Туризм тарихы



бет23/66
Дата14.03.2023
өлшемі1,92 Mb.
#73947
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Келу туризмі, мың адам/%

Статистикалық мәліметтер бойынша құрастырылған [132]
3-сурет

Дегенмен, халықтың қалауларын қарастырсақ, ішкі туризмнің болашағы зор болу керек.


Туристік қызметтің негізгі орындаушылары – туристік фирмалар. 2006 жылдың 1 қазанына олардың саны 903 (оның ішінде 553 Алматыда) болған. Олармен бірге, туристер мен экскурсанттарға өз қызметін 453 орналастыру объектісі мен 395 жеке кәсіпкерлер ұсынады. Сонымен қатар, ұлттық туристік нарықта шетелдік қатысуымен 37 туристік ұйым қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның туристік қызмет нарығында 3,2 мың адам, оның ішінде 1,5 мың кәсіби гидтер мен экскурсия жүргізушілер жұмыс істейді. Туристік нарық ұйымдарының 98,3 пайызын шағын кәсіпорындар (қызметкерлер саны 50-ден кем) құрады. Қызметкерлер саны 250-ге дейін орташа кәсіпорындар – 1,3 %, ірі кәсіпорындар – 0,4 %. Қазақстанның туристік ұйымдары әлемнің жетпіс елдерімен ынтымақтастықта қызмет етеді [133].
Туризм жүйесі үшін мамандарды даярлау Қазақстанда заманауи туризм индустриясын қалыптастыру жұмысының ең басты міндеті болып табылады. Бұл мамандардың алдында туризм жүйесін қалыптастырып, оны туризм индустриясына айналдыру міндеті тұр. Яғни олар туристерді қабылдау-жіберу жұмысымен шектелмей, басынан бастап, туристік-экскурсиялық қызмет жүйесін ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын болады. Ол үшін ең алдымен, туризм дамуы мен аумақтық ұйымдастырылуы бойынша ғылыми зерттеулер өткізілуі және ел аймақтарының игерілуі бойынша жобалар әзірленуі қажет.
Туризм жүйесінде жұмыс істеуге дайындалатын университет бітірушілері кем болғанда ғылыми, жобалау-іздестіру, ұйымдастыру-басқару, педагогикалық (оқу орындарында істеу үшін) бағыттарда жұмыс істей алатын маман болуы керек.
1992 жылға дейін Қазақстанда туристік кадрларды даярлайтын білім мамандықтары болмаған-ды. Осы жылы Алматының екі ЖОО – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті мен «Тұран» университеті туризм бөлімшелерін құрып, бұл мамандықтың жолын ашты. Алматы мемлекеттік педагогикалық университетінде ол география факультетінің бөлімшесі болса, «Тұранда» Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы жеке туризм факультеті бар. Бірақ мамандықтардың атаулары бірдей емес: Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінде – «география мен туризм», «халықаралық туризм», ал «Тұранда» – «туризм экономикасы мен аумақтық ұйымдастырылуы». Осы ЖОО-дан кейін туризм жүйесі үшін мамандарды Алматының басқа ЖОО: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақ спорт пен туризм академиясы және т.б. даярлай бастады. Қазіргі кезде осындай даярлықты 30-дан астам ЖОО мен филиалдары жүргізеді.
Негізінде, жоғары білімді туризм мамандарының дайындығы университеттердің география факультеттерінде жүргізілуі қажет. Басқа ғылымдарға қарағанда, география факультеті туризмнің болашақ мамандарына қажетті жан-жақты білім мен дағдыларды үлкен көлемде бере алады. География табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді олардың кеңістіктегі орналасу жағынан қарастырады, ал туризм дегеніміз нағыз кеңістіктік және әлеуметтік-экономикалық үрдіс. География жаратылыстанулық (табиғи географиялық ортаны зерттеу) және қоғамдық (адам қоғамының шаруашылығы мен тұрмысы) ғылымдардың қиылысындағы синтетикалық ғылым болғандығынан туризмге өте жақын.
Дәл осы себептен, географиялық ортаны терең білуіне негізделген кеңістіктегі құбылыстар мен үрдістердің талдауы мен синтезін жүргізе алатын географ туризмге байланысты әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құбылыстарды терең түсіндіре алады.
Қазіргі кезде Ғылым мен білім министрлігі туризм жүйесі үшін мамандарды даярлау мәселелерін шешуге, туристік кадрларды даярлайтын ЖОО-ды реттеуге кірісуі қажет.
Басынан кешіп өткен қиыншылықтарға қарамастан, мамандардың пікірінше, әлемдік туристік нарығында Қазақстанның болашағы зор. Бірақ, республикамыздың туристік әлеуетін толығымен пайдалану үшін заманауи инфрақұрылымын, ең алдымен, халықаралық стандарттарына сәйкес орналастыру секторын қалыптастыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет