Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам



бет28/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
СӨЗЖАСАМ дайын билеттер

Эмоциялық мағына

Адамның эмоция әсерінен жасалатын дене қозғалысы мен түрлі қарекеті де тілде мүмкіндігінше көрініс табады. Бұл қимыл-қозғалыстар, түрлі әрекеттер тек белгілі бір эмоцияға ғана тән болуы да немесе әр түрлі эмоция кезінде жасалуы да мүмкін. Оның барлығы жағдаятқа байланысты анықталады. Мәселен, ызаланған адам бір затты лақтырып жіберуі, екінші адаммен төбелесуі мүмкін, керісінше теріс айналып кетіп қалуы да мүмкін. Сондай-ақ, қорыққан адам қаша жөнелуі немесе сол тұрған орнынан қозғалмауы да мүмкін. Төмендегі мысалдардан адамның түрлі дене-қимылдары мен ым-ишараттарының адамның ішкі ойын, сезімін, түрлі эмоциясын жеткізіп тұрғандығын байқауға болады. 1. Шәріп ешкі құйрық сақалын тұтамдап, әйеліне қарап басын біраз изеңдетті. «Көріп отырсың ба?» дегендей (С. Елубаев) – ержетіп келе жатқан баласының өзіне дауыс көтергенін көтере алмай, жақтырмай, оған әйелін де кінәлі көріп отырған адамын қимылы.
3. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.
Aтa-бaбaлapымыз дүниені төpт бұpыш деп түcініп әpі бұpышқa өзіндік cимволдық pеңк-түc беpген. Aтaп aйтқaндa, шығыc - көк түc, оңтүcтік - қызыл түc, cолтүcтік - қapa түc, бaтыc - aқ түc деген күн aйнaлымынa негізделген этномәдени дүниетaным.


Емтихан билеті № 15

  1. Аналитикалық тісіл арқылы туынды сөздіжасаушы бірліктер

Семантика-аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
Бір-екі буынды сөздермен салыстырғанда, аналитикалық жолмен жасалған туынды атауларда (тұрақты тіркестерде) ұлттық танымның сипаты айқын көрінеді. Жалпы мағынаның жіктелуінен жеке мағына туындағанда, жалпының негізгі белгілік мәні жекеге көшеді де, атаудың номинативтік мағынасында сақталады. Атау заттың қасиет-белгісінің бар мәнін ашпайды, ерекше белгісін айқындайды. Жеке мағыналы атаулар өздерінің негізгі, өзек мағыналары арқылы жүйеленіп, бір семантикалық өрісті құрайды. Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты. Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар: Сөзжасамдық тұлға, Сөзжасамдық ұя, Сөзжасамдық мағына, Сөзжасамдық үлгі, Сөзжасамдық қалып, Сөзжасамдық тізбек, Сөзжасамдық жұп, Сөзжасамдық саты, Сөзжасамдық тарам, Сөзжасамдық байланыс. Сөзжасамдық тұлғалардың бір-бірімен түрлі тәсілдер негізінде бірігуі, қосарлануы, жалғануының өзіндік ішкі заңдылығы болады, ол сөздердің синтагматикалық байланысу жүйесі негізінде іске асады. Әрбір Сөзжасамдық тұлға кез келген Сөзжасамдық тұлғамен жалғанып не қосарланып кете алмайды. Сөзжасамдық тұлғалардың жаңа мағына жасауы – күрделі процесс.
Туынды сөздің екінші мағынасы құрамындағы негіз сөздердің мағынасы арқылы жасалғанымен, оның мағынасы толық қамтылмайды, тек өзі таңбалайтын денотат не сигнификаттың белгісі мен қасиетіне қатысты семаны алып, метафоралану немесе ауыспалылық яки фразеология мән алу арқылы өзінің ерекше семасын қалыптастырады. Туынды сөздің екіншілік мағынасы негіз сөздердің тура мағынасы не ауыспалы мағынасы арқылы метафоралануы мүмкін. Мысалы, ақ алмас, ақ бата, ақ пейіл, ақберен, аққұлақ, аққұман, ақорда, ақөлең, ақсауыт, ақ сүтін кешті, ақтабан шұбырынды, ақтұйғын, ақ тілек, т.б. туынды сөздердің мағыналары ақ сөзінің өзек семасы арқылы негізделіп, ауыспалы мәнге ие болған. Туынды сөздердің құрамындағы мағыналық реңді айқындау үшін оларды денотаттық(заттық), сигнификаттық (ұғымдық), коннатациялық (бейнелік) ұғымды білдіретін атаулар деп бөледі. Фразеологизмдердің қалыптасуында ұлттық негіз басым, сөз тіркесінің жасалуында семантикалық негіз бар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет