Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам



бет35/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Бейнелі мағына - адамның сезімі мен көңіл күйіне байланысты айтылатын эмоционалды сөздердің мағыналары жатады. Олар стилистикалық бояма мағына деп те аталады. Мысалы: тамаша, шіркін, қалш-қалш, шілтию, тылтию, жалпию және т.б.

  1. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.

Біздің заманымыздан бұрынғы бес жүз жыл бұрын Ұлы Далаға табан тіреген әйгілі грек тарихшы Геродоттың сақтар жайлы сипаттауындағы: «Сақтар хаома атты сусынын ішіп, отты айнала отырып, екі шекті аспаптарында ойнап ән салады», - деген жолдар қазіргі қазақтың қымызы мен домбырасы емес деп кім айтар?
Емтихан билеті № 20

  1. Сөзжасамдық ұяның негізгі мүшелері

Ғылымда сөзжасамдық мағына туралы ғалымдар пікірі де түрліше. Оларды ғалымдар екіге топтастырып қарап жүр. Олар: жиынтық мағына (суммарное значение), айырма мағына (разностное значение). Сөзжасамдық айырма мағына деп негіз сөз бен одан жасалған туынды сөздің арасындағы мағыналық айырмашылық аталады.
Жиынтық мағына деген бағыттағы ғалымдар сөзжасамдық мағына деп негіз сөз бен жұрнақтың мағынасының қосындысынан шыққан мағынаны атайды.
Туынды сөздің құрамындағы тұлғалар оның мағынасын жасаушылар болғандықтан, оларсыз туынды мағынаны анықтау мүмкін емес. Бірақ туынды сөздің мағынасын негіз сөзбен салыстыру арқылы да дәлелдеуге болады, өйткені салыстыру туынды сөздің мағынасы негіз сөзден басқа екенін көрсетеді, немесе негіз сөзден туынды сөздің мағынасында қандай болса да, бір өзгешелік барын көрсетеді. Сол мағыналық ерекшелік туынды сөздің мағынасы болып табылады
Негіз сөз жасалатын туынды сөздің лексикалық мағынасына өзек болады. Осымен байланысты туынды мағына негіз сөздің мағынасымен байланысты болып шығады. Мысалы, балтала, карала, жаксыла, тазала деген туынды етістіктер балта, қара, жақсы, таза деген есім сөздердің туынды сөзге негіз болуы арқылы жасалған. Осы туынды сөздердің бәрінің мағынасы негіз сөздердің мағынасымен байланысты: балтала - балта арқылы жасалатын қимылдың аты, қарала - қараға айналдыру қимылының аты, жақсыла - жақсыға айналдыру қиылының аты, тазала - тазаға айналдыру қимылының аты. Бұлар - бір сөзжасамдық тип арқылы жасалған туынды сөздер. Сондықтан мұндағы жұрнақ -ла есім сөздерге қимыл мағынасын қосып, есім сөздерден етістік жасаған яғни туынды сөздер негіз сөздерден басқа сөз табының сөзіне айналған, олардың сөз табы категориясы өзгерген.
Сөзжасамдық ұяда мағыналық байланыссыз сөз болмайды. Ол мағыналық байланыс сөзжасамдық ұядағы негіз сөзге, әр жұптағы негіз сөзге сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің біріне-бірі негіз болып, негіз сөз бен негізді сөзден құралуына байланысты. Бұл мағына негізділігінің мағына байланыстылығын туғызуына тікелей қатысты.
Бұл жұрнақтың жалпы ерекшелігі. Жұрнақтардың әрқайсысының әр сөз табына телулі болуы олардың мағынасымен байланысты. Негіз сөзге жұрнақ қосылғанда, оған жұрнақ өз мағынасын үстейді де, оны өз сөз табының категориясына не оның ішкі ерекшелігіне көшіреді. Жұрнақ беретін мағына негіз сөздің туынды мағынаға қатысы арқылы жүзеге асады, негіз сөздің мағынасына сүйенбей, туынды мағына жасалмайды.
Туынды сөз мағынасы қай тәсілмен жасалса да, онда мағына негізділігі, заңдылығы сақталады. Туынды сөздің мағына негізділігі аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздерге де қатысты. Күрделі сөздердің туынды мағынасы оның құрамындағы лексикалық мағыналы сыңарлардың мағынасының негізінде жасалады. М., онкүндік, шекара, орынба-сар сияқты күрделі сөздердің қазіргі мағынасы олар жасалған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет