Емтихан билет №5 Одағай,оның сөйлемдегі мәні мен қызметі. Жіктелуі, тыныс белгілері. Одағай



бет3/8
Дата18.06.2023
өлшемі30,34 Kb.
#102038
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 5465250033374867677

Еліктеуіш сөздер – табиғаттағы, төңіректегі түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сөздер. Еліктеуіш сөздер көбінесе ет көмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: сарт-сұрт ете қалды, гүрс ете түсті, жымың-жымың етеді, жарқ ете қалды, т.б.
Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеу нәтижесінде жасалатын сөздер. Мысалы: жалт қарады, маң-маң басады, желп-желп етеді, жарқ-жарқ етті.
Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі түбір болып бөлінеді.
1. Негізгі еліктеу сөздерге түбір сөздер жатады: дүңк, тырс, дік, жылт, шаңқ, қарқ, дүрс, арс, шарт, пыр, шиқ, жалп, жарқ, шіңк, бүлк, тарс, қиқ, т.б.
2. Туынды еліктеу сөздер -аң, -ең, -ың, -ің, -ң жұрнақтары арқылы жасалады: балп-аң, елп-ең, жылт-ың, кілт-ің, жайна-ң, қиқ-аң, т.б.
3. Күрделі еліктеу сөздер қайталану: бүрсең-бүрсең, дүр-дүр, гүрс-гүрс, жалп-жалп, т.б; қосарлану: арбаң-ербең, адыраң-едірең, шап-шұп арқылы жасалады.
(Еліктеуіштің морфологиялық сипаты.)Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары жасалады:
1. Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақтар:
-ыл, -іл, -л – тарс-ыл, сарт-ыл т.б.
-ақ, -ек – бұлт-ақ, бүлк-ек, т.б.
-ғыр, -гір – даң-ғыр, дүң-гір, т.б.
2. Еліктеу сөзден етістік жасайтын жұрнақтар:
-ыра, -іре – салб-ыра, үлб-іре, т.б.​​​​​​​
-ла, -ле – дабыр-ла, күбір-ле, т.б.​​​​​​​
-да, -де – қоқаң-да, ербең-де, т.б.​​​​​​​
Еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады. Еліктеу сөздер көмекші етістікпен тіркескенде, күрделі баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Аспанда самсаған жұлдыздар дір-дір етеді. Кенет артына жалт қарады. Дір-дір етеді, жалт қарады – қайтті? – баяндауыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет