿзгеріс 
мағынасын  бұзбайды;  тҿртіншіден,  тілдік  бірлік  ҿзінен  жоғарырақ  парадигманы  құрайды 
немесе саланы құрайды, соның аумағында тұтастығын сақтайды жҽне ҿзінің парадигмалық, 
синтагмалық  қасиетін  іске  асырады  -  коммуникативтік  фразеологизмдер  ҿзге  сҿйлемдер 
құрамында  қолданыла  алады,  сол  сала  қатарына  енеді  жҽне  ҿз  тұтастығын  сақтайды,  бір 
сыңарының  парадигмалық  ҿзгерісі  арқылы  сҿйлемнің  басқа  мүшелерімен  синтагмалық 
қатынасқа түседі; бесіншіден, тілдік бірлік ҿз деңгейі арқылы тілдің жалпы жүйесіне енеді - 
комуникативтік фразеологизмдер фразеологиялық жүйенің мүшесі ретінде жҽне сол деңгей 
арқылы сҿйлем құрамына енеді,сҿйлем – тілдің қозғалысы жҽне тілдің ең жоғарғы деңгейлік 
бірлігі;алтыншыдан, тіл бірліктері ҿзінен жоғары тұрған, ҿзінен күрделірек тілдік тұлғаның 
құрамына  ене  алады  жҽне  тілдік  бірліктерден  құралады,басқаша  айтқанда,  тілдік  бірлік 
басқа 
тілдік 
брліктермен 
иерархиялық 
қатынаста 
болады 

коммуникативтікфразеологизмдердің  тұрақты  құрамы  тілдік  элементтерден  жасалған  жҽне 
олар  тұтас  күйімен  ҿзге  сҿйлемдердің  құрамына  енеді;  жетіншіден,  ҽрбір  күрделі  тілдік 
бірлік  ҿзін  құрастырушы  элементтерге  қарағанда  жаңа  сапаға  ие  жүйе  болып  табылады  – 
коммуникативтік фразеологизмдердің дербес жүйесі бар[3,292; 4,675]. 
Тіл  белгілі  бір  кұрылымы  жҽне  қызметі  бар,  бір  тұтас  жүйелі  құбылыс  ретінде  ҿмір 
сүреді.  Тілдің  сҿздік  құрамы  мен  грамматикалық  құрамы  біртұтас  тілді  құрайды  да,  тіл 
нағыз қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Құрылым тілдік қатынастардың үлгісі дегенді 
білдіреді де, тілдік жүйенің қаңкасын жасайды. Тілдік құрылымның элементтері бір-бірімен 
қарым-қатынасқа  түсіп,  ҽрқайсысы  жүйелі  түрде  ҿмір  сүреді.  Тілдік  жүйе  рет-ретімен 

