Емтихан билет №5 Одағай,оның сөйлемдегі мәні мен қызметі. Жіктелуі, тыныс белгілері. Одағай



бет1/8
Дата18.06.2023
өлшемі30,34 Kb.
#102038
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 5465250033374867677


АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ЕМТИХАН БИЛЕТ №5
1.Одағай,оның сөйлемдегі мәні мен қызметі.Жіктелуі, тыныс белгілері. Одағай- толық мағынасы жоқ, адамның әртүрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз. Одағайда дербес лексикалық мағ. болмайды, басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді және де сөйлем мүшесі бола алмайды.
Мағынасына қарай 3-ке бөлінеді: Көңіл-күй од.;Жекіру од.;Шақыру од.
Көңіл-күй одағайы- адамның қуану,шаттану,ренжу,өкіну,шошыну секілді түрлі көңіл-күйді білдіретін сөздер. Мыс: алақай,қап,пай-пай,әттең т.б
Жекіру од- тыйым салу мәніндегі сөздер. Мыс: тәйт, жә,тек.
Шақыру од- малды, ит-құсты шақыруға не қууға байланысты айтылатын сөздер. Мыс:шөре-шөре, кә-кә, әукім-әукім.
Одағайдың тыныс белгілері. Одағай сөз сөйлемнің басында, ортасында, соңында да келе береді. Егер од. сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір не\се леп белгісі қойылады.Мыс: Пәлі, сол да сөз боп па?! Егер ортасында келсе , оның екі жағынан үтір қойылады. Мыс: Туған жерімнің ауасы, шіркін,тап-таза ғой! Соңында келсе, одан бұрын үтір қойылады. Мыс: Қолыңдағыңдағыны бере салмайсын ба, бәсе!
2.Жазу дағдыларын жетілдіру, жазу сапасына қойылатын талаптар.
Осы уақытқа дейін жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі (элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді жалғастырып жазу кезеңі) бары, сол кезеңдерге қойылатын талаптарды орындауға төселдіру қажеттілігі және мұның бәрі өте күрделі процес болып табылады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
а)әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;
б)әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай,сәл көлбете (45) жазу;
в)әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;
г)бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет