Уақыттың бағасын білу. Батыстың адамы мен қа-
зақстандықтардың ең үлкен айырмашылығы, уақытқа
деген ұстанымы. Батыста ең кәрі кемпір мен селкілде-
ген шалдың да уақыты кестеленген. Бізде бәрі тұман-
ды. Уақытты резеңке сияқты көреді. Жиналыстар жар-
ты сағат кеш басталады. Той туралы айтпай-ақ қояйын.
Бірақ өмірдің біреу екенін ескерсек, әр минут маңызды.
Аудиокітаптар, аудиодәрістер тыңдайтынмын. Әрине,
музыка тыңдауға болады, бірақ алдыңғылардың пайда-
сы көбірек. Интернеттегі ұсақ статустарды оқымаймын,
кітап оқимын. Өйткені маңызы жоғарырақ.
Уақыттың бағасын білу үшін, пунктуалды болуды үй-
рен. Үнемі кешігіп жүретін адам, жалпы, өмірінде де бір-
деңеден құр қалып келе жатқаны анық. Өйткені бұл әдет
өзгелердің де, өзінің де уақытын (=өмірін) бағаламайтын
адамдардың дерті. Ал ерте жүрсең қандай жақсы. Кез-
десуге, жиынға әдеттегіден бес, он минут ерте барсаң,
дайындыққа, атмосфераға үйренуге мүмкіндік болады.
Тренингтерге, маңызды кездесулерге ертерек баруға ты-
рысамын. Өйткені кешіккен адамда, сыртқа білдірмесе
де, «кешігіп келдім ғой, ыңғайсыздау болды ғой» деген
қобалжу болады. Ол өз кезегінде концентрацияға кедергі
болады. Уақыт туралы түсінігің дұрыс болғанда ғана, сен
уакыт кеңістігіндегі өзіңді басқара аласың. Бізге керегі де
осы емес пе?