54 
 
орналасып ұйымдасқан біртұтас құбылыс. Тілдік құрылым біртұтас тілдің құрамындағы ҽр 
тектес тілдік элементтердің арақатынасынан жҽне бірлігінен тұрады. Ол тілдік элементтер: 
дыбыс (фонема), морфема, сҿз, сҿйлем. Бұл элементтердің арасындағы айырмашылықтар  - 
сапалық айырмашылықтар. Ҽр тілдік элемент бір-бірінен сапасы жағынан ажыратылады да, 
олардың сапасы ҽрқайсысының қызметінен кҿрінеді. 
Дыбыстардың (фонемалардың) екі  түрлі  қызметі бар,  біріншіден,  олар  есту  мүшелері 
арқылы  қабылданды  да,  қабылдау  объектісі  болу  қызметін,  яғни  перцептивтік  қызмет 
аткарады,  ал  екіншіден,  бір  сҿзді  екінші  сҿзден,  бір  морфеманы  басқа  морфемалардан 
ажыратып,  сигнификативтік  қызмет  атқарады.  Мысалы:  ал,  ҿл,  іл,  ел,  ҽл,  ұл,  ол;  пұл,  құл, 
тұл, бұл, жұл т.б. 
Морфемалар  мағына  мен  дыбысталудың  бірлігінен  тұратын  ең  кіші  тілдік  мағыналы 
элемент  ретінде  ұғымды  білдіру  қызметін,  яғни  семасиологиялық  қызмет  атқарады. 
Морфемалардың  ішіндегі  түбір  морфемалар  заттық  мағынаны,  ал  қосымша  морфемалар 
деривациялық жҽне реляциялық мағынаны білдіргенімен, ҽлі де болса зат я құбылысты атай 
алмайды,  атау  қызметін  атқаруы  үшін  оларды  сҿзге  айналдыру  кажет.  Түбір  морфема  да, 
қосымша  морфема  да  ҽрі  қарай  мүшеленуге  келмейді.Қазақ  тілінде  түбір  морфема  сҿздің 
негізгі  лексикалық  мағынасын  білдіре  береді  жҽне  ҿздігінен  жеке  тұрып  семантикалық 
жағынан  да,  қызметі  жағынан  да  дербес  сҿз  бола  алады.  Сондықтан  түбір  морфема  сҿздің 
басқа  морфемаларды  қабылдайтын,  ары  қарай  бҿлшектеуге  келмейтін,  негізгі  бҿлшегі 
ретінде  ұғымды  да  білдіреді.  Мысалы:  тіл,  тіс,  тас,  тыс  сҿздерін  сҿйлеу  кажетіне  қарай 
ҿзгертіп қолдана береміз: тілі, тілсіз, тісі, тіссіз, тіспен т.б. 
Сҿздер  заттар  мен  құбылыстарды,  сапа  мен  белгіні,  іс-ҽрекет  пен  қимылды  жҽне  т.б. 
атайды,  солардың  атаулары  қызметін,  яғни  номинативтік  қызмет  атқарады.  Мысалы:  тал, 
тау, қызыл, ҽдемі, жүру, ойлау т.б. 
Сҿйлемдер  ойды  жеткізеді,  хабарлау  қызметін,  яғни  коммуникативтік  қызмет 
атқарады. 
Қазақ тілінде сҿйлейтін адамдардың бҽрі де белгілі бір ұғымды белгілі бір дыбыстық 
жамылғыш арқылы айтып, сол дыбыстық жамылғыш арқылы естіп, сол арқылы сҿз түрінде 
қабылдайды,  яғни  дыбыстық  жамылғыш  белгілі  бір  ұғымның  аты  я  атауы  ретінде  қызмет 
атқарады. 
Тілдің орталық тұлғасы - сҿз болса, сҿздің дыбыстық жағы белгілі бір ұғымның сыртқы 
материалдық  формасы  да,  сол  арқылы  адам  санасында  белгілі  бір  ұғым  байыпталып 
отырады.  Сҿздің  сыртқы  дыбыстық  құрамы  мен  ішкі  мағынасы  үнемі  бірлікте  болады.Тіл 
ғылымының  ҽр  саласы  (фонетика,  лексикология,  фразеология,  сҿзжасам,  морфология, 
синтаксис)  тілдің  құрылымдык  элементтерінің  бірін  қамтып  зерттегенімен,  олардың 
қарастыратын  объектілері  басқа-басқа  болғанымен,  ол  объектілер,    тілдің  құрылымдық 
элементтері  ҿзара  тығыз  байланыста  ҿмір  сүретін  тілдің  құрамдық  бҿлшектері  болып 
табылады. 
Тілдік  құрылымның  ҽрбір  денгейінің  (саласының,  ярусының):  фонетикалық, 
лексикалық,  морфологиялық,  синтаксистік  т.б.  салаларының  ҿз  жүйесі  бар  жҽне  ол 
жүйелердің барлық элементтері сол жүйелердің мүшелері ретінде ҿмір сүреді, қызмет етеді. 
Жүйе ҿзара шарттас, ҿзара байланысты біртектес элементтердің бірлігі болса, ол ҿзіне тҽн 
айырықша  құрылымы  бар  кіші  жүйелердің  жиынтығы  түрінде  ұғынылады.  Тіл 
кұрылымының  жеке  деңгейлерінің  (ярустарының  немесе  сатыларының)  жүйелері  бір-
бірімен  карым-қатынаста,  ҿзара  байланыста  тілдің  жалпы  жүйесін  құрайды  [2,  63-64].  Тіл 
ғылымының ҽр саласы сҿзді ҽр қилы тұрғыдан қарастырады[5, 6].Дҽстүрлі тіл білімінде тілді 
фонетикалық, грамматикалық жҽне лексикалық деңгейлерге бҿлу ертеден белгілі. 
Тіл  жүйе  ретінде  ҿзін  құраушы  ҽртүрлі  денгейлерге  бҿлшектенетін  элементтерден 
тұрады.  Фонетика,  лексика,  сҿзжасам,  морфология,  фразеология,  синтаксис  деп  аталатын 
тілдік  жіктеу  қалыпты  жҽне  жалпы  қалыптасқан  ұғым.  Бұлар  тілдік  механизмнің  негізгі 
тармақтары  шартты  түрдегі  олардың  дербес  бірліктері.  Олардың  арасында  мызғымас 
байланыс  пен  қатынас  орнықкан,  "байланыс"  дегенде,  біз  бір-бірімен  байланысты 
элементтердің  ҿзара  қарым-қатынасын,  ал  "қатынас"  дегенде,  олардың  ұқсастықтары  мен 
айырмашылықтарын түсінеміз. 
Лингвистикалық  ғылымда  тілдік  механизмнің  негізгі  тармақтарындағы  байланыстар 
мен  қатынастарды  сипаттауда  біраз  теориялық  мҽселелер  анықталған,мысалы:1)  лексика 
мен сҿзжасам кҿптеген жҽне ҽртүрлі жақтарымен бір-бірімен байланысты, арақатысты,жаңа 

55 
 
сҿз   жасауда   міндетті   түрде   бұрыннан   бар   сҿзге сүйенеміз, сҿзжасам жүйесі мұңдай 
сүйенішсіз  іске  аспайды,сонымен  қатар  бұл  тетіктің  арқасында  жаңа  сҿз  жасалып  қана 
қоймайды,  ол  лексиканы  ҿзгертеді  жҽне  толықтырады;  2)  сҿзжасам          морфологиямен     
байланысты    жҽне арақатысты, себебі ҽртүрлі сҿз таптары аумағында сҿзжасамның ҿзіндік 
дербес  тетіктері  тҽсілімен  жаңа  жасалымдар  туып  жатады.  Осылайша  морфология  ҿзінің 
мүмкіндігі  мен  талаптарына  бейімдеп,  жаңа  сҿз  жасау  тҽсілдері  мен  заңдылықтарына 
ҿзгерістер  енгізеді.  Бұл  жерде  есімді  жҽне  етістікті  сҿзжасам  тҽсілдерінің  мүлдем  ҽртүрлі 
екендігін еске алсақ та жеткілікті. Мұндай ҽртүрлілікті семантикадан да, морфемикадан да, 
сҿзжасам  түрлері  мен  тҽсілдерінен  де  байқауға  болады;3)ҿздерінің  грамматикалық 
негіздерінің  ортақ  екендігімен  сипатталатын  морфология  мен  синтаксистің  арасындағы 
кҿптеген байланысу жолдары мен қатынастар ертеден-ақ белгілі. Грамматакалық семантика 
саласында  ҽртүрлі  сҿз  таптарының  сҿйлемнің  тек  бір  белгіленген  мүшесінің  қызметін 
атқарып  қоймай,  сонымен  қатар  басқа  да  сҿйлем  мүшелерінің  қызметінде  жұмсала  беру 
мүмкіндігінен сҿйлем мүшелерінің сҿз таптарына ықпалын байқаймыз. 
Тілдің  деңгейлері  қанша  жҽне  деңгей  деген  не?  Оны  анықтауда  белгілі  бір  принцип 
қажет.  Ондай    принциптің  бірі  тілдік  жеке  деңгейдің  бірліктері  біркелкі  болуы  керектігін 
талап етеді. Екінші талап бойынша тҿменгі деңгей бірлігі жоғарғы деңгейдің құрамына енуі 
тиіс.  Үшінші  принцип  бойынша  кез  келген  деңгей  бірлігі  ірі  бірліктердің  бҿлшектенуі 
нҽтижесінде анықталады. Тҿртінші принцип бойынша кез келген деңгей бірлігі тілдік таңба 
болуы  қажет.Егер  осы  принциптерге  сүйенсек,  біз  тілдің  қарапайым  бірліктен  күрделі 
бірлікке  дейін  бҿлшекенетін  деңгейлерін,  ысалы:  фонемалар  деңгейі,  морфемалар  деңгейі, 
сҿздер  деңгейі,  сҿз  тіркестері  деңгейі,  фразеологизмдер  деңгейі,  сҿйлемдер  деңгейін 
анықтаймыз.  Осы  принциптерге  сҽйкес,  тілдік  деңгейлер  қатарына  сҿзжасамды, 
фразеологизмдерді, сҿз таптарын жатқызамыз. 
Жалпы  түрде  тілдік  құрылым  -  пікір  алысу  тетігі.  Бұл  -  ҿте  күрделі  кұрылыс.  Оның 
құрамына кіші-гірім жҽне қарапайым, құрылысы жағынан біркелкі бірліктер, олар тұтас тіл 
аумағында  бҽрі  бірге  жұмсалғанымен,  олардың  ҽркайсысың  құрамына    ҿз  алдына  дербсс 
бірліктер енеді. 
Тіл туралы ғылымда барлық тілдік дербес бірліктер бұрыннан белгілі, олар ҽркашан тіл 
деңгейлері  деп  аталып  келді.  Тілдік  деңгейдің  дербес  бірліктерін  бір-бірінен  айыру 
принциптерін  тағы  да  тереңірек  сабақтап  қарасақ:а)  бір  дербес  деңгей  бірліктері  басқа 
дербес  деңгейбірліктерінің      кұрамына        енеді,        немесе        олардың  жасалуына  я  қарым-
қатынасқа түсуіне қатысады;ҽ) дербес деңгей бірліктері басқа, ҿзінен гҿрі күрделі тұлғаның 
құрамында ҿзгеріп пайдаланылады;б) кез   келген   дербес   деңгей   бірліктерінің ҽрқайсысы 
ішкі тұтастыққа ие болып келеді;в) дербес деңгей бірлігі таңба я таңбалар тоғысуы түрінде 
кҿрінеді. 
Сонымен, қазіргі даму сатысында тілге қандай дербес деңгейлер (дербес тетік ретінде) 
тҽн екендігіне аталған принцип тұрғысынан талдау жасап кҿрейік жҽне аталған деңгейлердің 
ҽрқайсысын құрайтын бірліктердің қандай екендігін анықтайық. 
1.  Фонемалардың  дербестік    кҿрсеткіштері.      Фонема  морфема      мен      сҿздің   
дыбыстық      жамылғышының  құрамына  енеді,  сҿз  бен  морфемалар  құрамында  кайталанып 
қолданылады,       белгілі       айырым       белгілерімен сипатталатын     ішкі     тұтастығы     
болады,     тілдік бірліктерді бір-бірінен ажырату қызметін атқаратын кіші-гірім таңба болып 
табылады [6, 34]. 
2.  Морфемалардың  дербестік  кҿрсеткіштері.  Морфема  сҿздер  мен  олардың 
грамматикалық  формаларының  құрамына      енеді,      ҿзінің    айтылуында      фонемалармен 
қатынасқа     түседі,   сҿз  бен  оның  грамматикалық формасының   құрамында   қайталанып   
қолданылады, ҿзіне тҽн айтылым мен мағынада ішкі тұтастықка ие, дербес емес мағынаны 
білдіретін таңба түрінде ҿмір сүреді. 
3.  Сҿздердің    дербестік      кҿрсеткіштері.      Сҿздер      сҿз  тіркестерінің,  сҿйлемдердің 
құрамына  енеді,  сҿзжасам  түрлері      мен  морфологиялық  категорияларды      жасауға   
қатысады, фонемалар мен морфемалар сҿз құрамына енеді, сҿз тіркестері мен сҿйлемдердің 
(айтылымдардың)  кұрамында  түрленіп,  қайталанып  қолданылады,  дербес  немесе  ұсақ 
жүйелердің мағыналарын білдіретін таңба болып табылады. 
4.  Сҿзжасамның  дербестік  кҿрсеткіштері.  Сҿзжасамдық  түрлі    тҽсілдердің  
морфологиялық топтарын,   яғни  сҿз таптарын жасауға қатысады,  сҿздердің араларындағы 
қатынастарды      орнықтырады,      айтылым      құрамында  қайталанады, ішкі  тұтастыққа  ие 

56 
 
(яғни  созжасамдық  мағына  мен  тҽсілдің  жҽне  оны  білдіру  жолдарының  бірлігі  болады), 
таңбалардың біріккен таңбасы болып табылады. 
5.  Морфологиялық  категориялардыңдербестік  кҿрсеткіштері.                Морфологиялық        
категориялар  синтаксистік  категорияларды  (сҿйлем,  олардың  түрлері,  сҿйлем  мүшелері 
жҽне т.б.) жасауға қатысады, сҿздер мен      олардың      грамматикалық      формаларының 
арасындағы     қатынастарды     реттейді,     сҿйлемнің құрамында түрленіп қайталанады, 
ішкі тұтастыққа ие (морфологиялық мағына мен тҽсілдің, сонымен қатар оларды  білдірудің  
бірлігі),  ҿзара  біріккен таңбалар болып табылады. 
6.  Синтаксистік                категориялардың                дербестік  кҿрсеткіштері.  Синтаксистік 
категориялар  мҽтін  жасауға  қатысады,      морфологиялық    категориялар      арасындағы 
лексикалық  жақтан  ҿзгеріп  отыратын  синтагматикалық  қатынастарды        реттейді,        мҽтін   
кұрамында        ҿзгеріп  кайталанады,      ішкі      тұтастыкқа      ие,      таңбалар      бірлігі  түрінде 
кҿрінеді. 
Тілдік  бірліктердің  аталған  дербестік  кҿрсеткіштері  олардың  ҽркайсысының  басын 
қосатын  тілдік  деңгейлердің  ҿзара  карым-қатынасын  да  білдіреді:  фонетика  -  тікелей 
морфологиямен  де,  лексикамен  де  ҿзара  қатынасқа  түседі;  морфология-фонетикамен, 
лексикамен,  сҿзжасаммен  қатынасқа  түсседі;  сҿзжасам-лексикамен,  морфологиямен; 
лексика  –  фразеологиямен,  синтаксиспен,  морфология  -  сҿзжасаммен,  синтаксиспен; 
синтаксис  -  морфологиямен  жҽне  сҿзжасаммен  қарым-катынасқа  түседі.  Бұдан  басқа,  осы 
үлгі  сҿзжасамның  тікелей  морфологиямен  де,  синтаксиспен  де  қатынаста  болатынын 
кҿрсетеді.  Егер  фонетикада  қайсыбір  жағынан  интонация  қарастырылатын  болса,  онда 
фонетика мен синтаксис арасында да қатынас пайда болады.Қорыта айтқанда тілдік деңгей 
элементтері бір-бірімен ҽйтеуір бір қатынасқа түседі. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Жирмунский  В.М.  О  границах  слова.  Сб.:  Морфологическая  структура      слова  в 
языках различных типов». М.-Л., 1971. 
2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1994. 
3.Солцев В.М. Язык как системно-структурное образование. М., Наука,1971. 
4. Соссюр Ф. де. Труды по языкознанию. М., Прогресс, 1977. 
5. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1974. 
6. Байтелиев А. Жалпы тіл білімі курсынан лекциялар конспектісі. Тараз, 2002, 71-83. 
 
Аннотация.  В  статье  анализированы  признаки  основных  единиц  языка,  их 
взаимодействия в системе и структуре языка. 
Annotation. The article analyzed the characteristics of the main units of the language, their 
interaction in the system and structure of language. 
 
 
УДК +002.885 
Ж 45 
 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 
 ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ  ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Бектуралиева Ж.К. 
А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі, Тараз қ. 
 
Функционалдық  сауаттылық  –  адамның  сыртқы  ортамен  қарым-қатынасқа  түсе  алу 
қабілеті  жҽне  сол  ортаға  барынша  тез  бейімделе  алуы  мен  қарым-қатынас  жасай  алу 
деңгейінің кҿрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мҽдени 
ортада  ҿмір  сүруі  үшін  қажетті  деп  саналатын  жҽне  оның  ҽлеуметтік  қарым-қатынас 
жасауын  қамтамасыз  ететін  білім,  білік,  дағдылардың  жиынтығынан  құралады.  Ал  кең 
мағынасында ол тек білік пен білімділік ҽлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің 
немесе жеке адамдар тобының мҽдени жҽне ҽлеуметтік дамуының ҿлшемі. Осындай сапалық 

57 
 
сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке адамды  дамытудың тетігі 
ретінде қолданылады.  
Жалпы,  функционалдық  сауаттылық  дегеніміз  не?  Функционалдық  сауаттылық 
дегеніміз - адамдардың ҽлеуметтік, мҽдени, саяси жҽне экономикалық қызметтерге белсене 
араласуы,  яғни  бүгінгі  жаһандану  дҽуіріндегі  заман  ағымына,  жасына  қарамай  ілесіп 
отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы 
басты  мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік, 
дене  жҽне  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  ҽлемде  ҽлеуметтік 
бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: 
      -белсенділік; 
      -шығармашылық тұрғыда ойлау; 
      -шешім қабылдай алу
      -ҿз кҽсібін дұрыс таңдай алу; 
      -ҿмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. 
функционалдық  сауаттылыққа  мынадай  деректер  келтіруге  болады.  Ресми  дерек 
бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы ҽдеби мҽтінді түсінуге қиналатындығы 
дҽлелденген.  Бұлар  мектептен  білім  алса  да,  қызмет  жасауға  келгенде  қарапайым  жазу 
үлгісін  білмейтіндігін  кҿрсеткен.  Тіпті  олар  ҽр  түрлі  жағдайда  кездескен  іс-  қағаздардың 
бланкісін  толтыра  алмай,  ондағы  ақпараттың  мҽнісін  түсіне  алмапты.  Бір  қызығы,  олар 
теледидарда  не  айтылып  жатқанын,  жалпы  айтқанда,  күнделікті  ҿмірдің  есебін  білмейтін 
болып  шыққан.  Соның  салдарынан  жұмыссыздық,  ҿндірістегі  апат,  жазатайым  оқиғалар 
жарақат алулар кҿбейіп кеткен. Қазақ маманы С. Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға 
кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Ҽсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 
1-ден  3-сыныпқа  дейінгі  аралықта  пайда  болады.  Яғни,  үшінші  сынып  оқушысы  ешқашан 
кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың 
дүниеге келгені. Сол себепті келешек ұрпаққа жалаң білім беріп қана қоймай саналы, сапалы 
білім беру басты мақсатымыз. 
С.И.Ожеговтың  сҿздігінде  «функция»  сҿзінің  мҽні  «Вызванный  функционированием 
чего-нибудь, зависящий от деятельности, а не от структуры, строения чего-нибудь (книжн)» 
–  деп  анықталса,  Қазақ  тілінің  түсіндерме  сҿздігінде:  «фукционалды  ұғымы  бір  нҽрсенің 
құрылысы,  құрамынан  емес,  қызметінен  болатын,  соның  ҽрекетіне  байланысты  болады»– 
деп  сипаттама  беріледі.  Бұдан  «функция»  категориясы  белгілі  бір  заттың  атқаратын 
қызметіне  немесе  іс-ҽрекетіне  қатысты  айтылатыны  танылады.  Мысалы:  ақпарат 
құралдарының функциясы – халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты 
айтылғанда, оның іс-ҽрекетіне байланысты қарастырылады. Жоғарыда сауаттылық адамның 
білімділігіне қатысты ұғым екені нақтыланды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі 
бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-ҽрекет ете алуы деген 
мағынаны  білдіреді.  Қоғамның  дамуына  байланысты  сауаттылық  ұғымының  мҽні  тарихи 
тұрғыдан  ҿзгергенін,  тұлғаға  қойылатын  талаптарда  оқу,  жазу,  санай  білу  қабілеттерінен 
гҿрі  белгілі  бір қоғамда ҿмір сүруге қажетті  білім  мен  біліктердің  жиынтығын  игеру,  яғни 
функционалдық сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады. 
Елбасы  Н.Ҽ.  Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Ҽлеуметтік-экономикалық 
жаңғырту–Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  кезекті 
Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін 
ҿмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке 
оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  бес  жылға  арналған  Ұлттық 
шаралар жоспарын дайындау жҿнінде нақты тапсырма берген еді. 
Осы  тапсырманың  негізінде  маусым  айында  Үкіметтің  25  маусым  2012  жылы  №832 
қаулысымен  бекітілген  «Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 
жҿніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары»  қабылданды.  Ұлттық 
жоспардың мақсаты–Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық 
сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген болатын. 
Қазіргі  ҽлемдегі,  еліміздегі  ҿріс  алып  отырған  түрлі  бағыттағы  дамулардың  ҽсерінен 
қоғамның  адамға  қоятын  талаптарының  ҿзгеруі  нҽтижесінде  функционалдық  сауаттылық 
ұғымы  кең  тарала  бастады.  Сауаттылық  ұғымы  оны  білім  берудің  ҽрекеттік  аспектісімен 
бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі 

58 
 
Мектепте мемлекеттік тілді оқытудың түпкі нҽтижесі ретінде қатысымдық, ақпараттық 
жҽне проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізудің басты 
тетігі  –  оқушының  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру.  Ҿйткені  функционалдық 
сауаттылық  оқушының  белгілі  бір  мҽдени  ортада  ҿмір  сүруі  үшін  қажетті  деп  саналатын 
жҽне  оның  ҽлеуметтік  қарым-қатынас  жасауына  пайдалы  білім,  білік,  дағдылардың 
бірлігінен құралады. 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  қазақ  тілін  оқытудың 
тұлғалық-ҽрекеттік  бағдарын  күшейту  нҽтижесінде  жүзеге  асады.  Ҿйткені  сауаттылыққа 
оқушы ҿз ҽрекетінің иесі – Субъект дҽрежесіне кҿтерілгенде толық қол жеткізеді. 
Орыс  тілінде  білім  беретін  мектептерде  қазақ  тілінің  оқыту  сапасын  кҿтерудің  басты 
шарты  ретінде  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  алынған 
жағдайда олар ҽрекеттік бағыт ұстанымына, оқушылардың коммуникативтік құзіреттерінің 
қалыптасуы ұстанымына, аутентикалық тұрғыдан оқыту ұстанымына, интерактивтік оқыту 
ұстанымына  негізделуі  қажет.  Сонда  ғана  функционалдық  сауаттылық  оқушының  қазақ 
тілін ҽлеуметтік сұранымға сай қолдану мүмкіндіктерін арттырады. Мемлекеттік тіл – қазақ 
тілі  мен  қазақ  ҽдебиетін  оқыту  –  қазіргі  заман  талабы,  ҿмірлік  зор  маңызы  бар  ҿзекті  іс 
болып  отыр.  Орыс  тілінде   білім  беретін  мектептегі  «Қазақ  тілі  мен  ҽдебиеті»  пҽнін 
оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың  қазақ  халқының  кҿркем  ҽдебиет  туындыларымен, 
ҽдебиет теориясымен жүйелі түрде таныстырып, сол негізде оқушыларға жан-жақты тҽрбие 
бере  отырып,  ҽдебиетіміздің  үздік  туындыларымен,  кҿркем  мҽтіндерді  оқыту  барысында 
қазақ тілінде ауызша жҽне жазбаша сҿйлеу тілін дамыту, қазақ ҽдебиеті шығармаларын ҿз 
бетінше оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру. Еліміздегі ҿзге ұлт 
ҿкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің ҿзекті мҽселесі болып отыр.  
Мектептегі басты тұлға - мүғалім десек, бала ҿмірінде мұғалім ерекше роль атқарады. 
Оқушылардың  білімді  де,  білікті,  парасат  пайымы  мол,  саналы  да  сабырлы  азамат  боп 
жетілуі,  тҽлім  мен  тҽрбие  беретін  мұғалімге  тікелей  байланысты  болмақ.  Егер  бала 
мұғалімді  жақсы  кҿрсе,  онда  ол  оқуды  да,  мектепті  де  жақсы  кҿреді.  Мұны  мұғалімнің 
беделі  деп  түсінуіміз  керек.  Мұғалімге  артылатын  сенім  жүгі  соншалық  ауыр  дей  отыра, 
сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жҿн.            
Демек, ҿз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің 
асылдарын  асқақтата  отырып,  шҽкіртінің  жанына  құятын  ұстазды  ғана  бүгінгі  күннің 
лайықты тұлғасы деуге болады. 
Ұстаздардың  келешектегі  мақсаты  –  рухани  жан  дүниесі  бай,  жан-жақты  жетіле 
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту  мен  қалыптастыру  мҽселесі  Абай  Құнанбаев, 
Ыбырай 
Алтынсарин, 
Мағжан 
Жұмабаев, 
Шҽкҽрім 
Құдайбердиев, 
Жүсіпбек 
Аймауытовтардың  шығармаларының  негізгі  арқауы  болған.  Ҽсіресе  ұлы  ғұлама  Абайдың 
еңбектерінде  адам  бойындағы  негізгі  қасиеттер:  қайрат,  ақыл,  жүректің  сапалық  деңгейіне 
қарай  жҽне  олардаң  ҿзара  қатынасына  байланысты  қалыптасатын  «Толық  адамды»,  ол, 
түсіндіріп  айтқанда  білімді,  адамгершілігі  жоғары,  парасатты  жан-жақты  жетілген  тұлға 
тҽрбиелеп жетілдіру мақсаты кҿзделеді. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы ҽрбір 
пҽннің рҿлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен ҽдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, 
оқушыға  халықтың  қоғамдық  ҿмірін,  арман-мүддесін  танытуда,  оларға  идеялық-саяси, 
рухани-адамгершілік,  этикалық-эстетикалық  т.б.  тҽрбие  беруде,  дүниеге  кҿзқарасын, 
мінезін,  жалпы  мҽдениетін  қалыптастыруда  кҿркем  ҽдебиетті  қуатты  құралдардың  бірі 
ретінде  пайдалану  –  ҽдебиет  пҽнінің  басты  мақсаты  болып  есептелсе, тіліміздің  ҿзіндік 
қалыптасқан  нормаларын,  жалпы  айтқанда  грамматикасын  үйрету –қазақ  тілінің  басты 
міндеті болып танылады. 
Мұғалімнің міндеті оқушының ҿзі түсініп, ізденіп оқуына, пҽнді терең білуге бағыттау 
білімнің қажеттілігін түйсік арқылы саналы қабылдау. «Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта 
білетін мұғалім» -деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың 
озық  технологияларын  меңгермейінше,  жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  жан-жақты  білім 
беру мүмкін емес, себебі қазіргі білім саласындағы талаптарды орындауға қазақстанда ҽлі де 
 жағдай жасалмаған. 
Болашақ  азамат  ҿз  ұлтының  асыл  мұрасымен  сусындау  арқылы  туған  халқының 
тарихымен,  мҽдениетімен  жете  танысып,  білімін  кеңейтеді.  Қазақ  тілінің  грамматикасын 

59 
 
терең  меңгерген  оқушы,  қоғамның  кез  келген  саласында  қиналмай  жұмыс  істеп,  ҿзінің 
функционалды сауаттылығын кҿрсете алады. 
Жалпы білім беретін орта мектептегі оқушыны жеке тұлға ретінде жҽне оның ұлттық 
сана-сезімін,  ҿзіндік,  дүниетанымын,  азаматтық  ұстанымын,  рухани  құндылықтарын 
қалыптастыруға  негіз  болатын  ҽлемдегі  аса  бай,  мазмұнды,  кҿркемдік  деңгейі  жоғары 
ҽдебиеттердің қатарындағы қазақ ҽдебиеті пҽнін жүргізудің ҿзіндік қыры сан қилы. 
Ҽдебиет  –  оқушыға  беймҽлім  ҿмірді  танытатын  қуатты  құрал.  Ҽдебиет  арқылы  біз 
оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тҽрбие беруші 
ҽуелі,  ата-ана,  сонан  соң  ұстаз,  мектеп,  қоршаған  орта  екені  баршамызға  белгілі.  Ҿнер, 
ғылым  бар  жұртта  ҿскелең  ұрпақ  тҽрбиені  ата-анадан  да,  мектептен  де,  араласатын 
ортасынан  да,  ҿздері  оқып  жүрген  қазақ  ҽдебиетіндегі  түрлі  аңыз-ертегілерден  де  аларына 
ешкім  шүбҽ  келтірмейді.  Ҽдебиет  адамға  ҿмірді  танытып  қана  қоймайды,  ол адамды 
тҽрбиелейді.  Адамның  ҿмірге  кҿзқарасын  танытады,  мінез-құлқына  ықпал  етеді,  күллі 
тіршілігіне ҽсер етеді. Қазақ ҽдебиетіндегі кҿркем туындыларды оқыған сайын ҿмір сырын, 
Отан,  ерлік,  елдік,  жақсылық,  жамандық,  секілді  ұғымдардың  мҽнін  оқушы  терең 
аңғарады. Олар  ҿнерді  сүйетін,  одан  рухани  лҽззат  ала  білетін,  кҿркемдік  талғамы  бар, 
адамгершілікті,  нҽзік  сезімді  болып  ҿседі.  Дҿрекілікке,  бойкүйездікке,  жамандыққа  аяқ 
баспайды. 
 Ҽдебиет 
арқылы  оқушы  бойында  ҿмір  туралы  дұрыс  талғам,  түсінік 
қалыптастырамыз.  Қазақ  ҽдебиетіндегі  кҿркем  туындылар  арқылы  қалаған  мамандықты 
игеріп,  ҿмірден  ҿз  орнын  табуларына,  қалаулы  азамат  болып  ҿсулеріне  тигізетін  ҽсері 
кҿп. Ұрпақ  бойында  ұлттық  ұғымдарды  сіңіру  үшін,  біз  оқушыға  ҿткен  тарихымызды 
танытуымыз керек. 
Пҽн  мұғалімі  оқушының  назарын  аудару  үшін  сабақ  кезінде  ҽртүрлі  тақырыптық, 
пҽнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты ҽңгімелерді сахналық кҿрініс ретінде 
ҿтуді ұйымдастыра  білуі  қажет.  Сонымен  қатар,  түрлі  кҿрнекілік  құралдарын  қолдану, 
сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дҽлелдеу, 
сҿздікпен  жұмыс,  проблемалық  мҽселелерге  жауап  беру,  нақтылы  жҽне  жалпылама 
тапсырмалар  беріп,  шағын  шығармашылық  жұмыстарды  орындату,  оқушының  бірін-бірі 
сынауы, ҿзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан 
түрлі  ҽдіс-тҽсілдерді  қолдануы  керек.  Осындай  ҽдіс-тҽсілдерді  түрлендіріп,  жүйелі  түрде 
пайдаланып  мұғалімнің  шҽкірттері  ҿз  бетімен  жұмыс  істеуге  тез  үйренеді.  Орта  буын 
оқушыларының  арнайы  ереже  дҽптерлері,  альбомдар,  сҿздіктері,  канспектілері, 
хронологиялық  кестелері  болуға  тиіс. Сонымен  бірге,  шығармашылық  дҽптері  бҿлек 
болғаны  дұрыс. Оған  оқушы  ҿздеріне  ұнаған  мақал-мҽтелдерді,  афоризмдерді,  шешендік 
сҿздерді  де  жазып  алып  жүруге  баулу  керек.  Осы  ретте,  шығармашылыққа  жақын  кейбір 
оқушылар сол дҽптерге  ҽңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады. 
Тіл  мҽселесі,  ҽсіресе,  небір  бұлыңғыр  күндерді,  тар  жол,  тайғақ  кешулерді  бастан 
ҿткерген қазақ тілінің мҽселесі қашан да ҿткір ҽрі ҿзекті болмақ. Қазақ тілі мен ҽдебиетінің 
мектепте оқытылу жайы ҽркімде де толғандыруы тиіс. 
Қазақ  тілін  оқыту  алдына  үлкен  міндеттер,  оқушыларға  түсіндірудің  тиімді  ҽдіс-
тҽсілдерін  іздестіру  қажеттілігі қазіргі  таңда  да  қарастырылып келе жатқан  мҽселе.  Демек, 
тіл  ғылымының  үздіксіз  дамуының  нҽтижесінде,  адам  баласы  ой-санасының, 
дүниетанымының  ҿсуіне  байланысты  оқыту  ҽдістемесі  де  қатар  жетіліп  байып  отыр. 
Ҿйткені,  озат  мұғалімдер  тҽжірибелерінен  толығып  оның  мазмұны  мен  жүйесі, құрылысы, 
кеңейіп,  байып  отырады. Қоғам  ілгері  дамыған  сайын  оқыту  мазмұны  да  күнделікті 
жаңарып, жетіліп отырады. 
Озық  ойлы  адамдар  заманның,  қоғамның  дамуына,  ҿзгеруіне  ҿз  үлесін  қосады. 
Осындай қоғамдық, ҽлеуметтік, мҽдени ҿзгерістер дамулар мектептің оқыту процесіне ҽсер 
етеді.  Соңғы  жылдары  жеке  тұлғаны  қалыптастыруды  дамыту  мен  оған  жан-жақты  терең 
білім  беру  мақсатында  кҿптеген  технологиялар  ұсынылуда. Жаңа  технологияның  басты 
мақсатының  бірі –  баланы  оқыта  отырып  оның  еркіндігін,  белсенділігін  қалыптастыру,  ҿз 
бетінде  шешім  қабылдауға  дағдыландыру.Яғни,  ғылыми  негізде  білім  беру  үшін  жаңа 
технологияларды меңгере отырып, оны сабаққа енгізу педагогтар алдындағы ҿзекті мҽселе 
екені анық. 
Кез  келген  білім  ордасының  мақсаты  мен  мұраты  алдыңғы  қатардағы  ҿркениетті 
елдердің  қатарынан  кҿрінетін,  жер  мен  жер  байлықтарын  ысырапқа  салмай  игере  білетін 

60 
 
сауатты, салауатты ұрпақ тҽрбиелеу болып табылады. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы 
білім  мен  саналы  тҽрбие  бере  отырып,  елдің  ҿткенін,  ұлттың  мҽдениетін,  тарихын,  салт-
дҽстүрін, табиғат  ерекшеліктерін үйретуі керек. 
Елбасы  Н.Ҽ.Назарбаев  «Болашақта  еңбек  етіп,  ҿмір  сүретіндер  –  бүгінгі  мектеп 
оқушылары. Мұғалім оларды қалай тҽрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан 
жүктелетін  міндет  ҿте  ауыр»  деген  болатын.  Осы  ғылым  мен  білімнің  негізін  тереңдету 
нҽтижесінде ғана еліміз ҿзінің елдігін басқа елдер алдында кҿрсете алады. Ал ел тағдыры, 
оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болған. 
Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман 
талабы.  Осы  орайда,  қазақ  тілі  мен  ҽдебиеті  пҽнін  дұрыс  үйрете  білу  ҿте  маңызды. 
Педагогтің   сабақ  ҿту  шеберлігі,  яғни  шығармашылық  пен  жауапкершілікті  ұштастыруы, 
бұл  заман  талабынан  туындап  отырған  мҽселе.  Ҿз  мамандығын  толық  меңгерген  жоғары 
деңгейлі  оқытушының   алдынан  шыққан  оқушы  –  ҿмір  айдынындағы  ҿз  жолын  адаспай 
табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, ҽрбір 
мұғалім  осыған  ұмтылса  ұрпақ  алдындағы  қарыздың  ҿтелгені.  Мұғалімнің  сабағының  ҿн 
бойындағы  негізгі  мақсаты,  оның  негізгі  мҽнін  естен  шығармай,  ҽрбір  сҽтті  тиімді 
пайдаланғанда ҿз мақсатына жетеді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет