«Тоқыма өндірісінің технологиясы» кафедрасы тк ttotzhP 3307– «Тігін-трикотаж өндірісінің технологиялық жабдықтары және процессстері»



бет4/22
Дата13.09.2022
өлшемі1,04 Mb.
#38981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Биялай бұйымдары
Биялай бұйымдардың түржиыны сан алуан, олар қолдануы, өрімдердің түрі, өндіру тәсілі бойынша бөлінеді. Бүкіл биялай бұйымдардың түржиыны екі топқа бөлінеді – биялай және қолғаптар.
Қолдану және конструкциясы бойынша биялай бұйымдары тағы тұрмыстық және техникалық түріне бөлінеді, олар жалаң не қосарлы болу мүмкін.
Тұрмыстық және техникалық биялай бұйымдары өндіру тәсілі бойынша іліптоқылған, пішілген және қиыстырылған (тысы – іліптоқылған, астары – пішілген) түрлеріне бөлінеді.
Өрімдердің түрі бойынша биялай мен қолғаптар тегіс не суретті болу мүмкін.
Іліптоқылған биялай мен қолғаптарды алу тәсілі бойынша бір-, екі- және үш үдерістіге бөледі.
Трикотаж бұйымдарын жобалау кезінде осы бұйымдарға қойылатын гигиеналық, өндірістік, эксплуатациялық (пайдалану) және эстетикалық талаптарды ескеру қажет.
Гигиеналық талаптар организмнің жылу балансын сақтау үшін нормалді тіршілік әрекетін қамтамассыз етеді. Трикотаж бұйымдары жоғары гигиеналық қасиеттерге ие болады. Мысалы, матамен салыстырғанда ауаөткізгіштік қасиеті 8-9 есе артық, соның әсерінен киім астындағы кеңістікте ауа алмастыруы жақсы қамтылады. Сонымен қатар, трикотаж бұйымдары жеткілікті жылу сақтағыш қасиетке де ие болады.
Трикотаж бұйымдары өте жоғары эксплуатациялық қасиеттерге ие, қажетті беріктікке және үйкеліске төзімді. Трикотаж бұйымдары жоғары серпімділік қасиетінің арқасында қыртыстанбайды және пішінін жеткілікті жақсы сақтайды. Олар жеңіл жууылады және көбінесе үтіктеуді талап етпейді.
Трикотаж бұйымдарына қойылған өндірістік талаптар – бұл жаймаларды тиімді пайдалану, сапасын төмендетпей мүмкіншілігінше минималді еңбек сіңіру және технологиялық процестерге максималді механикаландыру мен автоматтардыру жағдайларын жасау және де еңбек өнімділігін арттыру.
Трикотаж бұйымдары эстетикалық талаптардыда қанағаттандыру қажет. Олар әсем болу қажет, себебі киім ретінде адамның сырт кескінін қалыптастыруда маңызды роль атқарады.
Трикотаж бұйымдарын жобалау кезінде трикотаждың созылғыштық қасиетіне аса назар аударады. Трикотаждың денеге қону қабілеті, оның созылғыштық қасиеті неғұрлым қарапайым пішінді белгілейді. Трикотаж бұйымдары көбінесе пішімі тік және жартылай қонымды болады. Моделді әзірлеу кезінде жайманы дұрыс таңдау өте маңызды, оның құрылымы, сырт пішіні мен қасиеттері моделдің тағайындалуына сай болу қажет.
Басты өлшемдік белгілер адамның денебітім типін сипаттайды және бұйымның нөмері мен нөміршесін(мөлшер мен бойы) орнату үшін қажет. Адамның басты денебітім өлшемдік белгілеріне мыналар жатады:
кеуде айналымы – дененің жоғарғы бөлігінің периметрін анықтайтын, аса маңызды белгілердің бірі;
дененің ұзындығы – бұйымның ұзындығын анықтайтын адамның бойы;
мықын айналымы(әйелдер үшін) және бел айналымы(ерлер үшін).
