Емтихан билет №5 Одағай,оның сөйлемдегі мәні мен қызметі. Жіктелуі, тыныс белгілері. Одағай


Сөйлемге грамматикалық талдау жасаңыз



бет2/8
Дата18.06.2023
өлшемі30,34 Kb.
#102038
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 5465250033374867677

3.Сөйлемге грамматикалық талдау жасаңыз.
Уақыт-қолымыздағы бардың ішіндегі әрі арзаны, әрі нағыз қымбаты, себебі нені болса да уақыт арқылы аламыз.
АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

ЕМТИХАН БИЛЕТ №6


1.Тұрлаусыз мүшелер, қызметіне қарай түрлері. Толықтауыш, оның түрлері.
Тұрлаусыз мүшелер- сөйлемдегі ойды толықтыратын мүшелер. Оның түрлері: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Толықтауыш-сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің мағынасын толықтырып, сөйлемді әрі қарай кеңітетін мүшені айтады. Толықтауыш іс-оқиғаның заттық мағына жағынан сипаттайды.Толықтауыш болатын сөз табыс,барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктердің сұрақтарына (кімді?нені?кімге?неге?кімде?кіммен?немен?)жауап береді.
Түрлері: құрылысына қарай 3-ке бөлінеді: Дара толық.- дара сөзден жасалады. Мыс: менде доп бар.Күрделі толық.-күрделі сөз, тұрақты тіркес,үйірлі мүш. жасалады. Мыс: Олар аттардың он екісін таңдап алды.Үйірлі толық.- (баст-баянд) үйірлі мүшеден тұратын толықтауыш. Мыс:досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас.
Мағынасына қарай: Тура толық. -табыс септіктегі сөздер және «туралы,жөнінде,жайында»шылауларымен тіркесіп келетін сөздер. Жанама толық.-барыс, жатыс,шығыс, көмектес сеп. сөздер.
2. Оқу сабақтарының мақсаты, міндеттері, маңызы.
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. «Қазақ тілі» пәнін оқытудың міндеттері:
- шығармашылықпен жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
- қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
- сөз тіркестерін және жай сөйлемдер құру, сол сияқты айтылым дағдылары негізінде
қазақша ойлау дағдыларын қалыптастыру;
- қазақ тілінде меңгерген білім, білік дағдыларына сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түсуге үйрету;
- тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту.

3.Қазақ тілі. 4-сынып.67-бет. Жаңа материалды игерту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді атаңыз.


Жаңа материалды игерту барысында жеке және жұптық тапсырмалар берілген. Салыстыр,талдау-жинақтау әдіс-тәсілдері қолданылады.
АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ЕМТИХАН БИЛЕТ №7
1.Еліктеуіш сөз, оның түрлері. Еліктеуіштің морфологиялық сипаты.
Еліктеу сөздер – айналадағы, табиғаттағы түрлі дыбыстарға, құбылыстарға, қимыл-әрекеттерге және солардың бейнелеріне еліктеуден туған сөздер. Мысалы: жалт-жұлт етеді, сарт ете түсті, арбаң-арбаң етіп, күлмің-күлмің етті, шіңк-шіңк етті.
Еліктеу сөздер мағынасы жағынан екіге бөлінеді: еліктеуіштер, бейнелеуіштер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет