Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет10/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Ашу, қайғы дегенді
Қара бұлттан үйрендім.
Өз еркімше сілтемей,
Қашан ғана имендім?!
Поэтикалық қасиет сіңген қазақ өлеңінің мәтіні грамматика заңына бағынбайды, оның өзінің заңдылығы бар. Басты заңдылығы – мәні. Поэзия ақпарат бермейді, тәжірибе жүзінде дәлелдейтін ұсыныс жасамайды, Поэзияда Мән бар, бағалау бар. Бағалауының өзі бағалы, оның бермейтін ақпаратының өзі берілген ақпараттан сан есе қымбат, себебі поэзия «жүректің үні». Күнделікті күйбең тіршіліктен жоғары бола тұрып, сол тірлікке жөн көрсетіп, биікті аңсатып, асқақтығымен тамсантып, бүтін бітімнің өлшеусіз қасиеттерін жариялайды, оқушысын алға ұмтылдырады, жетелейді, талаптандырады, қанаттандырады. Алға ұмтылған, талаптанған, қанаттанған оқырман өзі-ақ бүтіндікке қарай ілгері басары хақ.
Белгілі бір жағдайды немесе құбылысты поэзия тілімен де, проза тілімен де жеткізуге болады. Қалай жеткізу суреткердің алымына, қарымына байланысты. Поэзияда жиі қолданылатын фигураның түрлері мен эпитет, параллелизмдер ұлттық дүниетанымдық ақпаратқа суарылып, халықтық діл негізінде көркемдік шешім табатындықтан да, оны өзге тілдерге аудару қиын немесе мүмкін емес. Әрине, өлеңнің жалпы мазмұнын, жалпы мағынасы өзге тілдік бірліктер арқылы түсіндіруге, тіпті белгілі бір рифмамен өлең түрінде де жеткізуге болар, алайда өлең құрылысы, өлеңдегі ішкі үн, ұлттық діл арқылы берілетін негізгі мәнді аудару мүмкін болмайды. Аудармашы Абайдай болып, Пушкиннің Татьянасын Тәтіш етіп, дала аруына айналдырып назирагөйлікке салса, аударма туралы әңгіме сәл басқаша өрбуі мүмкін. Бірақ мұндай ҚҰБЫЛЫС сирек.
Демек, өлеңнің синтаксистік ерекшелігін зерделеу аса маңызды ғылыми мәселенің бірі. Атап өткеніміздей, өлеңдегі синтаксис сөйлемнің құрылысына емес, ритмнің заңына бағынады. Мұндағы сөздердің орын тәртібі, сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарлары да өлеңдегі фразаға, ритмге бағынышты.
Өлеңдегі интонация ше?! Бұл өзінше ұзақ әңгіме болары хақ.
Анығы, өлең мәтініндегі кез келген лебіздік бірлік семантикалық жүк иеленеді, яғни, өлең – күрделі құрылымды МӘН. Өлеңнің өзекмәні күрделі, кейде сыртқы мәтіндік бейнесінен ішкі мәні терең. Өлеңді оқу үшін, алдымен оқырман дайын болуы керек. Ішкі жан дүниесі таза адам поэзияны оқи алатындай болып көрінеді маған. Сөз қадірін білетін, сөздің күшін сезінетін адам өлең оқи алады. Поэтикалық мәтін астарлы, көп қырлы, Мән сыртқы формасы арқылы көп аңғарыла бермеуі де мүмкін. Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңін зерделеп көрелік:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр құлақ ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз халынша.
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар
Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе.
Керек іс бозбалаға - талаптылық,
Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп,
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық.
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!
Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.
Біріңді бірің ғиззат, құрмет етіс,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
Жолдастық, сұхбаттастық - бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,
Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес.
Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас,
Салынсаң, салдуарлық қадір қоймас.
Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет