2 .Әдебиеттік оқу сабақтарында критериалды бағалау. Критериалды бағалау - оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ).
Қалыптастырушы бағалау- күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Жиынтық бағалау-оқу бағдарламасының бөлімдерін/ ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
3.Сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз. Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. (Ы.Алтынсарин)
АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ЕМТИХАН БИЛЕТ №9
1.Буын.Буын сипаты. Түрлері.Тасымал. Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буын деп аталады.Дауыстыдыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыздыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын. 1.Бір дауысты дыбыстан құралған жәнедауыссыз дыбыстанбасталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла.
А) Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.
2.Тұйық буын дауысты дыбыстанбасталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, 3.Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқааяқталған, яғни ортасы дауыстыдыбысекі шеті дауыссыз дыбысболып келген буын бітеубуын деп аталады. Мысалы, бұлт, жер, қант, той. Тасымал- сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынның келесі жолға бөлініп жазылуы.