Синтагмалық мағына. Сөз мағынасын қалыптастыруда парадигмалық мағынамен қатар синтагмалық мағына да үлкен қызмет атқарады. Сөйлеу не жазу кезінде сөздердің бірінен кейін екіншісінің келіп байланысуынан синтагмалық қатынастар пайда болады. Парадигмалық қатынас бір деңгейдегі тіл элементтерінің арасында (бірыңғай зат есім, не бірыңғай сын есім) болса, синтагмалық катынас әр текті тіл элементтері (зат есім,сын есім, етістік сс.) арасында ұшырасады. Синтагмалық мағына да парадигмалық мағына сияқты өздігінен өмір сүреді. Айтушы да, тыңдаушы да, күнделікті дағды бойынша, оның түп-төркініне қарамай, қолдана береді. Синтагмалық мағына тіркеске түсе алатын сөздердің барлығында да болады. Алайда ол арнайы ғылыми талдау жасалмаса, байқала бермейді, аңғарылмайды, парадигмалық мағына сияқты айқын көрінбейді.
Сөздер қатынас құралы болуы үшін синтагмалық қарым-қатынасқа түскенде қалай болса солай тіркесе салмайды, бір-бірімен әрі грамматикалық, әрі семантикалық жағынан тығыз байланысады. Басқаша айтқанда, олар грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаға арқа сүйейді. Бір-бірімен өзара байланысқа түсуі үшін сөздердің мағыналық құрамында бір семаның сәйкес келуі, яки ортақ болуы шарт. Бұл шарт сақталмаса, синтагмалық қатынас жасалмайды
Тілде мынадай заңдылық бар. Қашанда синтагмалық тіркес құраған сөздердің бірі екіншісінен мағыналық жағынан басымдау болады. Ол өзімен байланысқа түскен сөздің өзіне мағыналық жағынан сәйкес келуін, үйлесуін талап етеді. Синтагмаға тірек бола алатын сөз тіл білімінде өзекті сөз деп аталады. (мысалы түсінікті болу үшін фамилияны алайық). Сөйлем құрастырғанда өзекті сөз басты қызмет атқарады. Ол өз төңірегіне мағынасы үйлес, ортақ сөздерді топтастырады, жинақтайды. Өзекті сөз болу міндетін негізінен етістік атқарады. Өзге сөз таптарында мұндай сипат әлсіз.
3. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса. «Жетісуда жігіттің бесқасқа жүгені болса, алты өрім қамшысы болса, сәні келеді» деп жатады, сондықтан кез келген бозбала, жігіт ағасы жақсы ерұрманмен қатар әдемі қамшы ұстағанды ұнатады.