Эмпирические исследования


ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1 (65), 2022



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата05.04.2022
өлшемі448,47 Kb.
#29976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1 (65), 2022 

ВЕСТНИК КГПИ №1 (65), 2022 

ISSN 2310-3353 

ISSN 2310-3353

 

 



20 

Абай  өлеңдерінің  жолдарын  мақала  тақырыбы  етіп  алу  осы  Ғ.Бірімжановтан  бастау 

алды ма деген ой келеді. 

Ал, «Осы кезде дүниенің бір шеті мен бір шеті сымды, сымсыз телеграммалар арқылы 

хабарласып, жансыз нəрсені жүйрік аттай шаптырып (темір жол, автомобиль) үлкендігі сон-

дай судан шыққан күн суға бататын, ұшы-қиыры жоқ далада теңіздердің суының астымен де, 

үстімен де жол шегіп (кеме, сүңгуір қайықтар) құс болып көкке ұшқан (айырылған) адам басы 

«енді бізге басқа еш нəрсе керек емес» деп айта ма?!», – деген жолдар Ы.Алтынсариннің: 

Өнер-білім бар жұрттар 

Тастан сарай салғызды, 

Айшылық алыс жерлерден 

Көзіңді ашып жұмғанша, 

Жылдам хабар алғызды. 

Мың шақырым жерлерге, 

Аты жоқ құр арбаны 

Күн жарымда барғызды, 

Адамды құстай ұшырды... –  

деген өлеңімен үндесіп жатқан жоқ па?!  

Ыбырай жолын қуған Ғазымбек те «Шетке оқушылар жіберу, оқуға жұмылу керек», 

«Ел шаруасының қамы» [6]. «Біздің жұмыстардың бірі» [5], «Қазір əдіс» [4], «Індет» [7], тағы 

да  басқа  мақалаларында  оқу-ағарту  ісі,  ғылым  артықшылығы,  өнер  жайында  ой  толғап, 

халықты білімге шақырады. 

«Елден шетке кетіп жүр» деп жоғарыдағы жырда айтылғандай, Ғазымбек Бірімжанов 

Германияда  оқыған (1922-1928 жылдары – С.О.).  Ауылда  өскен,  шетел  тілін  меңгермеген 

жастың  Германияда  оқып,  білім алуы  оның  аса  зеректігін,  еңбекқорлығын  байқатады. 1930 

жылы атуға бұйырылып, ол жаза келесі жылы Сібірге айдауға ауыстырылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет