Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам



бет26/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Емтихан билеті № 13

  1. Сөзжасамдық жұп

Сөзжасамдық ұяның ең кіші мүшесі сөзжасамдық жұп, ал сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектен орын алады Яғни сөзжасамдық тізбек те сөзжасамдық ұяның негізгі мүшесі. Сөзжасамдық тізбектің мүшелері сөзжасамдық саты арқылы өсіп, көбейіп отыра-ды, сондықтан сөзжасамдық сатысыз сөзжасамдық тізбек, яғни сөзжасамдық ұя болмайды Ал ұядағы сөзжасамдық тізбектің саны сөзжасамдық тарам (парадигма) арқылы көбейеді, өседі. Олай болса, сөзжасамдық тарам да - сөзжасамдық ұяның құрылымына жататын негізгі мүше. Міне, сөзжасамдық ұяның осы мүшелері оның құрылымын құрайды, сөзжа-самдық ұяның жүйесін жасайды. Осы мүшелерсіз сөзжасамдық ұя болуы мүмкін емес.
Ал сөзжасамдық ұяның мүшелерінің ешқайсысы кез-келген орында, бірде олай, бірде бұлай сөзжасамдық ұяда орналаса алмайды. Олардың қалыптасқан тәртібі бар, сөзжасам-дық ұяда ол тәртіп сақталады. Сондықтан да сөзжасамдық ұяның белгілі құрылымы бар, оны құрайтын тұрақты мүшелері бар, ол мүшелер сөзжасамдық ұяда белгілі бір тәртіпте орналасады, және олар бір-бірімен байланысты, бұл оның жүйелі құбылыс екенін көрсе-теді.

  1. Парадигмалық мағына

М. Оразов сөз мағыналарын тілдік мағына және бейнелік мағына деп бөлген. Тілдік мағынаға синтагмалық мағына мен бейнелік мағынаны жатқызса, бейнелік мағынаға заттық мағынаны, ұғымдық мағынаны, эмоциялық мағынаны жатқызған.
Парадигма деп - тілдік бірліктің тілдік система элементі ретінде бір-біріне сыбайлас не қарсы келетін қасиеттерімен адам санасында жинақтаған, яғни тіл элементтерінің сол тілді пайдаланушы адамның санасында жинақталуын айтамыз.(Ахманова 66,310). Демек парадигма тек сөздер аралығында ғана болмай, тілдің барлық элементтері арасынла болады. Сондықтан да дыбыстардың парадигмасы, морфемалардың парадигмасы, сөздердің парадигмасы, сөйлемдердің парадигмасы деген бар. Олардың әрқайсысының өз қызметі, өз қасиеттері бар. Лексикалық мағынамен байланысты парадигма семантикалық парадигма деп аталынады да, сөздер аралығында болады.
Тілдік мағынаны анықтайтын парадигмалық байланыстың бір түрі - ұштас мағыналы сөздер аралығында болады.Бұл синонимдік, антонимдік байланыстарға қарағанда кең таралған, көп сөздердің ара қатынасын қамтитын семантикалық құбылыс. Бірақ түркі тілінде күні бүгінге дейін ұштас мәнді сөздерге талдау жасалынбаған, олардың өзіндік еркшеліктерін белгілейтін принциптері анықталынбаған. Қазірге анығы - ұштас мағыналы сөздер синонимдермен, антонимдермен біргебір лексико-семантикалық, тематикалық топтардың арасында ғана өмір сүреді. Соңғы екеуінен ұштас мағыналы сөздердің айырмашылығы - олар өзара бір не екі мағыналық элементтері арқылы байланысып жатады. Ұштас мағыналы сөздердің құрамында бір тектессөздердің тіркесін талап еткенімен, синоним сөздердей бірінің орнына бірі қолданылып, мағынасы жағынан кең түсіп жатпайды. Сондай-ақ бірі екіншісінің мағынасын жоққа шығармайды. Олар бір тектес зат не ұғым арасында ғана өмір сүреді. Сондықтан да Ф,П.Филин антонимдерге «бір құбылыстың қарама-қарсы қасиетін көрсететін мағынаға ие болған сөздер» деп анықтама берген, ал синонимдерге «бір ұғымды түрлі жақтан қарап көрсететін мағынасы жақын сөздер» деп анықтама берген. Ал ұштас мағынада сөздер аралығында мұндай мағыналық сәйкес келу де, жоққа шығару да болмайды, тек олар бірін-бірі мағына жағынан толықтырып қолданылатын екі түрлі мағыналы сөздер. Мысалы, қызыл, сары, көк, қара, т.б. сөздер өзара синоним де антоним де емес. Олардың бастарын қосып, мағыналарын байланыстырып тұрған заттың түсін білдіретін сема ғана.
Семантикалық парадигма дегенде біз белгілі бір топтағы сөздердің өзара мағыналық жақындығымен, сыбайластығымен байланысты топтастырылып, араларындағы семантикалық байланысты белгілеуді айтамыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет