Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.
Қазақ тұрмысында қонақ түскен үйдің дастарханы әрдайым мол, берекелі болуы керек. Бұл – Ұлы даланың жазылмаған заңы. Қонақ алдымен қабағыңа қарайды, содан кейін табағыңа қарайды», -деген халық нақылы да бар.
Емтихан билеті № 22 Модификацияланған мағына
Түрлендірілген сөзжасамддық мағынаданегіз сөздің лексикалық мағынасы өзгермей сақталып, оның мағынасының үстіне түрлі мағына қосылады. М., кітап - кітапша (кіші-рейту мәні), аға - ағатай (жақсы көру мәні ), бел - белес (кішірейту мәні), жеңеше – жеңе-шетай (жақсы көру мәні қосылған), өзен - өзенсымақ (қомсыну мәні), Абай - Абайжан (жақсы көру, еркелету мәні), он - ондаған (болжал мәні), жеті - жетеу (жинақтау мәні), сегіз -сегізінші (реттік мән қосылған). Түрлендірілген сөзжасамдық мағына зат есім, сан есім, сын есім сөзжасамында біраз орын алады. Зат есімде бұлар реңк мәнді туындылар аталады. Зат есімде түрлендірілген мағыналы туынды зат есім жасайтын жиырма шақты жұрнақ бар.
Бір сөз табына жататын сөздерге жалғанған бір түрлі жұрнақ арқылы олардың бәрінде ортақ бір мағына жасалса, ол сөзжасамдық тип деп аталады.
Сөздің лексикалық мағынасының түрлері
Сөздердің беріп тұратын негізгі ұғымы лексикалық мағына, ал сөздердің сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына болып табылады. Лексикалық мағына — сөздерді бір бірінен ажырытып танудағы ең негізгі мағына,ол арқылы сөз жеке даралық қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс,әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. 1950ж. В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді:
1) тура немесе номинативті мағына
2) фразеологиялық байлаулы мағына
3) синтаксистік шартты мағына.
Сөздің негізгі мағынасы — айтушы мен тыңдаушыға ортақ нақты заттық ұғымды білдіретін мағына. Сөздің тұрақты мағынасы- сөзді контекстен бөліп алып ешбір тіркессіз, өзіне арнулы негізгі мағынамен бірге тұрақты мағынасы айқындалып тұрады. Сөздің нақты және абстракты мағынасы — Бір сөзге берілген түпкі атауы – нақты мағына болса, сол сөздің жалпылама ұғымды білдіруі абстракт мағына болып табылады. Сөз мағынасы әуел баста көп болмаса да, бертін келе дамып, молайып отырған. Бір сөздің уақыт өте келе әр қолданыс сапасына қарай, әр түрлі себептермен әр заттың не құбылыстың атауы болып жұмсалуы заттың контекстік мағынасы болады. Сөздің әуел баста берілген және нақ сол зат атауын білдіретін мағынасы – тура мағына болып табылады. Ал сөздердің негізгі мағынасынан дамып,соған ұқсатыла айтылатын, сәл ауытқи қолданылатын сөз мағынасы ауыс мағына.