Эмпирические исследования


 Материалдар жəне əдістер



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата05.04.2022
өлшемі448,47 Kb.
#29976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Материалдар жəне əдістер 

Ғазымбек Ахмет ағасының идеяларын насихаттаушылардың бірі болған. Оның «Шет-

ке оқушылар жіберу, оқуға жұмылу керек» [3], «Қазіргі əдіс»[4], тағы басқа мақалаларында 

да жастарды оқыту, оларға ғылым, білім, кəсіп, өнер үйрету керектігі жөнінде толғанады. 

«Осы  күні  түрлі  кəсіпшілік  һəм  қара  жұмыстардың  өнерін  үйрететін  мектептер  бар, – 

деп жазады ол «Біздің жұмыстардың бірі» [5] деген мақаласында, – темір жол, почта, телеграф 

өнерін үйрететін, қаріп тізушілер һəм басқа сол сияқты мектептер. Қара жұмысты да меңгеріп 

алып кетерлік кəсіпқор, өнерлі, іске ұста адамдарымыз болмаса, тіпті мақсатқа жету қиын». 

Автор  осылай  дей  келіп  жұмысшылар  даярлайтын,  түрлі  мамандықтар  беретін  мек-

тептерді көп ашу керектігін, оларды сөйтіп тезірек жұмысқа орналастыру қажеттігін айтады. 

Халықтың  əл-аухатын  көтеру  үшін  ұлттық  кадрларды  көбірек  дайындау  керектігін  баса 

көрсетеді. 

Ғазымбек мақалаларының мəн-мазмұны Абай, Ыбырай өлеңдеріндегі ойлармен тоғы-

сып, үндесіп жатады. Абай өлеңдерінің жолдарын мақаласына тақырып етіп алған Ғ.Бірімжа-

нов  ұлы  ақын  идеясын  елге  насихаттап,  көптеген  мақалаларында  халықты  оқуға  үндейді. 

«Ақжол»  газетінде 1922 жылы  жарық  көрген  «Сағаттың  шықылдағы  ермек  емес»  деген 

мақаласы осының бір айғағы. Мақала соңы: 

Сағаттың шықылдағы емес ермек, 

Һамиша өмір өтпек – ол білдірмек. 

Бір минут, бір кісінің өміріне ұқсас, 

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек, –  

деген ақын Абайдың терең пікірін еске ал, азамат!» – деп түйінделеді. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет