Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса



бет27/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Байланысты:
СӨЗЖАСАМ дайын билеттер

Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.

Құрт –Ұлы даланың мұңы мен зарын көрген, қуанышы мен жұбанышы болған ерекше тағам.


Емтихан билеті № 14

  1. Зат есімнің субстансивтенуі

Субстантивтену деп сөз мағынасының заттануын, заттық тиянақтылық алуын айтады. Қазақ тілінде сөз таптарының субстантивтену дәрежесі бірдей емес. Мысалы, Аттыға еріп жаяудың таңы айырылыпты; Бөріктінің намысы бір; Көп қорқытады, терең батырады т.б. Осындағы жаяу, бөрікті, көп, терең сын есімдері субстантивтеніп тұр. Жалпыхалықтық сипаттағы субстантивтердің біріне -лар/лер, -дар/дер, -тар/тер көптік жалғауы жатады. Қазақ тілінде зат есімнен өзге сөз таптарының бәрі субстантивтенеді, көптеледі. Субстантивтену деп әдетте сөз мағынасының заттануын, заттық тиянақтылық алуын айтады. Егер зат есім емес сөз не септелуге келсе, не тәуелденуге жараса, не көптік жалғауын қабылдай алса, онда бұл оның субстантивтенуге жарамдылығын көрсетеді. Демек субстанивтенудің бірден бір белгісі – зат есім емес сөздердің жоғарыдағы жалғаулардың бірін қабылдауға қабілеттігі. Зат есім сөздер тілде белгілі мағынасының үстіне басқа мағына қосып алып, екі кейде одан көп сөздің мағынасын беріп, қызметін атқару лексика- семантикалық сөзжасамға жатады. Жұма – бір күннің аты, жұма – бір жетінің аты, тәсіл – айла мағынасындатәсіл – ғылымындағы термин, түбір – ағаштың түбірі, түбір – термин. Сондай- ақ зат есімнен басқа сөз таптарының сөз құрамын өзгертпей заттанып, зат есімге көшуі де зат есімнің семантикалық тәсіл арқылы жасалуына жатады (жетісін беру, ыстығы үлкен, ыстық тамақ, ақ молайды, туысы көп, шығысы артты, айтысқа түсті, жарыста жеңді).Зат есімдерді өздерінің жасалу тәсілдеріне қарай үш түрге бөліп қарауға болады: туынды (жалаң) зат есім, күрделі зат есім және субстантив зат есім. Туынды зат есімдер жұрнақтық (морфологиялық) тәсілмен, күрделі зат есімдер аналитикалық (синтаксистік) тәсілмен, ал субстантив зат есімдер семантикалық тәсілмен жасалады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет