Емтихан билет №5 Одағай,оның сөйлемдегі мәні мен қызметі. Жіктелуі, тыныс белгілері. Одағай



бет4/8
Дата18.06.2023
өлшемі30,34 Kb.
#102038
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 5465250033374867677

Еліктеу сөздер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады. Мысалы, Жарқ-жұрқтан көзің талып, даң-дұңнан құлақ тұнады. Жарқ-жұрқтан, даң-дұңнан – неден? – толықтауыш.
Қосарланудан және қайталанудан жасалған еліктеу сөздер дефис арқылы жазылады. Мысалы, қарш-қарш, сарт-сарт, опыр-топыр т.б.​​​​​​​


2.Диктант,оның түрлері мен жүргізу жолдары.
Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Осы жұмысты ала отырып, емлелік, пунктуациялық қателермен жұмыс жасап, оқушының білімін толықтырып отыру қажет.
Терме диктанты - мәтін ішінен өтілген ережеге сай сөздер мен сөз тізбектерін немесе жеке сөйлемдерді теріп жазады. Терме диктант фонетика, грамматиканы пысықтау үшін өте қажет. Оқушының ақыл- ойын дамытуға көмектеседі.
Өзіндік диктант -бұрыннан белгілі бір мәтінді жазу үшін қолданылады. Бұл сын жұмысты жазу оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.
Бақылау диктанты әр сыныпта жылына 5 рет алынады. Тоқсан сайын 1 реттен және оқу жылының қорытындысы бойынша 1рет.
Көру диктанты - оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі.
Суретті диктант - берілген суретке қарап атын жазу (заттың) немесе суретке байланысты сөйлем құрау.
Сөздік диктант - сабақтың кез келген кезеңіндежүргізіледі. Сөздік диктантына оқушыларға фонетикалық тұрғыда қиындық туғызып жүрген сөздер, не болмаса жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздер, өтілген жаңа сөздер жазылады.
Графикалық диктант - мұнда сөйлемнің не сөздің сызбалары беріледі. Сол сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырылып жазылады.
Шығармашылық диктант - басқа диктанттардан ерекшелігі – оқушыларды ойлауға ұмтылдырады. Бұл диктантты орындау барысында оқушылар шығармашылық еңбекке үйренеді. Мұнда оқушылар сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, тірек сөздер арқылы әңгіме құрау, сұраққа жауап бере отырып сөйлем құрау сияқты жұмыстар жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет