2.Фразеологиялық бірлік. Бұлар да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда, құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы я болмаса тасаланбауы жағынан елеулі өзгешіліктері болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мысалы, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз.
3. Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян жүрек,көк жұлын,аш бүйір т.д.
2.Бөлім бойынша жиынтық бағалау. Бөлім бойынша жиынтық бағалау әр тоқсанда мұғалім 2-3 рет өткізілетін бағалау. Бөлім бойынша жиынтық бағалау кезінде барлық тапсырмалар дескрипторларға сәйкес (тапсырманы орындауы барысында қадамдарын сипаттау) немесе тоқсандық жиынтық бағалау кезінде балл қою кестесіне сәйкес тексеріледі. Аталған бағалауды сабақта 15-20 минуттан артық емес уақытта ұйымдастыру ұсынылады. Оқу бағдарламасындағы бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін тапсырмаларды оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес мұғалім өзі құрастырады.
3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Мінез әркімнің өзі көздеген мақсаттарына жету жолындағы жігерлі талпынысынан тұрады. (И.Гете)