Соңғы белгі адам денебітімінің жасына қарай өзгеруін анықтайды.
Бағынышты өлшем адам денебітімін нақты көрсететін белгі, оған мыналар жатады: иықтың қисық биіктігі, арқа мен омыраудың ені, белге дейінгі ұзындық және т.б.
Бұйымдардың қатарлас өлшем арасындағы аралығын еркін таңдауға болмайды ол өзгешіліксіз аралыққа тең болу қажет, яғни тутынушыға маңызды емес өлшем арасындағы аралық.
Бұйымның бөлшектерінің конструкциясын құрастырудан соң лекало жасалады. Лекалоның көмегімен бұйымды пішеді сонан соң пішімдерді біріктіріп тігеді.
Трикотаж бұйымдарды моделдеу және конструкциялау процестері келесі жұмыстардың түрінен тұрады:
1) моделдің эскизін жасау, жайманың өрімі мен өрнегін жобалау;
2) бұйымның конструкциясын және лекалосын жасау;
3) бұйымның тәжірибелік үлгісін дайындау және конструкциясын дәлдеу;
4) моделді өндіруге бекіту;
5) қажетті барлық өлшемдер мен бойлардың лекалосын жасау және лекалолардың ауданын анықтау;
6) лекало жайылмасын жасау, бір бұйымға қажетті жайма шығынын нормалау;
7) жобаланатын моделді жасауға техникалық шарттарды әзірлеу.
Трикотаж бұйымның негізгі бөлшектерінің конструкциясын жазықтықта жаю әдісімен құрастыру. Бұйымның манекен жазықтығына ОХ және OY координат (1сур). өстерін және жобаланатын моделдің тігістер сызықтарын белгілейді. Сонан соң манекенге жабылған тордың (канваның) көмегімен бұйымдардың бөлшектерінің негізгі оболочкасы алынады.
Бұл үшін алдын ала торға түрлі түсті қаламмен мөлшері 5х5 квадраттарды белгілейді. Квадраттың тік сызықтары желіс жіптердің, ал көлденең – арқау жіптерінің бағытына дәл сай болу қажет. Квадраттардың дұрыс орналасуын миллиметрлі қағазбен тексереді. Жіптердің (канваның) бірі — желіс— ОУөсі, ал оған перпендикулярлы басқа жіптер — ОХ өсін қабылдайды. Сонан соң торды манекенге жабады осы кезде тордағы ОХ және OY өстері манекендегі ОХ және ОУ өстермен сәйкес келіп, бекітіледі. Ары қарай торды манекенге тығыз қаптап, қолмен жазып, мойын ойынды, иыйқ және бұйір тігістері бойынша жазады. Желіс және арқау жіптерінің арасындағы бұрыш тік бұрыштан шамалы ауытқу қажет. Транспортирдің көмегімен әрбір квадратта бұрыштардың ауытқуын өлшейді(ф бұрышын анықтайды) де торда жазылады.



1сур. Координат өстерін манекенге түсіру




Сонан соң манекеннен торды алып тастайды. Алынған торды(қабыршықты)жол-жол сызығы бар жайылған миллиметрлі қағазға ОХ және ОУ өстерді түйістіріп түсіреді.

2сур. Жазықтықта қабыршықтың жайылуы

Сонан соң жайылған жазықтықта ОХ өсіне параллелді I, II, III, IV зоналарды белгілейді. Зонаның ені квадраттың еніне тең болады. Әрбір зонада орташа ф бұрышын анықтайды. Ары қарай жайылған жазықтықта OY өсінде бірқатар нүктелерді белгілейді, олардың саны қиындының күрделігіне және зона бойынша ф бұрышының өзгеруіне тәуелді. Жайылмадағы берілген нүктелер бойынша абсцисс және ординат шамаларын өлшеп, трикотаждың түріне және eх и eу деформациялардың шамаларына байланысты


қайта есептейді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет