Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет9/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Буынсыз тілің,
Буулы сөзің,
Әсерлі адам ұғлына.
Кісінің сөзін
Ұққыш-ақ өзің,
Қисығын түзеп туғрыға, – деген өлең жолдарындағы жоғарыда талданған «буулы» сөзінің мағынасы мәтінде «тұжырымды», «түйінді» болып жұмсалғанымен, ол өзінің әуелгі негізгі семасынан мүлде ауытқымай оны шеткей өрісте сақтайды да, контексте «түйін» мағынасы арқылы уәжделіп, оны негізгі сема сипатында таңбалайды. Әуелгі «бу» - белгілі «нысанның буылуы» мағынасы арқылы уәжделетін ортақ сема осы түбірден таралатын кез келген туынды сөз мағынасында болады. Мәтінде ақын ойының экспрессиясын таныту мақсатында сөздің шеткері семасында жатқан мағынаны тереңдетіп, оны алғы шепке алып шығады да, эстетикалық талғаммен семантикалық ұяда жаңа семалы тұлға туғызады.
Көркем шығарма құрылымын зерттеген Ю.М. Лотман оны «өнер тілі» ретінде бөліп қарастырып, «өнер тілінің өзінің ерекше тілі бар» екенін айта келіп, көркем әдеби тіл ұлттық табиғи тілдің қызметтік-семантикалық ерекше мәнді қабаты екенін көрсетеді: «Художественная литература говорит на особом языке, который надстраивается над естественным языком как вторичная система. Поэтому ее определяют как вторичную моделирующую систему» - деп жазады [Лотман Ю.М. Структура художественного текста. М., 1970. С.251. 11-14 стр.]. Ю.М. Лотманның «кез келген көркем мәтін бірегей» деген пікірімен де келісуге болады, өйткені ғалымның дәлелдеуінше, «созданная писателем окказиональная структура модели навязывается читателю уже как язык его сознания. Окказиональность заменяется универсальностью. Но дело не только в этом. «Уникальный» знак оказывается «собранным» из типовых элементов и на определенном уровне «читается» по традиционным правилам. Всякое новаторское произведение строится из традиционного материала. Если текст не поддерживает памяти о традиционном построении, его новаторство перестает восприниматься» [Лотман Ю.М. Структура художест-венного текста. М., 1970. С.251. 11-14 стр.]. Айналып келгенде, тосын (окказионалды) қолданыстың өзі ұлттық тілдік қабаттағы сөздер мен сөз тұлғалардан жасалатыны, бірегей, соны деп танылған құбылыстың да қолданыстағы құралы сол ұлттық тіл екені анық. Демек, көркем мәтін - тілдік бірліктердің құралдық қызметі арқылы жасалып, лебіздің жетілген, дамыған, ішкі жүйесі мен желісі бар бір түрі ретінде анықталып, бүтін бітімімен, ішкі мәндік гармониясымен, өзекмәнімен ерекшеленеді.
Поэтикалық шығарманың мәтініне синтаксистік бірліктердің өз орнында жұмсалып, синтагматикалық қатарды сақтап, сөйлем мүшелерінің қалыпты орнында жұмсалуы міндетті емес, мұндағы басты нәрсе ұйқас, ритм мен рифм. Өлеңдегі мазмұнды біріктіруші МӘН, ал мазмұнды құраушы бірліктер - өлең жолдары, шумақтар. Өлең жолдарындағы сөйлемнің құрылысы да өзгеше, оны прозалық шығармалармен салыстыру да қиын. Егер прозалық шығармаларда, әр сөйлем мүшесінің өзінің орны мен сөз тіркесінің валенттілігі сақталатын заң болса, мұндай тілдік заңдылықтарға өлең табиғаты бағынбайды. Абай айтқан Өлеңнің патшалық қасиетінің бір қыры, осында, бәлкім. Өлеңдегі өлшем бөлек, рифм ерекше. Ой ағыны – арынды, тоқтаусыз өзендей, өлеңде өр мінез бар. Мінезі жоқ өлең, өлең емес, сөздердің бос жиынтығы.
Қазақ әдебиетінде өлеңге бергісіз көркем проза тілімен жазылған, ғажайып өлшем мен ритмге сәйкес келетін, ішкі өзекмәні көңіл толқытып, тереңге жетелейтін шығармалар да аз емес. Бір ғана Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегінің» өзі қайда жатыр? Десек те, проза мен поэзия тілі мәтін ыңғайында келгенде бір-біріне оппозицияда тұратыны рас. Өлеңдегі еркіндік, еріктілік қазақтың еркін болмысына жақын. Әйтпесе Қасым ақын мынадай өлең жолдарын жазар ма еді:
Мен – табиғат бөбегі,
Еркін жанмын еркемін.
Аузымда жастық өлеңі,
Еркелеп күйім шертемін.
Жарқ-жұрқ етіп жүруді
Нажағайдан үйренгем.
Шадыман шат боп күлуді
Күн мен айдан үйренгем.
Тәкаппарлық, ерлікті
Асқар таудан үйренгем.
Мен бір жанмын ерікті,
Жарысып желмен жүгірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет